Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Майдакөл ауылы
№98 орта мектебі
бастауыш сынып мұғалімі
Жұмағали Зоя Өмірзаққызы
«Сөз мерген» сайысы
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен көрермендер және сайысқа қатысушы сайыскерлер!
«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған ана тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды ұмыту»,- деп Б. Момышұлы айтқандай, ана тілімізді ұмытпай, құрметтеу – біздің ең басты парызымыз.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар – деп ақын Дихан Әбілов жырлағандай, туған тіліміздің құдіретін, қадір-қасиетін бүгінгі сайысымызда көрсетеміз деген ойдамыз.
Құрметті ұстаздар мен сайыскерлер бүгінгі сайысымыздың негізгі мақсаты:сөзді дұрыс қолданып, орынды жұмсау. Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін, ынтасын арттыру. Тіл туралы ұлы адамдардың айтқанын өмірде қолдана білуге үйрету. Сөйлеу этикасын меңгеруге тәриелеу.