БҚО, Атырау қаласы№17 мектеп-лицей
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Габдижалел Арайлым Габдижалеловна
Сабақтың тақырыбы: Достық
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тақырып бойынша сөздік қорын молайту. Мәтінмен жұмыс істеу, сұраққа дұрыс жауап беру, ауызекі сөйлеу дағдыларын жеткізу.
Сабақтың міндеті: Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, ой — өрістерін арттыру. Оқушылардың лексикасын байыту, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Оқушыларды достыққа, татулыққа және бір-біріне деген сүйіспеншілікке баулу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс — тәсілдері: сұрақ — жауап, әңгімелеу.
Сабақтың формасы: жалпысыныптық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, кеспе қағаздар, сюжетті суреттер, кесте, интерактивті тақта, мультфильм.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі.
Сабақтың ұраны : «Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды».
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
2. Түгендеу.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Жазу дәптері, 2 – тапсырма, 8 бет.
2. ң әріпін қайталау, мысалдар келтіру.
3. Жаңа сөздерді еске түсіру.
III. Сөздікпен жұмыс.
1. достық – дружба
2. қайда тұрады? – где живет?
3. алғыс – благодарность
4. құрбы – подруга
5. дос — друг
ІІІ. Жаңа сабақ.
Тақырыпты ашу үшін, интерактивті тақта арқылы мультфильм көрсету.
— Балалар, бұл мультфильм не туралы?
— Кімдерді көріп тұрмыз?
— Аю қандай аң?
— Маша қандай қыз?
— Олар кімдер?
Бүгінгі тақырыбымыз, «Достық» деп аталады.
IV. Мәтінмен жұмыс.
Мәтінді оқып, аударыңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер.
Менің досым.
Менің досымның аты – Құрмаш. Екеуіміз бір сыныпта оқимыз. Бүгін Құрмаш мектепке келмеді. Сабақтан соң мен досымның үйіне бардым. Ол ауырып қалыпты. Досым маған қатты қуанды. Мен оған бүгінгі тақырыпты түсіндірдім. Досыммен бірге үй тапсырмасын орындадық. Ол маған алғыс айтты.
V. Сұрақ-жауап.
1. Құрмаш қайда келмеді?
2. Сабақтан соң досы кімнің үйіне барды?
3. Оған не болды?
4. Олар бірге не орындады?
5. Олар қандай достар?
VI. Жаттығу жұмысы.
Сөйлемдерді оқы, толықтырып жаз.
Дананың досы (есть). (Её) аты – Анар. Анар (…) сыныпта оқиды. Екеуі сабаққа (вместе) барады. Олар сабақты (хорошо) оқиды. Анар – ақылды (девочка). Дана мен Анар – (подруги).
VII. Сөзжұмбақ шешу.
«Достық» туралы сөзжұмбақты шешу.
VII. Оқулықпен жұмыс.
1 — тапсырма. Өлеңді оқы.
Достық
Ортақ мекен – Жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
Туыспыз біз бәріміз,
Біз отанды сүйеміз.
Бақытты елде туған соң,
Бақытты өмір сүреміз.
(Е.Елубаев)
VIII. Сурет салу.
Оқушыларға парақша үлестіріледі. Әркім өз достарының суретін салады. Тақтаға іледі.
IX. Бағалау.
Сабаққа жақсы атсалысқан оқушыларды бағалау.
X. Үй тапсырмасы.
1 – тапсырма, 22 бет. «Достық» өлеңін жатқа айту.