Бастауыш сынып

Жануарлардың сан алуандығы. Орамжапырақ көбелегі. Бал арасы

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин селосы
Абай атындағы орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі
Нысанова Ақжамал Меллятқызы

Пәні:  Дүниетану  Сыныбы: 3 – сынып

Тақырыбы:  Жануарлардың  сан  алуандығы. Орамжапырақ  көбелегі. Бал арасы.

Мақсаты: 1.Жануарлардың  сан  түрлілігі  туралы  оқушыларға  ғылыми  негізі  бар  түсінік  қалыптастыру. Кейбір  бунақ  денелілердің  ерекшеліктерін  жобалау, зерттеу әдістері  бойынша  ерекшеліктерін анықтап,  оқушыларға  жеткізу;

2. Өмір тәжірибесінен білетіндері мен сурет арқылы алған түсінік  ұғымдарын сабақтастырып сөйлеуге дағдыландыру, тілдік қорын,  шығармашылық, танымдық  қабілеттерін, сөйлеу қорларын дамыту;

3.Табиғатты сүюге, жануарларды қорғауға баулу.

Сабақ  барысы:   

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй  тапсырмасы «Өсімдіктер  тіршілігі» (  тірек-сызбалар  арқылы өсімдіктер ерекшеліктерін қорғау)

1 – топ:  «Өсімдіктер  алуан  түрлі»

2 – топ:  «Сыртқы  орта  жағдайлары»

3 – топ:  «Өсімдіктер  топтары»

4 – топ:  «Өсімдіктердің  бірлесіп  өсуі»

ІІІ. Жаңа  сабақ  («Миға шабуыл» ребус шешіліп,жаңа сабақ тақырыбы ашылды)

  1. Негізгі  зерттеу  сұрақтар:

а) Жануарлардың қандай  топтарға  бөлінетінін білгім келеді?

ә) Орамжапырақ   көбелегінің  ерекшеліктері  қандай?

б) Неге бал  арасын – еңбекқор жәндік деп атайды?

в) Көбелектердің басқа түрлері, олардың ерекшеліктері мен қасиеттерін білгім келеді.

 

  1. Презентациялар  шеруі

1 – топ 

Тақырыбы:   «Жануарлар  топтары»

Ақпарат  жинақтау:  Топ  мүшелері

Өнімі:    Реферат

Қорғау: Топ  лидері

2 – топ: 

Тақырыбы: «Орамжапырақ  көбелегі, оның  ерекшеліктері»

Ақпарат жинақтау: Топ  мүшелері

Өнімі: Мультимедиялық презентация

Қорғау: Топ  лидері

3 – топ

Тақырыбы: «Бал  арасы – еңбекқор  жәндік»

Ақпарат жинақтау: Топ  мүшелері

Өнімі: Буклет. Мультимедиялық презентация

Қорғау: Топ  лидері

4 – топ

Тақырыбы: «Көбелектер түрлері және олардың ерекшеліктері»

Ақпарат жинақтау: Топ  мүшелері

Өнімі: Коллаж. Мультимедиялық презентация

Қорғау: Топ  лидері

  1. Венн  диаграммасы  арқылы  орамжапырақ  көбелегі  мен  бал  арасының  ұқсастықтары  мен  ерекшеліктерін  айқындау.
  1. БҮҮ  кестесі

 

Не  білдім?

Не  білгім келеді?

Не  үйрендім?

Жануарлар, жәндіктер  туралы қызықты мәліметтер, ерекшеліктерді білдім Басқа да қызықтыратын мәліметтерді Жобалауды, зерттеу  жасауды, коллаж  құрастыруды, жұмысымды қорғауды үйрендім

 

ІV. Үйге  тапсырма: мәтін  бойынша  тірек – сызба құрастыру, мазмұнын   баяндау.

V. Рефлексия

Оқушылардың  жүргізген зерттеулері мен қорғаған жұмыстарынан  мысалдар

  1. 1.     Жануарлар  топтары:

2.   «Орамжапырақ  көбелегі, оның  ерекшеліктері»

 

   3.  «Бал  арасы – еңбекқор  жәндік»

 

 

Уынан дәрі жасайды, өсімдіктерді тозаңдырады, адамға өнім береді

Үш бунақ бөлімнен үш жұп аяқ, жұп қанат, жұп мұртшалардан тұрады

Көбелек пен қоңызға ұқсас

Жаздың соңында қысқа бал дайындайды

Бал  арасы

 

   Осы  бір  кішкентай  бал  арасы  қаншалықты   бал  тасуы  мүмкін. Өйткені бір  омартадан  ондаған килограмм  бал  алынады.Бір  килограмм  балға  айналатын  гүл  шырынын  жинау  үшін  бал  арасы  300  мың  км-дей ұшып, сол кезде 19 млн. гүлге қонуы керек. Ал   бірнеше кг бал жинау үшін миллиондаған км  қашықтыққа ұшады деген  сөз.

Жұмысшы  ара  небәрі  30 – 35 күн  ғана  өмір  сүреді екен.Алайда, бал  арасының  еңбекқорлығы  бекерден – бекер  мақалға  айналмаған: өйткені, бір  бал  арасы  сағатына  6,5 км  жылдамдықпен  ұшып,  бір  жұмыс  күнінің  ішінде  шамамен 7000 гүлге  қонады  екен. Оның  барлық  органдары  гүлдеген  өсімдіктерден  шырын  жинауға  бейімделген: артқы  аяқтарындағы арнайы  щеткалары  мен себетшелері  арқылы  тозаң  жинайды  әрі  оны  тасымалдайды. Ұзын  тұмсығымен  гүл  шырынын  сорады, жемсауында  гүл  шырыны  балға  айналады,  тіпті  тапқан  шырынды  өсімдіктерін  біріне – бірі хабарлайтын  күрделі  хабарлауыш жүйесі де бар.

Жұмысшы  аралардың   қызметтері  қатаң  ажыратылған: біреулері  тамақ  тауып  ұяға  алып  келеді, екіншілері  оны  алып  балауызға  құяды, үшіншілері  балауызды  тазартады,  төртіншілері  қанаттарымен  ұяны  желдетеді. Бесіншілері  «күзетшілік»  қызметін  атқарып, ұяның  есігін  бағады  және  жауларын  ішке  кіргізбейді. Ал  алтыншылары  лечинкаларды  тамақтандырады.

Аналық  аралар  ешқандай  жұмыс  жасамайды  екен, олар  тек  өздерінің   күтімімен  ғана  болады  және  соны  басқа  аралардан  да  талап  етеді  екен.

Міне, қызық!  Ара  бір   ғана  рет  шағады  екен. Өйткені  оның  құйрығындағы  шаншары  адамның  денесінде  қалып  қояды  да, шаншарынан  айырылған  ара  көп  кешікпей  өледі  екен.

 

 

 

  1. 1.      «Көбелектер  түрлері  және олардың  ерекшеліктері»

 

      а)  Көбелектердің  түрлерінен  коллаж  дайындалды.

 

      ә)  Жұлдызқұрттардың   көбелекке  айналу  сәтінен  зерттеулер  нәтижесі

 

Жұлдызқұрт  көбелекке  мүлде  ұқсамайды.  Тіпті  мұндай  «құрттан»   қанаты  жібектей әдемі   көбелек  шығатынына  сенбейсің. Осы  жұлдызқұрттан  қалай  көбелек  шығатынын  зерттеп  көрейік.

Зерттеу  әдісі:

  1. Көбелектің  жұлдызқұрттарын олар  жүрген  өсімдіктің  жапырағымен  қоса

жинап  аламыз.

  1. Оларды  банкаға  немесе  қорапқа  салып,  ішіне  ауа  керек  болатындықтан, аузын  дәкемен  жабамыз немесе  қақпақтың  аузын ұсақтап  тесіп  қоямыз.
  2. Жұлдызқұрттар  пайдаланған  ескі  жапырақтарды  алып  тастап, оның  орнына  жаңадан  жас  жас  жапырақтар  салып  отырамыз. Өйткені  олар  үздіксіз  қоректенумен  болады.

Нәтижесі:

  1. Жұлдызқұрттардың  түстері  солғындайды.
  2. Бір  күні  таңертең  жұлдызқұрттың  орнында  кіп-кішкентай  қуыршақ  жатыр.
  3. Біраз  күннен  кейін  қуыршақтың   мөлдір  пленкасы  жарылып, көбелектің  басы, аяқтары  және  арқасы  көріне  бастайды.
  4. Келесі  кезекте  пленканың  өзі  түсіп  қалады  да,  көбелек  сыртқа  шығады. Оның  әдемі  қанаттары  әзірге  көрінбейді. Өсе  келе  байқалатын  болады.

 

Күндізгі  емен  көбелегі                                     Махаон  көбелегі және

және  оның  жұлдызқұрты                                     оның  жұлдызқұрты

 

Түйін:   Көптеген  бунақденелілер  жұмыртқадан  жаратылса, көбелектердің  дернәсілі – жұлдызқұрт. Өзінен  көбелек  шығатын  жұлдызқұрт  көбелекке  мүлде  ұқсамайды. Көбелек  жұлдызқұрты  жапырақтармен  қоректенеді.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.