Без рубрики

Үстеуден өткенді қайталау

Астана гуманитарлық колледжінің қазақ тілі пәнінің
оқытушысы Аяпбергенова С.Ш

 Сабақтың тақырыбы:  Үстеуден өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік-
оқушылардың үстеуден алған білімдерін бекіту, пысықтау, таза әдеби  талапқа сай  сөйлеуге дағдыландыру;
Дамытушылық :
Абай шығармалары  арқылы  білім,  ғылым  туралы ойларын,  ойлау  қабілеті мен сөйлеу  мәдениетін,  өз -өзіне деген сенімін қалыптастыру,  дамыту;
Тәрбиелі к —
 мақсат қоя білуге, алдына  қойған  мақсатына жетуге, өз  пікірін  қалыптастыруға, жинақылыққа,  ұқыптылыққа  тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:
дәстүрден  тыс  сабақ

Сабақтың әдіс тәсілдері: топпен жұмыс, сұрақ -жауап,  проблемалық,  талдау , дәлелдеу, топтастыру әдісі.

Сабақтың құрал -жабдықтары: Абай Құнанбайұлының портреті, Абай өлеңі жазылған слайд, сандық,  интерактивтік тақта, жаттығулар жинағы, талдау  кестесі,семантикалық кесте

Пәнаралық байланыс: әдебиет,

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі-2мин

а)  сәлемдесу, түгендеу;

ә)  оқушылардың назарын сабаққа  аударту;

б)  сабақтың тақырыбы, оның мақсат  міндеттерімен таныстыру;

в)  топқа бөлу

Кіріспе сөз- 5мин

I.Қызығушылықты ояту.

Мұғалім:   —  Иә, балалар, жарқын болашақтың иелері сіздерсіздер, «Бақытты болашақ бүгіннен басталады» дейміз,яғни біз бақытты болашақ өмірдің  «тұтқасын» ұстайтын азаматтарды  тәрбиелейміз.Жаңа ғасырдың азаматы рухы биік, саналы, тәртіпті, жауапкершілігі мықты, ақылды, білімді, талап  қойғыш болуы  керек.

Жүректе қайрат болмаса,

Ұйықтаған  ойды кім түртпек.

Ақылға сәуле қонбаса,

Хайуанша  жүріп күнелтпек  — деп,

Абай атамыз жырлап кеткендей, осы өлеңмен үндесіп келетін Абайдың нешінші қарасөзін білесіздер, балалар?

Оқушылар Абайдың он жетінші қарасөзін сипаттап айтып береді.

Абай атамыз  он жетінші қарасөзінде :

«Үш — ақ нәрсе адамгың қасиеті:

Ыстық қайрат, нұрлы  ақыл, жылы жүрек»-деп  айтқан  екен.

(Он жетінші қарасөзін сипаттап айту)

(Интерактивтік тақтада  слайдпен  Абай үшкілі көрсетіледі)

  Мұғалім. -Ендеше, балалар, адам  бойындағы   үш қасиетімен  қалай бақытқа кенеледі екен әр топ бейнелей отырып, сипаттап  беріңіздер.

   Мұғалім..-Абай атамыз «Ақыл, қайрат, жүрек үшеуің басыңды қос, бәрің жүрекке билет»  деген  болатын Ақыл арқылы  қайратқа  да, жүрекке де жылу тарайды. Өзбеттілік, тереңдік, кеңдік, еркіндік, айқындық,  шапшаңдық — ақылдан тараған шуақ секілді.Ал , ақыл бізді бақытқа жетелейді.

Мұғалім.— Олай болса, балалар, сол   бақыттың болашақ  қаласына жету үшін ақыл  сынына түсейік. Сын бес кезеңнен тұрады

/ Сабақ  ары  қарай «Бақытты сәт» ойыны түрінде жалғасады, топқа бөлініп сайысқа түседі./

I кезең «Сабақтың құпиясын ашу» -15 мин

II кезең «Сен — маған, мен -саған» -5мин

/ Үстеуге байланысты мақал-мәтелдермен, семантикалық кестемен жұмыс/

III кезең «Дода» /Мәтінмен жұмыс және үстеуге сатылай кешенді морфологиялық талдау жасау./ -20 мин

IY кезең « Сыр сандық» -6мин

«Бес  жолды  өлең» стратегиясы  бойынша тапсырма

Y кезең «Көсемдікке ұмтылу»/Эссе жазу -15мин

Қорытынды -5мин

Бағалау  -5мин

II.Мағынаны ашу. 

I кезең «Сабақтың құпиясын ашу»  деп аталады.

Үстеу  тақырыбы бойынша  өткенді тізбектеп жазыңыздар.

2.  Тізбектегі  мысалдарды  топтастыру.

3.  Жарнамалау.Әр топ  жазғандарын жарнамалайды.

Үстеу  туралы   түсініктерін айту. Мысал келтір.

Үстеудің құрамдық, тұлғалық ерекшеліктерін   сипаттау.

Мысал келтір.

Үстеудің мағыналық ерекшеліктерін  сипаттау. Мысал келтір.

Үстеудің  сөйлемдегі қызметін сипаттау.Мысал келтір.

Әр  топ мүшелері  берілген сұрақтарға жауап беріп шығады, ал бәсекелес топтар  жауаптарын  қадағалап отырады да, дұрыс болмаған жағдайда  түзетуіне болады.

II кезең «Сен — маған, мен -саған»

/ Үстеуге байланысты мақал-мәтелдермен, семантикалық кестемен жұмыс/

А) Топтар   бір — біріне мақал –мәтелдер, өлең, тыйым сөздер, жұмбақтар, жаңылтпаштар   айтады және  үстеу  сөзді құрамына қарай талдайды.

1.Үстеу  кездесетін  Абайдың бір  өлеңін айту

2.Үстеу  кездесетін  тыйым сөз  айту

3. Мақал-мәтел  айту

4.Жұмбақ , не жаңылтпаш айту

Б) Семантикалық кестемен жұмыс

Құрылысына,тұлғасына  қарай Негізгі үстеу Туынды үстеу Күрделі үстеу
       
       
Мысалдар Үстеулер  мағыналық түрлеріне қарай
    Мезгіл      Мекен   Мөлшер      Сын   бейне                                   Күшейткіш Мақсат Себеп-cалдар
               

 

Мысалдар Пысықтауыш Анықтауыш Баяндауыш
       
       
       
       

 

III кезең «Дода»Мәтінмен жұмыс

Тапсырма

А) Мәтіндерді оқып шығып, мағынасын ашыңдар.Қарамен жазылған сөздерге түсініктеме беріңдер.Мәтін ішіндегі  бір  сөйлемді сөйлем мүшесіне қарай талдап, үстеуді табыңыздар ./Мәтін Абайдың 45 қарасөздерінен алынады/

Ә)Түсіндірмелі сөздікпен жұмыс

Б)Интерактивтік тақтамен жұмыс

Үстеуге сатылай кешенді морфологиялық талдау жасау.  

Сөз 

1.Құрамына қарай:

2.Тұлғасына қарай:

А) негізгі түбір;

Ә) туынды түбір.

3.Құрамы мен құрылысына қарай:

 А) дара;

Ә) күрделі.

4.Лексикалық мағынасы.

5.Грамматикалық мағынасы.

6.Мағынасына қарай:

7.Синтаксистік қызметі

IY кезең « Сыр сандық»

     Мұғалім – Қазақ халқының қымбат жасауларының бірі- сандық.Ол – сыр сандық. Сандық  іші  асыл  бұйым., ғажап  перне. Оның кілтін  тауып ашып, сырын айту керек.

Мұғалім  Олай болса, біз  де  сыр сандықтың құпия  сырын  ашайық.

Сандықтан құпиялы сөздер  алынады, сол сөздерді байланыстыра  отырып,    «Бес жолды  өлең» стратегиясы  бойынша тапсырманы  орындайды.

Бірінші жол:Зат есім (1)

Екінші  жол: Сын есім (2)

Үшінші жол: Үстеу. Етістік(3)

Төртінші жол: Мағыналы сөйлем  (4)

Бесінші жол:Тақырыптың синонимі(1)

III. Ой толғаныс.

Y кезең «Көсемдікке ұмтылу»/Эссе жазу/

Бұл  кезеңде  әр топ «Мен бақыттымын……..» атты тақырып бойынша эссе жазады.

1-топ  Ақыл .

2-топ. Қайрат.

3-топ. Жүрек

4-топ  Ұстаз

Қорытынды.

А) Сабақты слайд арқылы  қорытындылау.

Мұғалім  —  Сөйтіп, балалар, біз  көздеген  мақсатымыз, алған бағытымыз  болашақтың бақыт  шаһарына да келіп жеттік.

Бақыт деген сонымен қандай ұғым?

Өткеніне  ой жібер, алдағыңа.

Жауап ізде,

Қарайла жан -жағыңа.

Ілуде бір  болмаса, алтын балық.

Түсе бермес әркімнің қармағына.

Бақытыңның нұр  жүзін көрем  десең,

Туған жердің көз  жібер  аумағына!- деп

сабағымызды аяқтайық.

Бағалау.

Олай болса, білімдерімізді таразылайық.Топ бір –бірінің білімдерін бағалау  парағы бойынша бағалайды.

Үйге тапсырма 

А)Өткенді қайталау.

Ә)Жазба жұмысына дайындалып келу.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.