Жаңалықтар

Болашақ Отан қорғаушылары бірегей әскери оқу орнында болды

Мемлекет басшысының әскери қызметтің имиджін арттыру және жастарды әскери борышын атқаруға ынталандыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында Қарулы күштерде өскелең ұрпаққа арналған іс-шаралар кешені жалғасып жатыр. Сол арқылы мектеп оқушылары әскери қызметшілердің күнделікті қызметімен және тұрмысымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алуда.
Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында алматылық оқушылар Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында болды. Онда жоғары сынып оқушыларына оқу орнының тарихы, бірегейлігі мен ерекшеліктері туралы жан-жақты айтылды. Атап айтқанда, Орталық Азия аймағындағы радиотехникалық мамандық бойынша инженер-офицерлерді даярлайтын алғашқы әрі бірегей әскери оқу орны екендігі атап өтілді.
Экскурсия барысында жоғары сынып оқушылары кафедраларда, оқу аудиторияларында, тренажер кешендерінде, оқу-далалық байланыс тораптарында болды. Сонымен бірге курсанттардың тұратын жерімен және тамақтанатын орнымен, тұрмыс жағдайларымен танысты.
– Институтта болу арқылы әскери мамандықты басқа қырынан таныдық десек те болады. Біз курсанттардың оқу жағдайын көріп, күн тәртібімен таныстық. Бастысы, бұл жерде тек офицерлік атақ қана емес, қазіргі заманғы жоғары технологиялық мамандық та алуға болады екен, – дейді Алматы қаласындағы № 157 орта мектептің 11 сынып оқушысы Мадияр Шашубай.
Бұдан өзге, экскурсия барысында оқушылар оқуға түсу тәртібі мен әскери оқу орнында оқудың артықшылықтары туралы курсанттар мен офицерлердің өз аузынан естіп білді.

Жаңалықтар

Здесь учат премудростям военной электроники и связи

В свете реализации поручения Президента страны по повышению имиджа воинской службы и мотивации молодежи к выполнению воинского долга в Вооруженных силах продолжается комплекс мероприятий для подрастающего поколения, в ходе которых школьники знакомятся с повседневной деятельностью и бытом военнослужащих.
В рамках профориентационной работы алматинские школьники по приглашению командования посетили Военно-инженерный институт радиоэлектроники и связи. Старшеклассникам рассказали об истории, уникальности и особенностях вуза. В частности, было отмечено, что это первый и единственный в Центрально-Азиатском регионе военный институт, где готовят офицеров-инженеров по радиотехническим специальностям.
В ходе экскурсии старшеклассники посетили кафедры, учебные аудитории, тренажерные комплексы, учебно-полевые узлы связи, ознакомились условиями проживания, питания, учебы, быта и досуга курсантов.
– После посещения института профессия военного для нас открылась по-новому. Мы увидели условия обучения, узнали о распорядке, по которому живут курсанты. Самое главное – здесь можно получить не только офицерское звание, но современную высокотехнологичную специальность, – поделился впечатлениями ученик 11 класса средней школы № 157 города Алматы Мадияр Шашубай.
Кроме того, в ходе экскурсии из уст курсантов и офицеров школьники получили ответы на вопросы о порядке поступления и преимуществах обучения в военном вузе.