Әлемде білім саласындағы емтихан жүйесі дұрыс емес. Бұл туралы ғалым, Үндістандағы NIIT университетінің құрметті профессоры Сугата Митра Х халықаралық ICBCB 2022 ғылыми конференциясында айтты.
Сегодня в Алматы началась X Международная конференция ICBCB 2022 на тему «Продвижение равного образования в развивающемся мире». В двухдневном научном мероприятии принимают участие отечественные и зарубежные ученые из Великобритании, Индии, Таиланда, Кыргызстана, России.
Бүгін Алматыда «Өзгеріс үстіндегі әлемде тең дәрежеде білім беруді ілгерілету» тақырыбында 10-шы ICBCB 2022 халықаралық конференциясы басталды. Екі күндік ғылыми шараға Ұлыбритания, Үндістан, Таиланд, Қырғызстан, Ресейден келген шетелдік және отандық ғалымдар қатысып жатыр.
Алматы қаласында № 199 мектеп-гимназиясының конференц-залында «АМАNАТ» партиясының Бостандық аудандық филиалының кезектен тыс ХХХ конференциясы өтті. Жиын барысында аудандық саяси кеңес мүшелері партияның бағдарламасын жүзеге асыруда саяси Платформа жобасын талқылады. Партия мүшелері өз бағдарламаларын кеңінен таныстырып, Бостандық ауданының өзекті мәселелерін шешу жолдарын ұсынды.
Сондай-ақ, кезектен тыс ХХХ конференциясына делегаттарды сайлау мәселелері сөз етілді. Конференцияның күн тәртібінде делегаттар бірауыздан Сейсмология институтының директоры, партия ұйымының төрағасы Дәулет Сәрсенбаевты «АМАНАТ» партиясы Бостандық аудандық филиалының Саяси кеңесінің мүшесі етіп сайлады. «Шығыс даналығында «Отаныңда өткенің мен болашағың бар, өзге елде тек бүгінің бар» деген сөз бар. «АМАНАТ» партиясы мүшелерімен өткен бүгінгі кездесуде айтылған өзекті мәселелерге осы бір тағылымы мол сөздер айқын дәлел болады. Елімізде әділетті, жаңа Қазақтан құру міндеті айқын белгіленген, дамудың жаңа дәуіріне аттауға шақ тұрғанымыз мәлім. Алдымызда түбегейлі өзгерістер күтіп тұр», – деп атап өтті институт директоры Дәулет Сәрсенбаев.