Жаңа сабақтар

Ұлы даладағы ежелгі мәдениет

Ахметкалиева Алмагул Набижанқызы

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы № 16 жалпы орта білім

беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Бөлім Көшпенділер мәдениеті.Қазақтың халық күнтізбесі
Педагогтің аты-жөні Ахметкалиева Алмагүл Набижанқызы
Күні
Сынып: 9 Қатысушылар саны: 12
Сабақтың тақырыбы: Ұлы даладағы ежелгі мәдениет
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: 9.1.3.1.Әлеуметтік-қоғамдық тақырыптар аясында айтылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну

9.1.5.1.Мәтіннің мақсатты аудиториясын,автордың негізгі ойы мен көзқарасын анықтау Продолжить чтение «Ұлы даладағы ежелгі мәдениет»

Жаңа сабақтар

Строевые приемы на месте и в движении

Бурова Елена Владимировна

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы № 16 жалпы орта білім беретін

мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Краткосрочный план-конспект по физической культуры

№ 28 8 класс 2 четверть

III Элементы гимнастики и ее разновидности Школа: ОШ №16
Дата: ФИО учителя: Бурова Елена Владимировна
Класс: 8 Количество присутствующих: 22 отсутствующих: 2
Тема урока Техника безопасности.

Строевые приемы на месте и в движении

Цели обучения 8.3.4.1 — понимать сложные вопросы техники безопасности, а также способы снижения потенциальной угрозы здоровью Продолжить чтение «Строевые приемы на месте и в движении»
Жаңа сабақтар

БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ»

«БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал.
Қазан айы 2021 жыл | № 10 (25)

Продолжить чтение «БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ»»
Жаңа сабақтар

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры

СЕЙСЕМБЕКОВА МОЛДИР КАЛДЫБАЙҚЫЗЫ

Түркістан қаласы, Некрасов атындағы № 9 мектеп-гимназия

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Уақыты: Қазақ әдебиеті Мұғалім: Сынып:
Сабақ тақырыбы: «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ 7-сынып

Жалпы мақсат: Көркем әдебиеттің негізгі жанрының бірі-эпостық поэмаға жататын лиро-эпостық жырлар жайында теориялық түсінік беру. Қозы Көрпеш-Баян сұлу жырын түсініп оқу.
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі: Көшпелі қазақ елінің салт-санасын, кәсібін аңғарады.

Жырдағы кейіпкерлердің іс-әрекетіне байланысты әрқайсысының басында болған күйініш-сүйініштерін пайымдайды, мінез ерекшеліктерін байқайды,ой-өрісі,дүниетанымы кеңейеді.

Топта бірлесіп жұмыс істеуге, қажетті іс-әрекетте оқушының өз бетінше белсене орындауына мүмкіншілік беріледі.

Сабақта қолданылатын материалдар: «Түртіп алу» стратегиясына байланысты, сызба кесте, ватман, мәтін.
Оқыту әдістері: Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық

ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады. Түстер арқылы топтастырады. Орындарында отырып видеоролик тамашалайды Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.
ІІ. Қызығушылықты ояту «Ой қозғау стратегиясы»

1. Батырлар жыры туралы білетіндерін естеріне түсіріп, жырдың халықтығын, жырдың басты кейіпкері ел қорғаушы батырдың күш-құдіреті, патриотизімі, отанды сүюі, еңбекшілдігі, зор адамгершіліктің иесі болатындығы жайлы, өзіне тән шарттылығын оқушылардың өздеріне дәлелдету.

2. Кіріспе сөз (мұғалімнің). Көркем әдебиеттің негізгі жанры жайында, түрлері жайында айта келіп, авторы белгісіз халықтық мұра болатындығын, олардың туу негізінде шындық болмыс жатса да, шығарушылардың ой-санасының әлі сәбилігімен байланысты қиял араласып отыратындығын және халықтың ауызша шығармашылығының негізінде туған зор оқиғаны жыр еткендігін, жыр өлеңмен жазылған ірі шығармалардан эпостық жырлар туатындығын баяндай, отырып, осы эпостық жырлардың бір түрі- лиро-эпостық жырлардың өзіндік ерекшеліктерін түсіндіру, теориялық анықтама беру.

3. Дәптермен жұмыс.

Теориялық түсініктерді әдебиет дәптеріне жаздыру.

4. Оқулықпен жұмыс. Жырды оқыту.

Мәнерлеп түсініп оқу.

5. Сөздік жұмыс

Қосымша ақпарат Қозы КөрпешБаян Сұлу — XIII-XIV ғасырлардан бастап жырланып, XIX ғасырдың ортасында қағазға түскен қазақ халқының лиро-эпостық жыры. Поэма Сыбанбай, Бекбау, Жанақ, Шөже ақындардың орындауында ауызша таралған. 20-ға жуық нұсқасының ішінен ең белгілісі — Жанақтың нұсқасы. Алғаш ел арасынан жинап, хатқа түсіргендер: Г.Саблуков (1830), Ғ.Дербісалин (1834), А.Фролов (1841), Шоқан Уәлиханов (1856). Жырдың мазмұнын М.Путинцев орыс тіліне аударып бастырды (1856), кейін В.Радлов «Түркі тайпаларының халық әдебиеті үлгілері» жинағының 3-томына еңгізді (1870).
ІІІ. Жаңа тақырып Жыр мәтінін құр оқумен шектелмей жырдағы білім мен мәдени құндылықтарды игеру ісін топтасып, ұжымдасып мұғалім көмегінсіз өздері дербес атқарады. Құр мәлімет алумен шектелмей, өз пікірлерін ашық айтып өзара сұхбат жүргізуге жағдай жасайды.

а) Жеке жұмыс I.W.S.E.R.T-стр. ұсынамын, өйткені бұл ұтымды құрал, өздері оқыған «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырынан түсінігін тексеруге, өз ойын айтуға басшылық жасайды.

ә) Жұппен жұмыс. «Түртіп алу» стратегиясы бойынша кесте жасалынады және сол кестеге жырды қаншалықты түсінгендерін әр түрлі белгілермен белгілейді. Топтың тақырып туралы ой қозғауы

V – Олардың білетіндері.

+ — Олардың үйренгендері.

= — Менің ойлағаныма кері, келісе алмаймын.

? – Мені жұмбақтандырады.

Сабақты, үйренгендерін бекіту.

Сабақты мұқият тыңдап, есте сақтау. Топпен ынтымақтастықта қарым- катынас жасау. Сұрақтарға жауап беру, өз ойларын айту, талқылау.
IV.Шығармашылық жұмыс Ғашықтық жырдың, батырлық жырдан айырмашылығы сүйіспеншілік, достықтың ең басты мәселесі деген бір пікірге келу. Оқушылар сұрақтарға жауап береді
V.Қорытындылау Топпен жұмыс: Лиро — эпостық жырлардың түрлерін топтастыру.
Лиро — эпостық жырлар

«Қозы Көрпеш — Баян сұлу»
Айман — Шолпан
Сұлушаш
Қыз жібек
Ләйлі — Мәжнүн
Құсырау — Шырын
Қалқаман — Мамыр
Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды
VI. Үйге тапсырмасын беру Лиро-эпостық жырлар туралы оқып келу және жырдан үзінді жаттау Үй тапсырмасын білу,

түртіп алу

VII. Бағалау Формативті бағалау Топтардың бірін-бірі бағалауы
VIII. Рефлексия Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру «Екі жұлдыз, бір тілек »
Уақыты: Қазақ әдебиеті Мұғалім: Сынып:
Сабақ тақырыбы: «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры
Жалпы мақсат: Оқушыларды «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының көне дәуір мұрасы екендігімен,оның ерекшелігімен,батырлар жырынан айырмашылығы,жыр варианттары,жырды зерттеушілермен таныстыру;

Оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту,мағынаны танып білуге,ажыратуға,ой толғауға дағдылындыру;

Елін, жерін,Отанын сүюге баулу;

Сілтеме:
  • Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
  • Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі
  • 7-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы
  • Үлестірме материалдары
Оқу нәтижесі: Ертедегі қазақ поэзиясында сюжетті әңгімеге құрылған жырлардың бір бөлігі лиро-эпос деп аталатынын түсінідіру
Сабақта қолданылатын материалдар: Мазмұндау жоспары

Сәйкестендіру тесті

Оқыту әдістері: Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Оқушылар назарына «Көктем гүлдері» видеоролигін ұсынады. Түстер арқылы топтастырады. Орындарында отырып видеоролик тамашалайды Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.
ІІ. Қызығушылықты ояту 1. Қозы Көрпеш –Баян сұлу жыры қандай жырға жатады?

2. Лиро-эпос жырларының батырлар жырынан қандай айырмашылығы бар?

3. Жырда ауыз әдебиетінің үлгілерінен қандай түрлері кездеседі?

Талдау,жинақтау,қорыту
ІІІ. Жаңа тақырып Лиро-эпостық жырдың ішіндегі тақырыбы,оқиғасы,құрылысы жағынан ерекше орын алатын және халық арасында көп тарағанның бірі –« Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры.

Жыр тек қана қазақ арасында ғана емес,көршілес болған,тұрмыс-салты, тіршілігі ұқсас елдерде де айтылып жүрген жыр.

Жыр көп вариантты болып келеді.

Сабақты мұқият тыңдап, есте сақтау. Топпен ынтымақтастықта қарым- катынас жасау. Сұрақтарға жауап беру, өз ойларын айту, талқылау.
IV.Шығармашылық жұмыс

Өткен ғасырда да, қазір де «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры жайында ғалымдардың бір тобы пікір айтса,ал бір тобы ескі дүниенің ескерткіш белгісі ретінде зерттеген екен.

Зерттеушілердің

аты-жөні

Жылы Еңбектері Тұжырымдама
С.Сейфуллин 1932 «Қазақ әдебиеті» Радлов варианты бойынша тоқталады.
С.Мұқанов 1935 «батырлар жыры» туралы еңбегінде Халықтық сипаттағы жыр екендігін дәлелдейді.
Қ.Жұмалиев 1944 «Қазақ әдебиеті» Халық жыры
Ә.Марғұлан

М.Ақынжанов

1958 «Қазақ әдебиеті» оқулығы «Қазақ эпосы мен әдебиеті тарихының мәселелері» монографиясында Жырдың халықтық ортада туындағанын айтады.

Жанақ ақынға тоқталсақ, ол ірі ақын және асқан қобызшы болған.Жанақ өз кезінде жетісу,семей жақтарын көп аралаған,ақындармен айтысқа түскен,үлкен жырлар айтып жүрген. Жанақ жырлаған «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»-халықтық жыр,күрделі шығарма.

Бүгінгі өтейін деп отырған жырдың да ерекшелігі-оқиғаның реалистігі. Қозы мен Баян, Қарабай мен Қодар өмірде болған типтік бейне.

Жырдың өзіне тән ерекшелігі-оқиғаның диалогтік түрде берілуі.

Алдын ала жырды оқып келген екі оқушы мазмұнын айтып береді.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді

V.Қорытындылау Жырдағы кездесетін жер-су атаулары-Балталы, Бағаналы, Шідерлі, Аягөз, Қызылбелбеу,Абыралы, Жалаулы

1.Жырдағы көтерілген мәселелер

2Қозы өліміне себепкер болған кім?

3.Қозы Көрпеш-Баян сұлу жыры саған ұнады ма?

4.Қай кейіпкер қандай қылығымен ұнады?

Жырдың тарихымыздың қай дәуірде пайда болғандығы жөнінде ғалымдар әр түрлі пікір айтады.Бір тобы Жошы дәуіріне тіресе ,енді бір тобы Ноғайлы дәуіріне телиді және бір тобы қазақ хандығымен байланыстырады.Қалай десекте , қазақ елі2002жылы фолъклорлық мұраның 1500жылдық тарихын атап өтті.Зерттеуші ғалымдар жырды Шекспирдің «Ромео-Джулъетта»трагедиясымен бара-бар деп таныған.Ал Потанин «Бұл жер жүзіндегі ең қымбат әдебиет мұраларына жататын шығарма.»деп бағалаған.Ғұлама ғалым Ә.Марғұлан «Бұл жыр-мәңгілік жыр»депті.

Білу, түсіну, қолдану.

Әр топ- тың спикері шығып қорғайды

VI. Үйге тапсырмасын беру «Қозы Көрпеш-Баян сұлу жыры-қазақ ауыз әдебиетінің құнды інжу-маржаны» Шағын шығарма жазу Үй тапсырмасын білу, түртіп алу
VII. Бағалау Формативті бағалау Топтардың бірін-бірі бағалауы
VIII. Рефлексия Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру «Екі жұлдыз, бір тілек »