Қазіргі таңда үздіксіз білім беру еліміздің ертеңі өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы.
Мектепке дейінгі шақ адам өміріндегі ең маңызды кезең болып келеді. Осы кезеңде баланың бойындағы табиғи бар дарындылық жан-жақты дами бастайды. Сондықтан осы шақта балалармен анағұрлым жан-жақты дамытушылық әрекеттер жүйелі жүргізілсе, жұмыс соншалықты нәтижелі болады. Тәрбиелі, білімді ұрпақ балабақшадан мектепке дайын шәкірт болып шығады.
Балабақша – барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы іспеттес. Мұндағы тәрбие мен білім балалардың табиғи мінезін, қабілетін ерте жастан дамытады. Бала – болашағымыз, бала – қуанышымыз. Ендеше мектепке дейінгі үздіксіз тәрбиемен, біліммен қамту қызметін атқарып жүрген ұстаздарымызға алғыс білдіреміз.

Аяулы ұстаздың бірі, Республикалық «BILIMNUR» баспасының тілшісі — Ақмола облысы, Көкшетау қаласы МКҚК «Арай» балабақшасының тәрбиешісі. Педагог-модератор Наурузбаева Нургуль Салижановнаны шын жүректен кәсіби мерекемен құттықтаймыз!