Жаңалықтар

Құттықтау

Жыл сайын 100-ден астам мемлекетте 1994 жылдан бері қалыптасқан Дүниежүзілік мұғалімдер күні атап өтіледі. Бұл барлық мұғалімдердің, оқытушылар мен жалпы білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Барша ұстаздарды редакция атынан кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық — ұлық емес, ұлы қызмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

Ұстаздық қызметіне шынайы берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.

Аяулы ұстаздардың бірі — білім саласында 33 жыл еңбек өтілі бар, Атырау қалалық № 24 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Педагог-шебер Есмағамбетова Зайтуна Туралиевнаны шын жүректен кәсіби мерекемен құттықтаймыз!

Зайтуна Туралиевна ұстаздық кәсібімен қатар Республикалық «BILIMNUR» баспасының жауапты тілшісі, «Қазақстанның үздік ұстазы», «Шығармашыл, тәжірибелі ұстаз», «Қазақстан педагогтерінің 100 жаңа есімі», «Қазақстанның құрметті азаматы» төсбелгілерінің иегері.
Кәсіби білім саласында «Бастауыш сыныптарға арналған диктанттар жинағы», «А. Құнанбаев — 175 жыл. Абай әлеміне саяхат» авторлық жинақтардың авторы. Республикалық, облыстық, қалалық деңгейде іс-тәжірибесі тұрақты жарияланып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүрген ұлағатты ұстаз.

Жаңа сабақтар

Ұстазым — Гүлзада Ғайнеденқызы

Әлемдегі мамандық атаулының төресі — ұстаздық. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді.
”Ұстаз болу — өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау” — деп айтылғандай, ұстаздардың еңбегі ерен. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару — әрбір адамның қолынан келе бермейді. Ұстаз болу — жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту.

Сұлтанбекова Гүлзада Ғайнеденқызы Атырау қаласындағы № 24 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі, еңбек өтілі 38 жыл.

Жақсылық қасиеттердің барлығын Гүлзада Ғайнеденқызының бойынан байқап келемін. Адамның адамшылығы — жақсы ұстаздан” — деп айтқандай Гүлзада Ғайнеденқызынан білім алып шыққан шәкірттерінен де байқауға болады.

Гүлзада Ғайнеденқызынан сабақ алғалы қызымда мектепке, білімге, әрбір пәнге, ұстазға деген махаббаты ашылды. Сабақтан келе сала, үй жұмысын орындап, кітап оқып, сурет салып, ұстазын мақтайды.

Қызым бірінші сыныпты өзге мектептен онлайн білім алып, биыл қыркүйектен бастап екінші сыныбын осы аталған мектепте ауысып келгенбіз. Көп уақыт өтпесе де, 20-25 күн ішінде, үйдің кенжесі ерке қызымның бойынан үлкен бір өзгерістерді байқадым.

Қызымның білімге деген қызуғышылығын оятқан Гүлзада ұстазымызға алғыс білдіргіміз келеді. Ұстазымыздың көз жанарынан мейірім, адалдық, білімге құштарлық, ізденіс, сабырлық, шеберлік сезіліп тұрады. Әрбір халықтын баласын өзімнің балам деп қабылдап, тәрбиелеп, білім беріп жатқан ұстазымызға рахмет айтамыз!

Гүлзада Ғайнеденқызын келе жатқан “Ұстаздар мерекесімен“ құттықтаймыз! Жанарыңыз әрдайым нұр шашып, жүзіңіз күндей күлімдеп жүрсін! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз! Әр күніңіз мейірімді, табысты, жемісті, қызықты болсын және әр оқушы сіздің арқаңызда әлемді жаңаша көрсін.

Мұғалім — бұл өмірде ең құрметті және лайықты адамдар ие болатын мақтан тұтатын атақ. Ендеше атағыңыз мәңгілік болсын!

Ізгі тілекпен: оқушыңыз Мереке Саянаның ата-анасы Мусиева Ақмарал Койшекенқызы

Жаңа сабақтар

ЕРБОЛАТ МҰХАМЕДЖАН АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ БОЛЫП САЙЛАНДЫ

Елордада Академиялық адалдық лигасының Жалпы жиналысы өтті. Қауымдастықтың құрамына еліміздің 11 жоғары оқу орны кіреді.

Жиын барысында М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті Басқарма төрағасының орынбасары Ерболат Мұхамеджан дауыс беру арқылы бірауыздан Академиялық адалдық лигасы Кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Кездесуде жаңа басшы Лиганың дамуына қатысты көзқарасын білдірді: «Менің ойымша, Академиялық адалдық лигасы тек академиялық сапасы жоғары және кез келген академиялық әділетсіздікке жол бермейтін университеттермен ғана байланысты болуы керек. Лига ҚР Білім және ғылым министрлігінің сапасыз жоғары оқу орындарын жабу мен сұранысқа ие емес мамандықтардың лицензиясын қайтару бойынша қазіргі саясатын қолдайды».

Кеңес төрағасы жоғары білім саласындағы мәселелерге қоғамның назарын аудару үшін бар күшін салып, медиа саласындағы кәсіби тәжірибесін барынша пайдаланатынын айтты. Сондай-ақ Академиялық адалдық лигасын жоғары білім саласындағы кез келген өзгеріске дайын бренд ретінде қалыптастыратынын мәлімдеді.

Осы уақытқа дейін Ерболат Мұхамеджан «Atameken TV» арнасы бас продюсерінің орынбасары, ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі және ҚР БҒМ «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ-ның басқарушы директоры қызметтерін атқарған.

Анықтама. Академиялық адалдық лигасы – Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының қауымдастығы. Лиганың басты мақсаты – академиялық адалдық қағидаттарын алға қою арқылы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім сапасын арттыру. Қауымдастық 2018 жылы АҚШ-тың жекеменшік университеттері мүшелік ететін танымал «Лига Плюща — The Ivy League» үлгісі бойынша құрылған болатын.

Академиялық адалдық лигасының баспасөз қызметі

Жаңа сабақтар

ЕРБОЛАТ МУХАМЕДЖАН ИЗБРАН ПРЕДСЕДАТЕЛЕМ СОВЕТА ЛИГИ АКАДЕМИЧЕСКОЙ ЧЕСТНОСТИ

В столице состоялось Общее собрание Лиги Академической честности, в которую входят 11 вузов страны.

В ходе совещания, Ерболат Мухамеджан, заместитель Председателя Правления Университета КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева был единогласно избран Председателем Совета Лиги Академической честности.

В рамках заседания, Председатель Совета озвучил своё видение развития Лиги: «Я считаю, что Лига Академической честности должна ассоциироваться только с теми вузами, которые действительно имеют высокий уровень академического качества и выражают нулевую терпимость к любым проявлениям академической нечестности. Лига поддерживает нынешнюю политику Министерства образования и науки РК по закрытию некачественных вузов и лишению лицензий по невостребованным специальностям».

Также он заявил, что приложит все свои усилия и профессиональный опыт в медиасфере, чтобы привлечь внимание общественности к проблемам в сфере высшего образования, а Лигу Академической честности — сделать брендом готовности к изменениям.

Ранее, Ерболат Мухамеджан работал заместителем генерального продюсера «Atameken TV», занимал должности советника Министра образования и науки РК и управляющего директора АО «Информационно-аналитического центра» МОН РК.

Справочно. Лига академической честности – ассоциация высших учебных заведений РК, основной целью которой является повышение качества высшего и послевузовского образования посредством продвижения принципов академической честности. Ассоциация создана в 2018 году по подобию известной Лиги плюща, куда входят лучшие частные вузы США, предоставляющие высокое качество образования.

Пресс-служба Лиги Академической честности