Утенова Райхан Кожахметовна
Атырау облысы, Индер ауданы
«Балдаурен» бөбекжай-бақшасы тәрбиешісі
Менің алдымда жүректері күнәдан пәк, ақ үрпек сары ауыз балапандар жүр. Бұл періштелер әр отбасының алақандарына сап аялап отырған жүректерінің кішкентай ғана бөлшегі емес пе?.. Ата-ананың тілегі – сәбилерінің мұңсыз балалық шағы мен кіршіксіз көңілдері болса, менің тәрбиеші ретіндегі міндетім – осы ата-ананың тілегімен өріліп жатқаны баршаға аян. Бүршігін жаңа жарған тал шыбықты өсіріп бекіту, қанатын қатайтып, тура жолға салу ата-анадан кейін педагог – ұстаз – тәрбиешінің міндеті. Өйткені, санасына сызат түспеген періште көңіл сәбиді өмір баспалдағына жетелеп, білім мен тәрбиенің ақ желкеніне отырғызып, рухани дүниесін байытып, біліммен нәрлендіретін абзал жан – педагог. Продолжить чтение ««Ұстаз талантты болса, шәкірті талапты болады»»
Понравилось это:
Нравится Загрузка...