Жаңа сабақтар

PDF Журнал

Сілтеме: https://cloud.mail.ru/public/Tdfm/W8n1aWpuX

ЧЕКТЫБАЕВА АЙНУР АМАНТАЕВНА
КАЛДЫБАЕВА МАРЖАН КЫНАШБЕКОВНА
КОНДЫБАЕВА САЛТАНАТ САКЕНОВНА
ТЕМИРБАЕВА ЖАКСЫГУЛ ЛЕСБЕКОВНА
МЕЙРБЕКОВА АҚЖАН ХАЙРУЛЛАЕВНА
СТАМҚҰЛ ЖАНСАЯ РАМАНҚҰЛҚЫЗЫ
ӘШІРБАЙ САМАЛ ҚАСЫМБЕКҚЫЗЫ
САЙДУЛЛАЕВА ЗИЛАЙБУВИ МАХМУТОВНА
МАДИЯРОВА ПЕРИЗАТ ШАРДЖАРХАНОВНА
ШАРШБАЕВ РАУАН САБИТОВИЧ

NIS

NIS оқушысы АҚШ-тың бес университетінің шәкіртақысын ұтып алды

Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Жәния Абжан АҚШ-тың бес университетінің шәкіртақысын ұтып алды.

Продолжить чтение «NIS оқушысы АҚШ-тың бес университетінің шәкіртақысын ұтып алды»
Жаңа сабақтар

“Артек” лагерінің аналогы Жетісуда ашылмақ

Алматы облысы, Алакөл ауданында «Жалын» заманауи балалар лагері жұмысын бастайды. Жазғы демалыс кезінде бір маусымда 100-ден астам баланы қабылдау көзделіп отыр. Яғни, бір маусым он күн аралығын қамтыса, алты маусымда 600-дей балаға демалуға мүмкіндік жасалмақ. Демалыс орнына келетін балалар тобы жас ерекшеліктеріне байланысты жинақталады.

«Жалын» қала сыртындағы балалар демалыс орнының жобасына сәйкес лагерь аумағында 20 орындық бес жатын корпус, бір шығармашылық үй, бір асхана, персоналға арналған жатақхана, бір медпункт, балалар алаңы, балалар қалашығы, спорт алаңдары, қонақ үй қарастырылған.

«Аудан орталығына қарасты Ақши ауылынан «Жалын» лагері салынатындығын естіген бойда балам қатты қуанды. Бұрын-соңды болмаған заманауи үлгідегі демалыс орны балаларымыздың жазғы демалысына таптырмас мүмкіндік. Туризм саласының дамыған ошағы Ақши ауылы болғандықтан барынша жан-жақты дамытып, қолдау білдіріп отырған аудан басшысы мен құрылыс мамандарына айтар алғысым шексіз»,- деп ризалығын білдірді көп балалы ана, ауыл тұрғыны Арай Тұрғанбаева.

Құрылысы кезінде 100-ге жуық адам жұмыспен қамтылса, оның ішінде штаттық режимде 47 тұрақты жұмыс орның ашу қарастырылуда. Лагердің жалпы құны 1 млрд. 26 млн. 728 мың теңге. Мамандардың айтуынша, Ақши ауылы маңында бой көтеретін «Жалын» қала сыртындағы лагері қазіргі заманғы талаптарға сай жасақталады. Бұл өз кезегінде балалардың емін-еркін демалуына қолайлы жағдай жасау мен саламатты өмір салтын ұстануына ықпал етпек.

Айман Асылбекова