Жаңа сабақтар

Айтқали Жайымов «Ана әлдиі» Сабақтың мақсаты:

Фатима Ибадуллаева Өтепбергенқызы

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі аудандық

балалар әуез мектебінің домбыра сыныбы мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Айтқали Жайымов «Ана әлдиі»

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: Күйші , композитор А.Жайымов өмірі жайлы түсінік беру, шығармашылығымен таныстыру, күйдің орындау тәсілдерін меңгерту, күрделі қағыс түрлерін, әдіс-амалдарын, ерекшеліктерін үйрету.

ә)Дамытушылық: Композитор А.Жайымов күйлерінің шығу тарихын білу, мазмұнын түсініп ойнау, шеберлік деңгейін дамыту.

б) Тәрбиелігі: Күй құдіретін сезіне білуге тәрбиелеу, оқушыны әсемдікке , мәдениеттілікке тәрбиелеу, күй өнерін қастерлей білуге , ананы қадірлей білуге тәрбиелеу Продолжить чтение «Айтқали Жайымов «Ана әлдиі» Сабақтың мақсаты:»

Жаңа сабақтар

ФИЗИКА ПӘНІНІҢ БАСҚА ПӘНДЕРМЕН БАЙЛАНЫСЫ

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы,

Қарауылкелді орта мектебі

Қайруллина Ләйла Жолмұханқызы

физика пәнінің мұғалімі

ФИЗИКА ПӘНІНІҢ БАСҚА ПӘНДЕРМЕН БАЙЛАНЫСЫ

  1. ОҚУ ПӘНДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТЫҢ МӘНІ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ФОРМАЛАРЫ

Оқу пәндері арасындағы байланыс тиісті ғылымдар арасындағы байланыстың көрінісі болып табылады, бұл ғылымдардың әрқайсысы өз саласында объективті өмір сүретін бірыңғай материалдық дүниені зерттейді.

«Физиканы – молекулалар механикасы, химияны – атомдар физикасы және одан әрі биологияны – белоктар химиясы атағанда, мен бұл арқылы осы ғылымдардың бірінің екіншісініе өтуін, — демек, олардың арасындағы орын алып отырған байланысты, үздіксіздікті де, сондай – ақ екеуінің айырмасын, дискреттікті де айтқым келеді», — деп жазды Ф. Энгельс. Продолжить чтение «ФИЗИКА ПӘНІНІҢ БАСҚА ПӘНДЕРМЕН БАЙЛАНЫСЫ»

Жаңа сабақтар

Күшті өлшеудің практикалық тәсілдері

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы,

Қарауылкелді орта мектебі

Қайруллина Ләйла Жолмұханқызы

физика пәнінің мұғалімі

9 «ә» класы

Сабақ тақырыбы: Күшті өлшеудің практикалық тәсілдері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Күш түрлері, анықтамалары, формулалары, Ньютонның ІІ заңының қолдануларын оқып үйрену.

Тәрбиелік мақсаты: алған білімдерін тиянақтай отырып, тапқырлыққа, ізденіп шешім қабылдауға, ауызбіршілікке, ойын жинақтай білуге, бір – біріне көмектесуге баулу, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты: тақырып бойынша алған білімдерін қолданып, өз ойын айта білуге, жүйелі түрде ойлауға, ізденуге бағыттау, білімге деген құштарлығын арттыру. Продолжить чтение «Күшті өлшеудің практикалық тәсілдері»

Жаңа сабақтар

Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы,

Қарауылкелді орта мектебі

Қайруллина Ләйла Жолмұханқызы

физика пәнінің мұғалімі

Физика 9 класс

Сабақтың тақырыбы: Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары.

Сабақтың мақсаты:

1)Білімділік:оқушыларға дыбыс ұғымы және оның негізгі сипаттамалары туралы түсіндіре отырып,жаңа білімді меңгерту.

2)Дамытушылық: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, дыбыс толқынның негізгі сипаттамалары туралы білімдерін одан әрі дамыту.

3)Тәрбиелік: оқушыларды дыбыстың қасиеттерін техника мен тұрмыста қолдана алуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау, сұрақ-жауап, топпен жұмыс

Пәнаралық байланыс: математика, музыка, биология.
Сабақтың көрнекілігі: карточкалар, темір сызғыш, домбыра, интербелсенді тақта. Продолжить чтение «Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары»

Жаңа сабақтар

Қазақстан территориясындағы тайпа одақтары мен ертедегі мемлекеттердің қоғамдық құрылысы

Шымкент қаласы .Еңбекші ауданы, Ақпан батыр атындағы №10ЖШББМ

тарих пән мұғалімі Молдабекова Гулнәр Байшорақызы

Сыныбы: 6 а
Пәні: Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 7. Қазақстан территориясындағы тайпа одақтары мен ертедегі мемлекеттердің қоғамдық құрылысы
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Дәуір тарихына сипаттама беру, алғашқы тайпа одақтары туралы мәліметтерді ғылыми жағынан талдау. Қазақстан территориясындағы ертедегі мемлекеттердің тарихы туралы мәліметтер беру.
2) Дамытушылық: Тақырыпты ашу үшін оқушыларды топқа бөлу, тақырыптың ғылымилығын таба білуге үйрету. Тарихи білімдерін дамыту. Продолжить чтение «Қазақстан территориясындағы тайпа одақтары мен ертедегі мемлекеттердің қоғамдық құрылысы»

Жаңа сабақтар

Орта ғасырлар тарихы нені оқытады?

Шымкент қаласы,Еңбекші ауданы, Ақпан батыр атындағы №10ЖОББМ тарих пән мұғалімі Турсунбаева Кульпаршын Муратовна

Қысқа мерзімді жоспар

5б-сынып

Сабақтың тақырыбы:

Кіріспе сабақ

Зерттеу сұрағы: Орта ғасырлар тарихы нені оқытады?

Мұғалімнің аты-жөні:

Турсунбаева К.М

Күні: 15.09.2020

СЫНЫП: 5б Қатысқан оқушылар саны: Қатыспаған оқушылар саны: 0
Сабақ негізделген оқу мақсаттары Қазақстанның орта ғасырлар тарихына жалпы шолу
Сабақ нәтижесі: Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Продолжить чтение «Орта ғасырлар тарихы нені оқытады?»
Жаңа сабақтар

Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерекесіне

Шымкен қаласы – Еңбекші ауданы, Ақпан батыр атындағы №10ЖОББМ

Сабақтың тақырыбы— Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерекесіне

Білімділік: Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда үкіметінің алғашқы төрағасы Әлихан Бөкейхановтың қазақ ұлты үшін орны бөлек екені белгілі. Осындай халықтың қалаулысы Әлихан Бөкейхановты ХХ ғасырдың ең көрнекті тұлғасы деп қарастырып, оның орасан мол мұрасын ұрпаққа түсіндіре білу: Продолжить чтение «Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерекесіне»