Жаңа сабақтар

Кигай Сэлэнгэ

Павлодар облысы, Ақсу қаласы

Береке орта мектебі «Балауса» шағын орталық

Тәрбиеші:Кигай Сэлэнгэ

Тақырыбы: «Сиқырлы табиғат әлеміне саяхат»

Білім көздері: Сөйлеуді дамыту, Қоршаған ортамен танысу

Билингвальді компонент: Күн – солнце, Табиғат – природа, Ай – луна

Мақсаты: Балаларды табиғатты аялауға баулу. Міндеті:Оларды табиғат ғажайыптары мен табиғат құпиялары туралы мағлұматтарымен таныстыру. Продолжить чтение «Кигай Сэлэнгэ»

NIS

Жәңгірдің он бір досы

Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің еріктілері елордадағы балалар үйінің және SOS балалар ауылының тәрбиеленушілерімен кездесіп, гитарада ойнауға үйретіп, сыйлықтарын табыстады. ⠀

Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Жәңгір Мұрат «Волонтерлік жобаларды қолдау» байқауында грант жеңіп алған болатын. Карантин уақытында зияткер аз қамтылған отбасылардың балалары мен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тегін гитарада ойнау сабақтары мен ағылшын тілі курстарын жүргізген.⠀

Байқаудан соң Жәңгір жанына Сұлтан Мұратбек, Жақсылық Жеңіс және өзге де ниеттес, пікірлес достары қосылған еріктілер тобын құрды. Бүгінде олардың қатары он бірге жетті. ⠀

– Еріктілердің жеке жобасына емес, қоғамға пайдалы болуына мән берілген байқау аясында белсенді жастармен бірге балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап тегін гитара үйірмесі өткізіледі. Одан бөлек үйірменің кестесіне сай ZOOM платформасында ағылшын тілінен де дәрістер жүргізіледі. Келесі жылы басқа да үйірмелерді ашуға өз тарапымыздан қолғабыс тигізетін боламыз, – дейді Жастар саясаты басқармасының басшысы Дәулет Кәрібек.⠀

– Біздің алдағы мақсатымыз – әртүрлі мектептерден оқушылар жинап, белсенді еріктілер тобының жұмысын қала деңгейінде біріктіру, – дейді НЗМ оқушылары.⠀

NIS

Одиннадцать друзей Жангира

Волонтеры Назарбаев Интеллектуальной школы города Нур-Султан встретились с воспитанниками столичного детского дома и Детской деревни SOS, вручили им подарки и учили игре на гитаре.⠀

Ученик 11-го класса НИШ Жангир Мурат выиграл грант в конкурсе «Поддержка волонтерских проектов». Во время карантина школьник вел бесплатные уроки игры на гитаре и курсы английского языка для детей из малообеспеченных семей и воспитанников детских домов. ⠀

После конкурса Жангир сформировал волонтерскую команду, к которой присоединились Султан Муратбек, Жаксылык Женис и другие единомышленники, сегодня их одиннадцать друзей.⠀

– В рамках конкурса, ориентированного не на отдельные проекты, а на важность волонтеров для общества, для воспитанников детских домов проводится бесплатный гитарный кружок. Кроме того, на платформе ZOOM пройдут занятия по английскому языку. В следующем году мы будем содействовать открытию и других кружков, – отметил руководитель Департамента молодежной политики столицы Даулет Карибек.⠀

– Наша следующая цель — собрать учеников из разных школ и объединить работу команды активных волонтеров на городском уровне, – признались волонтеры НИШ.⠀