Жаңалықтар

«ЖАС МАМАН»: 67 КОЛЛЕДЖ ОҚУ-ӨНДІРІСТІК БАЗАСЫН ЖАҢАРТТЫ

Еліміздегі 67 колледждің оқу-өндірістік базасы жаңартылды. Білім беру ұйымдары студенттерді сұранысқа ие 100 мамандық бойынша оқыту мақсатында қажетті заманауи құрал-жабдықтар сатып алды. Шара «Жас маман» жобасын жүзеге асырудың бірінші кезеңі аясында қолға алынды. Жылдың соңына дейін тағы да 13 колледжге қажетті техника жеткізіледі. Жалпы аталған жоба еліміздің 180 колледжін қамтиды, олардың барлығы оқу-өндірістік базасын жаңарта алады.

Продолжить чтение ««ЖАС МАМАН»: 67 КОЛЛЕДЖ ОҚУ-ӨНДІРІСТІК БАЗАСЫН ЖАҢАРТТЫ»
Жаңа сабақтар

Орталық Азия аумағындағы тұңғыш әрі жалғыз жоғары білім ордасы 19 жылдығын атап өтуде

Радиотехника мамандығы бойынша офицер-инженерлерді дайындайтын Орталық Азия аумағындағы тұңғыш әрі жалғыз жоғары білім ордасы 19 жылдығын атап өтуде.

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының құрылу және даму тарихы Қазақстан әскері мен отандық білім және ғылым жүйесінің даму жолымен тығыз байланысты. Аталған білім ордасында 5 мамандық бойынша әскери мамандар дайындалады. Продолжить чтение «Орталық Азия аумағындағы тұңғыш әрі жалғыз жоғары білім ордасы 19 жылдығын атап өтуде»

Жаңа сабақтар

19- годовщину со дня образования отмечает Военно- инженерный институт радиоэлектроники и связи

Единственный ВУЗ в Центрально-Азиатском регионе, который готовит офицеров-инженеров радиотехнических специальностей отмечает свою годовщину 15 октября. История создания и развития института связана с созданием казахстанской армии и совершенствованием отечественной системой образования и науки. Продолжить чтение «19- годовщину со дня образования отмечает Военно- инженерный институт радиоэлектроники и связи»

Жаңа сабақтар

«Менің Қазақстаным»

Павлодар қаласы № 48 санаторлық сәбилер бақшасы» МҚҚҚ

Тәрбиеші Кошумбекова Жанар Булатовна

Білімділік саласы: Таным

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Менің Қазақстаным»

Мақсаты:

1. Қазақстан республикасы туралы балалардың білімдерін толықтыру. 2. Сурет арқылы, пиктограмма, зерттеу арқылы әңгіме құрату, сөздік қорларын жетілдіру. 3. Отансүйгіштікке тәрбиелеп, өзінің еліне, жеріне, табиғатына деген ұлтжандылық сезімдерін қалыптастыру. Продолжить чтение ««Менің Қазақстаным»»

Жаңа сабақтар

«Дидактикалық ойын арқылы балалардың тілін дамыту»

Павлодар қаласы № 48 санаторлық сәбилер бақшасы» МҚҚҚ
Тәрбиеші Кошумбекова Жанар Булатовна

Дидактикалық ойындардың тәрбиелік мәні

Тәрбие – баланың дүниеге келген сәтінен басталады. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тербелейтін негізгі іс — әрекет – ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдардың еңбегімен, қарым – қатынастарымен танысады. Халқымыз ойындарды тек балаларды алдандыру, көңілін көтеру әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарастарын, мінез — құлқын қалыптастыру құралы деп ерекше бағалаған. Продолжить чтение ««Дидактикалық ойын арқылы балалардың тілін дамыту»»

Жаңалықтар

КОЛЛЕДЖДЕРДІҢ ТОП-100 СТУДЕНТІ АНЫҚТАЛАДЫ

Кез келген азамат еліміздегі колледждердің ТОП-100 студентін анықтауға атсалыса алады. Республикалық байқауға 338 адам қатысып жатыр. Жоба жеңімпаздары өз мамандықтары бойынша кәсіпорын басшыларынан жұмысқа орналасуға шақыру алады.

Продолжить чтение «КОЛЛЕДЖДЕРДІҢ ТОП-100 СТУДЕНТІ АНЫҚТАЛАДЫ»