Жаңа сабақтар

Саукманова Анар Слямжановна.

ШҚО.Аягөз аудандық бөлімінің №4 аралас ЖОББМ «КММ»

Тарих пәні мұғалімі Саукманова Анар Слямжановна.

Сабақтың тақырыбы: Көшпелілердің рухани мәдениетінің ерекшелігі

Сабақтың мақсаты :

Білімділік: Көшпелі тайпалар-сақ, сармат, скифтердің материалдық және рухани мәдениеті, діни наным сенімдері туралы білімдерін тереңдету. Олардың көшпелі өркениетке қосқан үлесін көрсету.

Дамытушылық: Көшпелі өркениет» ұғымын, сонымен қатар алғышқы көшпелілерден бастап, орта ғасырларда жалғасып, одан әрі дамып отырған көшпелілер мен отырықшылардың арасындағы өзара байланысын, ықпалын қалыптастыру. Продолжить чтение «Саукманова Анар Слямжановна.»

Жаңалықтар

БІРІНШІ ОҚУ КҮНІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Мектепке дейінгі білім беру

Еліміз бойынша мектепке дейінгі біліммен 900 мыңға жуық бала қамтылған. Карантиндік шектеулер жағдайында ата-аналардың қалауы бойынша балабақшаларға балалардың жалпы санының 18,7%-ы барады. Бүгінгі таңда елімізде барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, 15 709 кезекші топ жұмыс істейді.

Орта білім

Жаңа оқу жылында 7 мыңнан астам мектеп жұмысқа кірісті, оның 32-сі бүгін, 1 қыркүйекте ашылды. Жыл соңына дейін тағы 77 білім беру ұйымы пайдалануға беріледі.

7 мыңнан астам мектептің шамамен 3 мыңы дәстүрлі форматта жұмыс істейді. Бұл негізінен ауылдық мектептер.

Жаңа оқу жылында 352 091 бала бірінші сыныпқа қабылданды. Бастауыш сыныптарда бір миллионнан астам оқушы бар, олардың 60%-ы ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің өтініші бойынша кезекші сыныптарда оқуды бастады.

Қашықтан оқыту форматында 2,6 млн-ға жуық оқушы білім алып жатыр.

«Күнделік»

1 қыркүйек сағат 15:00-дегі жағдай бойынша жүйедегі қаралым саны 3,7 млн. құрайды. «Күнделік» штаттық режимде жұмыс істейді.

1 қыркүйектегі сағат 15:00-дегі жағдай бойынша негізгі білім беру платформаларындағы сессиялардың саны – 2,2 млн. Орналастырылған контентті қарау саны – 6,8 млн.

Мектеп оқушыларына уақытша пайдалану үшін 435 мың дана компьютерлік техника берілді. 15 қыркүйекке дейін қосымша 250 мың дана компьютерлік техника беру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар бүгін оқушылар үшін сынып сағаттары өткізілді.

ҚР БҒМ баспасөз қызметі

Жаңалықтар

Әскери оқу орындарында жаңа оқу жылы басталды

Алматы қаласындағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында жаңа оқу жылының басталуына орай салтанатты шара болып өтті.

Продолжить чтение «Әскери оқу орындарында жаңа оқу жылы басталды»
Жаңа сабақтар, Жаңалықтар

ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы

ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ

Құрметті отандастар!
Құрметті Парламент палаталарының төрағалары, депутаттар, Үкімет мүшелері!

Парламенттің кезекті сессиясының жұмысы күрделі кезеңде басталып отыр. 
Елімізде жер-жаһанға зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес әлі де жалғасуда. Біз азаматтардың өмірін және денсаулығын қорғау үшін бар күш-жігерімізді біріктірдік. Осындай сын сағатта ынтымағы жарасқан халқымыз жұдырықтай жұмылды. Індетпен күрес дана халқымызға тән асыл қасиеттердің арқасында жүзеге асты. Өзгеге қол ұшын созып, тілеулес болу, тосыннан келген кеселге қарсы тұру маңызды екені анық байқалды.

Продолжить чтение «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ»

Жаңа сабақтар

1 қыркүйек – Білім күні

ЕЛІМІЗДЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін 1 қыркүйек – Білім күні. Жаңа 2020-2021 оқу жылында 3,3 млн қазақстандық оқушы, 466 мың колледж студенті және 600 мыңнан астам жоғары оқу орындарының студенті білім алады. Санитарлық дәрігерлердің талаптарына сәйкес карантиндік шектеулер жағдайында жаңа оқу жылы эпидемиологиялық жағдайға байланысты әртүрлі форматта басталады. Продолжить чтение «1 қыркүйек – Білім күні»