Жаңа сабақтар

«Мысық, Әтеш және Түлкі» (ертегісі)

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Байқоңыр қаласы 24 балабақшасы
Тәрбиешінің аты — жөні: Мняжева Айгуль Сайлаубаевна

Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Мысық, Әтеш және Түлкі» (ертегісі)

Мақсаты:

Жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу. Ертегінің мазмұнымен таныстыра отырып, жағымды-жағымсыз кейіпкерлерді өздігінен ажырата білуге үйрету. Мазмұнның жүйесін сақтай отырып,шағын ертегілерді айтып беруге баулу. Әңгіменің соңын ойдан шығаруды дағдыландыру.Ертегі арқылы ойын, қиялын дамыту Продолжить чтение ««Мысық, Әтеш және Түлкі» (ертегісі)»

Жаңа сабақтар

Ә. Дүйсенбиевтің «Қыс» өлеңін жаттау

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Байқоңыр қаласы 24 балабақшасы

Тәрбиешінің аты жөні: Абишева Жанат Сапарбековна

Бала жасы: 5-6

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу қызметі : Көркем әдебиет.

Тақырыбы: Ә. Дүйсенбиевтің «Қыс» өлеңін жаттау.

Мақсаты:Тақпақты жаттау. Өлеңнің мазмұнының мағынасына байланысты интонациямен мазмұндауға үйрету. Суреттер бойынша әңгімелер құрастыра білуге үйрету, өз ойын айта білу дағдыларын қалыптастыру Ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, әдемілікке тәрбиелеу. Продолжить чтение «Ә. Дүйсенбиевтің «Қыс» өлеңін жаттау»

Жаңа сабақтар

«Біз тұратын қала»

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Байқоңыр қаласы 24 балабақшасы

Тәрбиешінің аты — жөні: Нуртуганова Айнур Нуртугановна

Балалардың жасы: 4-5

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі.

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Біз тұратын қала»

Мақсаты:

Тәрбиелік:көпшілік орындардарда өздерін ұстай білу мәдениетін қалыптастыру

Білімділік: сөз және сөз ұйқастарынан құрылған ойындарға қызығушылығын арттырып, сөйлеу мәнерін үйрету. Продолжить чтение ««Біз тұратын қала»»

Жаңа сабақтар

«Сиқырлы математика еліне саяхат»

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Т.Көмекбаев ауылы

185 орта мектеп жанынан ашылған Ақерке шағын орталығы

Әзи Жанаркүл Тағыбергенқызы

Сабақтын тақырыбы: «Сиқырлы математика еліне саяхат»

Мақсаты: Балалардың сандар және пішіндер жайлы түсініктерін бекіту. Кеңістікті бағдарлауды жетілдіру. Жұмбақтар шеше білуге дағдыландыру.

Білімділік: Сандарды тура және кері атауға дағдыландыру. Пішіндердің көлемін, түсін дұрыс атауға дағдыландыру және кеңістікті бағдарлай білуге дағдыландыру.

Дамытушылық: Балаларға әртүрлі тапсырмалар бере отырып, зейіндерін, логикалық ойлау, есте сақтау сақтау қабілеттерін дамыту, ұжыммен жұмыс жасау барысында бірлесіп шешім қабылдауды жетілдіру. Продолжить чтение ««Сиқырлы математика еліне саяхат»»

Жаңалықтар

БІРНЕШЕ ЖОО ЛИЦЕНЗИЯСЫНЫҢ КҮШІН ТОҚТАТТЫ

БҒМ КЕЙБІР ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ЛИЦЕНЗИЯСЫНЫҢ КҮШІН ТОҚТАТТЫ

ҚР Білім және ғылым министрлігі бірнеше жоғары оқу орнының білім беру лицензиясының күшін тоқтатты. Бұл шешімге бірқатар жоғары оқу орнын қайта тексеру барысында Білім туралы заңнама нормаларының бұзылуын анықтау негіз болды.

«Алматы» университеті, «Қайнар» Академиясы, Алматы Экономика және статистика академиясы, Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті, А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті және «Silkway» халықаралық университетін қайта тексеру қорытындысы бойынша білім беру саласындағы заңнама нормаларының бұзылуы қайта анықталды.

Осыған байланысты ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті «Алматы» Университеті, Алматы Экономика және статистика академиясы, Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті, А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін лицензиясының күшін тоқтатты.

«Қайнар» Академиясы мен «Silkway» Халықаралық университетін тексеру қорытындылары тексеру нәтижелеріне шағымдануына байланысты сотта қаралуда. Сот процестері аяқталғаннан кейін тиісті шаралар қабылданатын болады.

Сонымен қатар М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «құқық» даярлау бағыты бойынша (бакалавриат) лицензияға қосымшаның қолданылуы тоқтатылды.

Осы ретте талапкерлерді заңнамаға сәйкес білім беру қызметін жүргізуге лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайда жоғары оқу орны жаңа 2020-2021 оқу жылына қабылдай алмайтындығына назар аударуларын сұраймыз.

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті