Жаңа сабақтар

Абдраева Айнұр Құрбанқызы

Түркістан қаласы.Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп- гимназиясының өзін- өзі тану пәні мұғалімі:Абдраева Айнұр Құрбанқызы

Сабақтың тақырыбы: Менің сыныбым – менің ұжымым

Құндылық: Достық Қасиеттер: Мейірімділік,ізеттілік,бірлік, ынтымақ

Сабақтың мақсаты:Оқушылардың «ұжым», «достық» құндылықтары туралы түсінініктерін кеңейту.

Міндеттері:

– ұжымның адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

– өзара татулық, сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

– бірлікке, сыйластыққа, достыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер, музыкалық орталық
Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңіа) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу

ә) оқушылар назарын сабаққа аудару

б) Тыныштық сәті

Тыныштық сәті

Ойлану жұмысының алдында балалардың бір сәт денесі, ойы сергітіледі.

Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Көздерін жұмуына да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Осылайша екі минуттай отырады.

Оқушылар көңіл күйін көтеру мақсатында
2. Үй тапсырмасын тексеру
Әңгімелесумәтінді әңгімелеп беруМәтінмен жұмысОқушыларға сынып ұжымындағы қарым-қатынастар туралы түсінік беру мақсатында әңгіме оқу ұйымдастыру.

Күмән

Машқар Гумеров

Оқушылар соңғы сабаққа кіргенде, сыныптағы үлкен терезенің бір көзі сынғанын көрді. Кезекші Рақила болатын.

Терезені Боранбай сындырды. Өз көзіммен көрдім,–деп айқайға басты ол.

Боранбай танып әлек. У-шу ұлғайып бара жатқанда, мұғалім кірді де, жағдайды білген соң:

Сабақтан кейін сыныпта қалыңдар. Анықтаймыз. Ал қазір тынышталыңдар, сабақ бастаймыз,–деді.

Сынып ішіндегі мына у-шу сол айтыстың жалғасы еді. Мұғалім қағаздарын тастап, қайтып оралмақ. Істің ақиқатына жетудің орнына, салғыласа берсе, ұзақ отырып қалмай ма? Әтіргүлдің қарны ашты, үйіне қайтуға асықты. Тамағын кенеп, бар даусымен:

Балалар! – деді. Қазір апай келеді. Не айтамыз? Құр сарылып отыра береміз бе? Терезені кім сындырды? Айтсаңдаршы біреуің! Рақила, сен анық көрдің бе? Кім сындырды? Әйнек өз-өзінен сынбайды ғой.

Осы кезде көпшілік арасынан Дәуіт деген қара домалақ бала суырылып шығып:

Сындырған мен! – деді.

Сыныптағылар аң-таң. Дәуіт ең момын бала еді.

Өтірік! – деді Рақила қызараңдап.

Түк те өтірік емес. Рас. Мен сындырдым.

Ендеше неге бірден айтпадың? деді Әтіргүл. Жұртты осынша дауластырып қойғаның не?

Е,маған сөз тиді ме? Өздерің ғой шуылдасып…

Онысы рас. Жұрт шуылдасып жатқанда, бұның өмірі үні шықпайтын.

Дәуіт терезені қалай сындырғанын айтып берді. Терезеде қалбалақтап жүрген әдемі көбелекті ұстаймын деп, байқамай әйнекті сындырып алыпты да, сасқанынан сыртқа зып беріпті. Бұл кезде сыныпта ешкім жоқ екен.

Балалардың барлығы Рақилаға қарады.

Ау, кезекші! Бұл қалай? Боранбай сындырды деп ең? Оны қайдан көрдің? деді екі-үш бала.

Рақила қысылғаннан жұртқа тура қарай алмады. Есікке тұра ұмтылды.

Мән-жай анықталған соң балалар көңілденіп, парталарына жайғасып отырды.

Көрмегенді көрдім деу – ең жаман әдет, әрі-беріден соң ол жалақорлық. Жиында басқасынан гөрі осы туралы көбірек сөз болды.

Әтіргүл ұстаз үстелінің қасында жалғыз өзі тұр еді. Жолдастары алдында тауы шағылған Рақилаға жаны ашып, есіктен көзін алмады. «Ұят-ай! Бұрын да осындай ұсақ-түйек оқиғалар болған. Бұдан былай балалар Рақиланың шын сөзіне де сенбей, күмәнданатын шығар-ау. Жолдастарының сеніміне кіру үшін оған қанша уақыт қажет боларын кім білсін!.»

· Әңгімедегі оқиғадан сынып оқушыларының қандай жақсы қасиеттерін көруге болады?

  • Олардың бойынан қандай жағымсыз қасиеттерді байқадыңдар? Одан қалай арылуға болады? Сендер не істеген болар едіңдер?
  • «Сенімге кіру үшін оған қанша уақыт қажет болады», – дегенді қалай түсінесіңдер?
  • Өз сыныптарыңда осыған ұқсас оқиғалар болды ма? Естеріңе түсіріп айтып беріңдер.
Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.
Дәйексөз:Дәйексөз

Балалардың жауаптары дәйексөздің түсіндірілуімен түйіндеу:

Тақтада жазулы тұрған Ә.Табылдиевтің «Ұжымда болу – бақыт» деген нақыл сөздің мәнін ашып түсіндіру:

– Жеке адамның жақсы мінез-құлқы ұжымда көпшіліктің ықпалының арқасында қалыптасады. Сынып ұжымындағы балалар бір-біріне көмек беру, сыныптастарын ренжітпеу, көпшіл болу, ұйымшыл болу, кешірімді болу сияқты қасиеттерді бойларына сіңіруге көп мүмкіндік алады. Бір-бірімен сырласады, достасады, қуаныштарын бірге бөліседі, өздерін бақытты сезінеді.

Халық мақалы
Шығармашылық жұмыс. Дәптермен жұмысСабақта айтылған ойларды оқушылардың бекіте түсуі үшін тапсырма беру.

Тапсырма: Дәптерде берілген бос жолдарға өз сыныбыңның үлгі етерлік жақтарын жазыңдар.

Оқушылар тапсырмаларды орындайды
Топпен ән айту: Дос болайық бәріміз! Сөзі: Х.Талғаровтікі

Әні: И.Нүсіпбаевтікі

Әрқашан дос біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Ілгері жүріңдер,

Достық жырын біліңдер,

Ту ғып ұстап бірлікті!

Еңбекті сүйіңдер!

Қайырмасы:

Дос болайық, бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.

Қайраттанып қарышта,

Озып шыққан жарыста.

Батыл бас,жас ұлан!

Самға биік,алысқа,

Жұлдыздарға,ғарышқа,

Бойда күш тасыған.

Қайырмасы.

Әнді ерекше көңілмен айтып,сергиді
Дәптермен жұмыс: дәптерде тапсырмаларды өз беттерінше орындайды. Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды
Үй тапсырмасы: Мәтінді оқып түсінікайту Күнделіктеріне жазады.
Соңғы тыныштық сәті:— Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық,қамқорлық,аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме,сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар. Оқушылар көздерін жұмып демалады.


Зайтуна Есмаганбетова