Атырау облысы,Құрманғазы ауданы,Құрманғазы селосы,М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі КММ,Утебалиева Арайлым Самиголлаевна
Тарих-география пән мұғалімі
ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ – ОНЫҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІНДЕ
Утебалиева Арайлым Самиғоллақызы, география пәнінің мұғалімі
М.Әуезов атындағы орта мектебі
Тәуелсіз мемлекеттің ертеңі – ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен білігіне, іскерлігіне байланысты. Өскелең ұрпақты биік мақсаттарға жетелеу, өз бойында бүкіл адамзаттық құндылықтарды жинақтаған, өз өміріне өзі басшылық жасап, өзін-өзі дамытатын тұлғаны тәрбиелеу- бүгінгі білім беру ұйымдарының алдына қойылатын негізгі міндеттердің бірі. Осы міндетті іске асыру тетігі ұстаздарға байланысты. Іскер жаңаға жаны құмар, үздіксіз ізденіс үстіндегі мұғалім ғана оқушыға сапалы білім бере алады. Сондықтан білімнің жаңа үлгісі өзіне сәйкес жаңа мұғалімдерді талап етеді. Ол мұғалім шығармашылықпен жұмыс істей алатын, жеке тұлға, өз пәнін жетік меңгерген, кез-келген педагогикалық жағдайды өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеті, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үрдістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатындай мұғалім болу керек. Продолжить чтение «Утебалиева Арайлым Самиголлаевна»