
День: 25.06.2020
ҰБТ-ДА 122 БАЛЛ ЖИНАҒАН ДИЯР АБДРАХМАН

Бүгін – Ұлттық бірыңғай тестілеудің бесінші күні. Биыл тестілеуді өткізу тәртібі қатаңдады. Әр аудитория бейнебақылау камераларымен жабдықталған, тестілеу барысын тәуелсіз сарапшылар бақылайды. Сондай-ақ ҰБТ-да тыйым салынған заттарды пайдаланған талапкерлер аудиториядан шығарылады. ҰБТ-да 122 балл жинаған Павлодар қаласының түлегі Дияр Абдрахман ереже жалпыға ортақ, түлектердің барлығы бірдей жағдайда дайындалуға мүмкіндік алды, грант әділ тағайындалуы керек дейді.
«Менің ойымша, телефон, шпаргалка кіргізетін түлектер өз білімімен тапсырған балалардың мемлекеттік грант ұтып алуына кедергі болады. Сондықтан тыйым салынған заттарды өзге түлектер пайдаланбауы керек. Оған жол берілмесе екен. Бізге мұғалімдеріміз телефонмен ұсталып қалсақ бақылаушы аудиториядан шығарып, акт толтыратынын үнемі ескертіп жүрді. Егер ҰБТ-дан бұл жолы сүрінсеңіздер, тамыз айында тағы бір тапсырып көруге болады», – деді Дияр Абдрахман.
Ережені бұзбаған тестіленуші ғана тамыз айында өткізілетін ҰБТ-ға қатыса алады. Бұл шекті баллды жинай алмаған түлектер үшін қосымша мүмкіндік.
«Дайындық барысында Ұлттық тестілеу орталығының сайтындағы тегін сынама тестерді жиырма шақты рет орындадым. Бізден бір сынып жоғары оқығандарға мұндай мүмкіндік жасалмады, біздің жолымыз болған сияқты. Тіпті калькуляторды да пайдаландық», – деді Дияр.
ҚР БҒМ Баспасөз қызметі
ТЮЛЕЕВА КЛАВДИЯ УТЕГЕНОВНА
ТҮСІПОВА ГҮЛНАЗ САЙЛАУБЕКҚЫЗЫ
«Тестілеуде көшіріп жазған адам грант ұтып алса, әділетсіз болады»

Тоқсан би орта мектебінің түлегі Дәурен Тенесов
«Мен әділдікті жақтаймын! Сондықтан мемлекеттік білім беру грантын тыйым салынған заттарды пайдаланған талапкер емес, тест тапсырмаларын тек өз біліміне сеніп орындаған тестіленуші ұтып алғанын қалаймын», – дейді Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы Тоқсан би орта мектебінің түлегі Дәурен Тенесов. Талапкер Ұлттық бірыңғай тестілеуде 109 балл жинады.
Продолжить чтение ««Тестілеуде көшіріп жазған адам грант ұтып алса, әділетсіз болады»»«ҚОРҒАС» ШЫХО: ӨЗГЕРІСКЕ ҚАРАЙ БАҒЫТ

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы – әлемде трансшекаралық ынтымақтастық жолға қойылған жалғыз жоба
2005 жылы құрылған «Қорғас» орталығы шекара маңында сауда дамуының алаңына айналды. Мемлекетаралық жобаның мақсаты трансұлттық компанияларды тарту, қазақстандық экспортты ілгерілету, Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы шекары маңындағы сауда көлемін өсіру болды. Тұтастай алғанда, бірегей жоба бизнесті жүргізу, инвестицияларды тарту және туристерге қолайлы жағдай жасауға бағытталды.
Продолжить чтение ««ҚОРҒАС» ШЫХО: ӨЗГЕРІСКЕ ҚАРАЙ БАҒЫТ»