NIS

Жаңалықтың жаршыларына жырдан жауһар

Бүгін елімізде халықтың тынымсыз тұрмыс-тіршілігінен, әлеуметтік әл-ауқатынан, қоғамдағы өзекті мәселелерден алғашқы боп хабар тарататын мәртебелі мамандық иелері – БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесі. Көрнекті жазушы Шерхан Мұртаза: «Журналистің арқалағаны — алтын, жегені — жантақ», — деп бекерге айтпаса керек. Қазіргідей ел басына туған қиын-қыстау сәтте індеттен ілгері, қауіппен қатарласа жүрген журналистер қауымы кәсіптеріне деген адалдықты ту етіп келеді.

Продолжить чтение «Жаңалықтың жаршыларына жырдан жауһар»
Жаңа сабақтар

Утебалиева Арайлым Самиголлаевна

Атырау облысы,Құрманғазы ауданы,Құрманғазы селосы,М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі КММ,Утебалиева Арайлым Самиголлаевна

Тарих-география пән мұғалімі

ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ – ОНЫҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІНДЕ

Утебалиева Арайлым Самиғоллақызы, география пәнінің мұғалімі

М.Әуезов атындағы орта мектебі

Тәуелсіз мемлекеттің ертеңі – ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен білігіне, іскерлігіне байланысты. Өскелең ұрпақты биік мақсаттарға жетелеу, өз бойында бүкіл адамзаттық құндылықтарды жинақтаған, өз өміріне өзі басшылық жасап, өзін-өзі дамытатын тұлғаны тәрбиелеу- бүгінгі білім беру ұйымдарының алдына қойылатын негізгі міндеттердің бірі. Осы міндетті іске асыру тетігі ұстаздарға байланысты. Іскер жаңаға жаны құмар, үздіксіз ізденіс үстіндегі мұғалім ғана оқушыға сапалы білім бере алады. Сондықтан білімнің жаңа үлгісі өзіне сәйкес жаңа мұғалімдерді талап етеді. Ол мұғалім шығармашылықпен жұмыс істей алатын, жеке тұлға, өз пәнін жетік меңгерген, кез-келген педагогикалық жағдайды өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеті, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үрдістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатындай мұғалім болу керек. Продолжить чтение «Утебалиева Арайлым Самиголлаевна»

Жаңа сабақтар

Даулетияр Айман

Түркістан облысы Түркістан қаласы адами әлеуетті дамытубасқармасының «Тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп интернат» коммуналды мемлекеттік мекемесі

Даулетияр Айман информатика пәні мұғалімі

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

ІІІ-бөлім Әлемнің барлығы ғаламторда!

Мектеп: Тілдік мектеп интернаты
Күні: 19.02.2020 Мұғалімнің аты-жөні.Даулетияр Айман
Сынып: 3а,ә,б,в Қатысқаны: Қатыспағаны:
Сабақтың тақырыбы Ғаламтордағы қауіпсіздік
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.3.3.1 Ғаламтор желісіндегі қажетсіз байланыстың қаупін түсіну

3.3.2.1 желіде ақпарат алмасу жолдарын түсіндіру

Сабақтың мақсаты қажетті ақпаратты іздеуде ғаламторды пайдаланады және ғаламторды пайдаланудағы қауіпсіздікті қолданады;

-желіде ақпарат алмасады

-желіде ақпарат алмасу жолдарын, желідегі қажетсіз байланыстың қаупін көрсетеді. Продолжить чтение «Даулетияр Айман»

Жаңа сабақтар

Есиркепова Салтанат Рысбековна

Түркістан облысы, Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту басқармасының «Тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп — интернат» коммуналды мемлекеттік мекемесінің бастауыш топ тәрбиешісі

Есиркепова Салтанат Рысбековна

Сабақтың тақырыбы: «Киіз үйдің төрінде»

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Балаларға қазақ халқының салт – дәстүрін, әдет ғұрпын біліп өсуге, қазақ халқының қонақ жай дәстүрін құрметтеуге үйрету.

Дамытушылығы: Балалардың сөздік қорын молайту арқылы, салт дәстүр туралы ұғымдарын қалыптастыру. Сөйлеу тіл мәдениетін, сөздік қорын молайту, грамматикалық тұрғыда жүйелі сөйлей білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: Балаларды өз ұлтына, еліне сүйіспеншілігін арттыру, имандылыққа тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілі: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ – жауап, жұмбақ шешу, ойын.

Көрнекілігі: Киіз үй, ұлттық бұйымдар, қоржын, асықтар. Продолжить чтение «Есиркепова Салтанат Рысбековна»

Жаңа сабақтар

Бекенбаева Ақсұлу Ергешбайқызы

ТО адами әлеуетті дамыту басқармасының «Тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп — интернат» кмм – нің музыка түзету ырғағы пәні мұғалімі Бекенбаева Ақсұлу Ергешбайқызы

пәннің аты:музыка сынып -5 «ә» пән мұғалімі: Бекенбаева А
Сабақтың тақырыбы Түркі тілдес халықтарының музыкалық дәстүрі
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 5.1.2.3 –қазақ халқының және әлем халықтары музыкалық дәстүрлерінің ерекшеліктерін анықтау;

5.1.3.1 – түрлі әндерді орындау барысында музыканын көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізу;

Сабақ мақсаттары Қазақ халқының және түркі халықтарының музыкалық дәстүрлерінің ерекшеліктерін анықтайды.

Түрлі әндерді орындау барысында көңіл- күй мен көркем бейнесін жеткізеді. Продолжить чтение «Бекенбаева Ақсұлу Ергешбайқызы»

Жаңа сабақтар

«Шежірелі Шыңғыстау»

Жұмыс атауы: «Шежірелі Шыңғыстау»

Әдісі: Жаңартылған оқу бағдарламасы негізінде құрылған сабақ жоспары

Жұмыстың авторы: Қадыров Арнұр Асқарұлы

Лауазымы: География пәні мұғалімі

Жұмыс орны: ШҚО, Абай ауданы, «ЖББ Қарауыл гимназиясы» КММ

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақмерзімдіжоспардыңтарауы:

Өлкетану

Мектеп: «ЖББ Қарауыл гимназиясы» КММ
Күні: Мұғалімніңаты-жөні: А.А Қадыров
Сынып: 7 Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтыңтақырыбы: «Шежірелі Шыңғыстау»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес) Туған өлкенің географиялық-тарихи орны, табиғи-тарихи ескерткіштердің маңызын түсіндіру
Сабақтыңмақсаты
Жаңалықтар

ҰБТ-ДА 122 БАЛЛ ЖИНАҒАН ДИЯР АБДРАХМАН

Бүгін – Ұлттық бірыңғай тестілеудің бесінші күні. Биыл тестілеуді өткізу тәртібі қатаңдады. Әр аудитория бейнебақылау камераларымен жабдықталған, тестілеу барысын тәуелсіз сарапшылар бақылайды. Сондай-ақ ҰБТ-да тыйым салынған заттарды пайдаланған талапкерлер аудиториядан шығарылады. ҰБТ-да 122 балл жинаған Павлодар қаласының түлегі Дияр Абдрахман ереже жалпыға ортақ, түлектердің барлығы бірдей жағдайда дайындалуға мүмкіндік алды, грант әділ тағайындалуы керек дейді.

«Менің ойымша, телефон, шпаргалка кіргізетін түлектер өз білімімен тапсырған балалардың мемлекеттік грант ұтып алуына кедергі болады. Сондықтан тыйым салынған заттарды өзге түлектер пайдаланбауы керек. Оған жол берілмесе екен. Бізге мұғалімдеріміз телефонмен ұсталып қалсақ бақылаушы аудиториядан шығарып, акт толтыратынын үнемі ескертіп жүрді. Егер ҰБТ-дан бұл жолы сүрінсеңіздер, тамыз айында тағы бір тапсырып көруге болады», – деді Дияр Абдрахман.

Ережені бұзбаған тестіленуші ғана тамыз айында өткізілетін ҰБТ-ға қатыса алады. Бұл шекті баллды жинай алмаған түлектер үшін қосымша мүмкіндік.

«Дайындық барысында Ұлттық тестілеу орталығының сайтындағы тегін сынама тестерді жиырма шақты рет орындадым. Бізден бір сынып жоғары оқығандарға мұндай мүмкіндік жасалмады, біздің жолымыз болған сияқты. Тіпті калькуляторды да пайдаландық», – деді Дияр.

ҚР БҒМ Баспасөз қызметі