Жаңалықтар

Алматыда әскери қызметшілер залалсыздандыру жұмыстарын қайта бастады

Қазақстанда Қарулы Күштердің әскери қызметшілері залалсыздандыру жұмыстарын қайта бастады. Еліміздің 5 қаласы — Алматы, Талдықорған, Семей, Атырау және Ақтау қалалары бірінші болып көшелер мен қоғамдық орындарды залалсыздандыру жұмыстарын қолға алды.

Алматыда Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының әскери қызметшілерінен құралған арнайы бөлімшелер коронавирус инфекциясының алдын алу үшін қала көшелері мен қоғамдық орындарды залалсыздандыру бойынша жұмыстарын қайта жандандырды.

«Келісілген жоспарға сәйкес бүгін №1 қалалық емхана мен бірнеше шипажайлар залалсыздандырылды. Оған 60-тан астам әскери қызметшілер мен 10 әскери техникасы тартылған. Карантин шараларының босаңсуына байланысты адам қарасы өте көп, сондықтан залалсыздандыру жұмыстары өте тиянақты жүргізілуде», — деп атап өтті РЭжБӘИИ штабының радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау, экологиялық қауіпсіздік және айналадағы кеңістік күзет қызметінің бастығы подполковник Бақытжан Темірбаев.

Залалсыздандыру үшін натрий гипохлориті қолданылуда, оның хлорға тән иісі бар. Гипохлорит залалсыздандыруда қолдану концентратына орай адамдар мен жануарларға улы және қауіпті емес.

Қаладағы залалсыздандыру жұмыстарына Алматы гарнизоны бойынша барлығы 150-ге жуық әскери қызметшілер тартылған. Бүгінгі күні арнайы бөлімшелер Алматы қаласының 20 нысанында залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді.

Жалпы төтенше жағдай режимі кезінде Қарулы Күштердің әскери қызметшілері Қазақстанның 29 қаласында жалпы ауданы 50 миллион шаршы метрден асатын 10,5 мыңнан астам әлеуметтік маңызы бар нысандарға және ұзындығы 4000 шақырымға жуық жол учаскелеріне дезинфекция жүргізді.Бұл Қазақстан армиясының мүмкіндіктерінің шегі емес.

Радиоэлектроника және байланыс
әскери-инженерлік институтының
баспасөз қызметі

Жаңалықтар

Военнослужащие возобновили дезинфекционные работы в Алматы

В Казахстане возобновлены дезинфекционные мероприятия военнослужащими Вооруженных Сил. В пяти городах страны: в Алматы, Талдыкоргане, Семей, Атырау и Актау стартовали работы по повторной дезинфекции общественных пространств.

В Алматы военнослужащие проводят комплекс мероприятий, направленных на нераспространение коронавирусной инфекции. Они возобновили масштабную дезинфекцию улиц, помещений и общественных мест.

«Военнослужащие Вооруженных Сил начинают повторную обработку общественных пространств и мест массового пребывания людей. В соответствии с утвержденным планом-графиком сегодня дезинфекция будет проведена в городской поликлинике №1 и в нескольких санаториях. В связи с ослаблением карантинных мер в городе многолюдно, поэтому дезинфекционные обработки проводятся особенно тщательно. Сегодня к санобработке привлечено более 60 человек и 10 военной техники», — отметил военнослужащий Военно-инженерного института радиоэлектроники и связи подполковник Бахытжан Темирбаев.

Обеззараживание проводится гипохлоритом натрия, он имеет характерный запах хлора. Для человека и животных не является токсичным и опасным в той концентрации, которая используется для обработки общественных мест.

Всего по городу к дезинфекционным работам привлечено более 150 военнослужащих Алматинского гарнизона. На сегодня специальными подразделениями проведена дезинфекционная обработка на прилегающей территории 20 объектов г. Алматы.

Отметим, за время режима чрезвычайного положения в 29 городах Казахстана военнослужащие Вооруженных Сил провели дезинфекцию более 10,5 тысячи социально-значимых объектов общей площадью свыше 50 миллионов кв.м и участки дорог протяженностью почти 4000 км.

Пресс-служба Военно-инженерного института радиоэлектроники и связи

Жаңа сабақтар

Алғашқы ұстаз

Джапарова Ақмарал
Қарақалпақстан республикасы. Қоңырат қаласы № 51 мектеп мұғалімі

Бірінші сыныпқа мектепке оқушы келер,
Анасымен перзенті бірге келер.
Мектебін, оқытатын мұғалімін көрер,
Жақсы оқытар деп үміттенер.

Мұғалім құшақ ашып қарсы алар,
Оқушыларым көбейе бергей деп армандар.
Ата – анасы , оқушымен танысып алар
Партаға отырғызып дәптер бетін аштырар.

Продолжить чтение «Алғашқы ұстаз»
USTAZ UNIVERSITY

ЖАМБЫЛ ЖЕРІНДЕ БОЛАШАҚТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ҚАЛЫПТАСУДА

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы бүгінгі күні ұлтымыздың және еліміздің рухани дамуының негізгі шынайы бағдарламасына айналып отыр. Елімізде рухани санаға тың жаңа серпін әкелген бұл бағдарламалық мақала аясында елеулі істер атқарылып, нақты жобалар жүзеге асты және асырылуда. Мақаладағы ұлттық сана туралы айтқан тұсында бәсекелік қабілетке, прагматизмге, ұлттық бірегейлікті сақтауға, білімнің салтанат құруына, революциялық емес, эволюциялық дамуға, сананың ашықтығына баса көңіл бөлуі жалпы халықтың, жұрттың көңілінен шығып отыр.

Продолжить чтение «ЖАМБЫЛ ЖЕРІНДЕ БОЛАШАҚТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ҚАЛЫПТАСУДА»