Жаңа сабақтар

ЖАҢАШЫЛ МҰҒАЛІМ ЕҢБЕГІ


Шымкент қаласы, Абай ауданы № 26 Жамбыл атындағы
мектеп- гимназиясының география пәні мұғалімі,
11 Б сынып жетекшісі Беделбаева Гульжан Джусупбековна

Ұстаз жас ұрпақты білім нәрімен сусындатады, әрине, бала жанының — бағбаны.
Қазақстан Республикасында «Төтенше жағдай енгізу туралы» жарлығының орындалуына орай білім беру саласында наурыз айының 16-нан бастап сабақтар тоқтатылып, оқушылар көктемгі демалысқа шықты.

№ 26 Жамбыл атындағы мектеп гимназиясының ұстаздары көктемгі демалыс басталғаннан түрлі іс-шаралар ұйымдастырды. Оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында «Біз біргеміз, біз үйдеміз, біз жеңеміз» тақырыбында челлендж ұйымдастырылды. «Бақытты отбасы» тақырыбында бейнеролик сайысы өткізілді. Барлық сыныптар аралығы қатысып, жақсы көңіл-күй қалыптастырылды. Алдын-ала хабарланған 6-шы сәуірден қашықтықтан оқыту жүйесіне көшу мақсатында әкімдіктермен бірлесе отырып, кейбір оқушыларға ноутбук, компьютерлерді уақытша пайдалануға қамтамасыз етіп, бүкіл мектеп оқушыларының қашықтықтан оқуға барлық мүмкіндіктер жасалып, 100% дайын болды.

Продолжить чтение «ЖАҢАШЫЛ МҰҒАЛІМ ЕҢБЕГІ»
Жаңа сабақтар

«Мен бір жұмбақ адаммын…»

Ақынның өлеңінен алынған осы жолдарды оқыған кезде Абай атамыздың қандай жан болғаны , өлеңдері не туралы екенін білгім келіп, көп ізденіп, Абайдың өмірі мен шығармашылығымен, өнер жолдарымен таныстым.
Қазақтың ұлы ақыны Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келген. Абай атақты Тобықты руынан тарайды. Ол ауыл молдасынан білім алып, кейін Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады.
Абай әжесі Зеренің тәрбиесінде болды. Шешесі Ұлжан да ақылды адам болған. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы өз заманында ел басқарған адам болды. Құнанбай ел билеу ісіне Абайды баулып, араластырды. Абай әкесінің қасында жүріп тез есейсе де оқудан қол үзбейді, бос уақытында қазақтың мәдениетін, араб, парсы, шағатай тілдерін үйренеді. Низами, Хожа Хафиз, Науаи, Физули т. б. ақындарының өлеңін жаттап өседі. Орыстың ұлы ақындары Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Щедрин, Некрасов т. б. шығармаларымен танысады.
Абайдың жылдың төрт мезгілін суреттейтін «Қыс», «Күз», «Жаз», «Жазғытұры» , оқу-білімге шақыратын «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр» секілді өлеңдері бар.
Абай тек ақын ғана емес, ол-аудармашы. А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов т.б. ақындардың шығармаларын қазақ тіліне аударды. Пушкиннің «Евгений Онегинін», Лермонтовтың «Ой», «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз», «Қанжар», «Теректің сыйы», «Жартас», «Өзіңе сенбе, жас ойшыл» өлеңдерін казақ тіліне аударды.
Абай халық әндерін ерекше сүйген:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй,
«Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Сегіз аяқ» атты Абайдың әндерін халық сүйіп орындайды .
Абайдың қара сөздері халқын білім алуға, жамандық атаулыдан қашық болуға, еңбек етуге, білім мен еңбекке шақырады.»
Абай Құнанбаев туралы айта беру артық емес. Мен бүгін Абай атамыз жайлы аз ғана айтып өттім. Абай — ұлы қазына, адамзат ақылшысы. Әрдайым Абай жырларымен сусындап жүрейік.

Федориненко Анастасия
Қарағанды қаласы № 23 ЖББОМ. 6 сынып оқушысы
Жетекшісі: Былғарбек Жанаркүл Жарлықасынқызы

Жаңа сабақтар

Асимова Гүльназ Ануарбековна

Алматы облысы,Қарасай ауданы,Жамбыл ауылындағы № 2 орта мектеп

Музыка пәнінің мұғалімі : Асимова Гүльназ Ануарбековна

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Өнер

Күні:

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы «Қазақ биі» Шара Жиенқұлова
Оқу мақсаты 3.1.4. 2 сөйлеу барысында иллюстрациялар/көрнекіліктер/ фото / суреттер қолдану

3.2.2.1 шығарма мазмұны бойынша қолдануға (практикалық), бағалауға және шығармашылыққа негізделген сұрақтар қою және жауап беру

Сабақ мақсаты Барлық оқушылар: шығарманы түсініп оқиды, мазмұны бойынша сұрақтар қояды

Көптеген оқушылар: сөйлеу барысында шығарма мазмұны бойынша суреттерді қолданады

Кейбір оқушылар: шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды және жауап береді Продолжить чтение «Асимова Гүльназ Ануарбековна»