Жаңа сабақтар

Абылова Елизавета

Білім беру саласы: Коммуникация.
Бөлім: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Жабайы жануарлар(сурет арқылы)

Мақсаты:

Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, оларға қамқорлықпен қарауға, табиғатты аялай білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Балалардың ойлау қабілеттерін арттырып, тілдерін дамыту. Қызықты ойындар арқылы балалардың эмоциялық сезімдерін дамыту.

Жабайы аңдарды бір — біріне ажырата білуге және олардың аттарын дұрыс айтуға үйрету.

Педагогикалық технологиялар: дамыту,ойын

Көрнекілік: суреттер, слайд

Билингвалдық компонент: қоян заяц,түлкі лиса,аю медведь,тиін белка Продолжить чтение «Абылова Елизавета»

Жаңа сабақтар

Бабылжан Әсел

Балабақша – тәрбие бастауы

Өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қаситетте тәрбиелеу – қазіргі замандағы өзекті мәселенің бірі. Біздің келешегіміз – жас ұрпақ, ал ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы.

Күллі ғажайыптың ішіндегі ең тамашасы – жақсы тәрбиеленген ұрпақ, ендеше жақсы тәрбие ең алдымен балабақшада басталады емес пе? Әр үйдің кішкентай бөбектері мектепке дейін ата-анасының тәрбиесімен қатар өнер-білімге баулитын балабақшада өсіп, тәрбиеленетіні анық. Бүлдіршіндер үшін балабақшадағы тәрбие ата-ана берген тәлім-тәрбиені жалғастырып, жандандыратыны сөзсіз. Біз қанша дамып басқа өмір саласындағы жетістіктерге жетсек те, бала тәрбиесі бір сәтте назардан тыс қалмауы тиіс. Бала жас тал болса, ал ересектер оған бағбан болуы ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан іс. Сәби жанын небір жақсылық нәрімен суару – оны өсіруші, тәрбиелеуші тәрбиешінің міндеті. Бүлдіршіндердің сезімдері өте нәзік, әсершіл келеді. Оларға айтқан, көрсеткен нәрселердің бәрі – шындық, сұлу, әсем, жарасымды болуы керек.Тәрбие – қалып тәрізді, егер қалып қисық, олпы-солпы болса, сол қалыпқа салынған зат та оңды болмайды. Бала тәрбиесі де дәл сол сияқты. Сондықтанда бала бойына жас кезінен бастап рухани құндылықтар, мейірімділік, инабаттылық, сұлулық, жақсылық, еркіндік сияқты қасиеттерді қалыптастыру – тәрбиешінің міндеті. Сонда ғана бала бой көтеріп, бәйтерекке айналады. Продолжить чтение «Бабылжан Әсел»

Жаңалықтар

ТарМПУ-дағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ахуал

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Ержан Әмірбекұлы ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен өткен «Адалдық сағатының» тікелей эфирінде сұхбат берді. Сөз басын адами капитал сапасының элементіне айналған іскерлік, тазалық, әділдік ұғымдарынан бастаған Ержан Әмірбекұлы тікелей эфир барысында көрермендер тарапынан жолданған сұрақтарға жауап берді. «Адалдық сағатында» Департамент басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев модераторлық етті.

Продолжить чтение «ТарМПУ-дағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ахуал»
Жаңалықтар

«Оnline ойлардың» алғашқы тақырыбы Фараби мен Абай мұрасына арналды

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті елдегі ахуалға байланысты ONLINE ОЙЛАР жобасын қолға алды. Басты мақсат студенттердің, жалпы жастардың қашықтан өз-өзін дамытуына қолайлы жағдай туғызу. Әл-Фараби мен Абай Құнанбайұлының мерей тойына орай қос тұлғаның парасат пайымын жастар арасында насихаттау.

Продолжить чтение ««Оnline ойлардың» алғашқы тақырыбы Фараби мен Абай мұрасына арналды»
NIS

АБАЙ ОҚУЛАРЫ: МАҚСАТЫМ — ТІЛ ҰСТАРТЫП, ӨНЕР ШАШПАҚ

Бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде оқшаулану жағдайына қарамастан қазақ халқының ұлы ақыны, ойшыл, һакім Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған шаралар өз жалғасын тауып отыр. Солардың бірі — «Халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылымдар академиясы» Халықаралық қоғамдық қоры ұйымдастырған ІІІ Республикалық «Абай оқулары» байқауы. Байқауда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының филиалы «Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектептің» оқушылары бақ сынап, І және ІІ дәрежелі жеңімпаздары атанды.

Продолжить чтение «АБАЙ ОҚУЛАРЫ: МАҚСАТЫМ — ТІЛ ҰСТАРТЫП, ӨНЕР ШАШПАҚ»
Жаңалықтар

Білім мекемелеріне қабылдау процесі автоматтандырылды

Еліміздегі мемлекеттік қызметтің басым бөлігі білім беру саласында көрсетіледі. Әсіресе, балабақшаларға, мектептерге, колледждерге және жоғары оқу орындарына қабылдау қызметі –үлкен сұранысқа ие.

Білім беру ұйымдарына құжат тапсыру үшін біраз уақыт жұмсау қажет болатын. Ол үшін көптеген анықтамаларды жинап, басқа мемлекеттік органдардан құжаттарды алып, оларды апарып беру сынды бірқатар кезеңдерден өту қажет еді. Мұндай процесс өте ыңғайсыз екені түсінікті. Біз бұл жағдайды өзгертіп жатырмыз.

Продолжить чтение «Білім мекемелеріне қабылдау процесі автоматтандырылды»