Жаңа сабақтар

Қожалепесова Гүлсана Мұратбекқызы

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Жамбыл ауылы,

Жамбыл жалпы орта білім беретін мектебінің

Педагог-психологы

Қожалепесова Гүлсана Мұратбекқызы

Тренинг тақырыбы: Мейірімділік – асыл қасиет
Мақсаты: Оқушылардың «Мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • Мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.
  • Өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту.

  • Мейірбандыққа тәрбиелеу

Қолданылатын әдіс — тәсілдер: Пікірлесу, ойтүйін жасау, сұрақ – жауап, топпен жұмыс.
Түрі: тренинг — сабақ Продолжить чтение «Қожалепесова Гүлсана Мұратбекқызы»

Жаңа сабақтар

Әйтеке бидің шешендігі

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ ауылы,

Қ.Шаңғытбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің

Мектепалды даярлық топ тәрбиешісі

Қожалепесова Айдана Мұратбекқызы

Тақырыбы: «Құтты болсын, Жаңа жыл!»

Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, Қоянның карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым — қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.

Жүргізуші: Амансын ба халайық?
Жаңа жылды тойлайық
Ән салайық, билейік
Көңілімізді көтерейік
Құрметті ата-аналар, әріптестер ортаңғы топтың балаларының Жаңа жылға арналған ертеңгілігін бірге тойлайық! Продолжить чтение «Әйтеке бидің шешендігі»

Жаңалықтар

БҒМ: мақтааралдық оқушылар жіті назарда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға жан-жақты көмек пен қолдау көрсетуді міндеттеді. Үкімет басшысы Президент тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету аясында мақтааралдық балаларды сауықтыру жұмыстарын қолға алуды тапсырган болатын.

Түркістан облысында зардап шеккен балаларды сауықтыру, олардың білім алуына жағдай жасау және ҰБТ-ға дайындалуына көмектесу бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің аппараттық жиналысында Мемлекет басшысы міндеттеген тапсырмалардың орындалу барысы пысықталды.

Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен Жеңіс, Нұрлы жол, Жаңа тұрмыс, Өргебас, Фирдоуси елді мекендерінде мектеп жасындағы 1820 бала бар. Олардың басым бөлігі «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына барады. Ол үшін карантин кезінде жұмысын тоқтатқан орталықтың қызметін жандандыру туралы шешім қабылданды. Қалғаны «Еркежан», «Бәйшешек», «Сарыағаш», «Қазығұрт» «Балдәурен» (жекеменшік) лагерьлеріне жіберіледі. Сондай-ақ, өңірдегі жоғары оқу орындарының жатақханаларында балаларға оқу сауықтыру жұмыстары ұйымдастырылады. Онда балалар сабақ оқып, тамақтанып, демалады.

Айта кетейік, мақтааралдық балалардың жағдайын Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқықтарын қорғау комитеті мен өңірдегі Білім басқармасы жіті назарда ұстап отыр.

БҒМ баспасөз қызметі

Жаңа сабақтар

Мен қашықтықтан қалай оқимын

Алматы облысы, Қаскелең қаласы, С.Керімбеков атындағы жалпы
мектептің 3Б оқушысы Кенжетайұлы Ерлік
Жетекшісі: Исаева Кенжеш Копбосыновна

Мен үшінші сынып оқушысымын ,сіздермен осы кезге дейінгі қашықтықтан оқу барысында кездескен қызықтар мен қиындықтар туралы әсерімді бөліскім келеді. «Қашықтықтан оқу» мен үшін бейтаныс ұғым болды,әйтеуір ұстаздарымның,ата-анамның көмегімен түсінгендей болдым.Қашықтықтан білім беруге көшу-короновирустық инфекцияның таралуын азайтуға бағытталған шаралар аясында жүзеге асып жатқанын түсіндім,бұл жаңа форматқа анам өте алаңдаулы болды, ‘’қалай болар екен’’деген қорқыныш сезімі оны мазалап жүрді.
Сүйтіп қашықтықтан оқудыда бастап кеттік, бізге онлайн сабақ жүргізу ’’ZOOM программасы’’ қиын болды. Сонымен «WATSAPP» арқылы апаймен байланыста болдық. Ондада қиындықтар мен қызықтар болып тұрды.Апай бізге сабаққа қатысты әртүрлі бейнероликтер жіберді,жаңа сабақтарды түсіндірді,біз сұрақтарға кері байланыс жасадық, қызық осы жерден басталды.Бізде саналы тәртіп болмады,ватсапта көп сөйлеп апайдан бәрімізді бағалуды талап етіп,шуластық.Апайданда сын естідік,кейіннен бұлай істеу көпшіліктің уақытын алып,бәрімізге пайдасы жоқ екенін түсіндік.Бірақ уақыт өте келе қашықтықтан білім алуда апайды ғана мұқият тыңдап,тек қана сынып және үй жұмысымен кері байланысқа шығу керектігін жете түсіндік. Білім министірлігіде ‘’BALAPAN’’ және ‘’EL-ARNA’’ телеарнасы арқылы бізге бейнесабақатарды жүргізді.Ондағы ұстаздарымыз тележүргізуші ретіндегі рөлдерін мықты сомдап,бізге сабақтарды ұғынықты әрі қызықты жеткізді.Маған бейнероликтермен сабақ өткізу өте ұнады. Осы кезеңде анамда маған интернетті қалай дұрыс пайдаланудың жолдарын үйретті.Бос уақытымда алуан-түрлі әңгімелер оқыдым,тіл үйрендім,өз бетімше ізденіс жасап саналы болуға тырыстым,’’Bilimland’’және‘’Daryn’’ сайттары арқылы білімімді толықтырып отырдым.Біз «Бірлік күні» және «Жеңіс күнін» тойлай алмасақта,видеороликтар арқылы тарбие сабақтарын өткіздік. Мен сондада мектепке барып,мұғалімдермен,сабақтастармен білім алуды,уақыт өткізуді, мектептегі әр-түрлі іш шараларды қатты сағындым. Анам: бұның бәрі уақытша қиындық екенін,бұл қиындықтан бүкіл қоғам болып,бірге жеңіп шығатынымызды айтты.Қашықтықтан білім алу «Заман талабы» болашақта бізге көп пайдасы бар екенін менде біртіндеп түсініп келемін.

Жаңа сабақтар

Ғасырдың бір тұғыры

Ғасырдың ұлықтаған бір адамы,

Күллі халық таныған бұл баланы,

Есімін сұрасаңыз Ибраһим

Тарихта Абай деп қалған жаны.

Сөз маржаны-іздеген бар асылы,

Ұлы ақынды тудырған қазақ жұрты.

Сегіз қырлы, бір сырлы хакім Абай,

Ақын Абай дегенің дала сыры.

Келеміз өлеңімен шабыттанып,

Дана едің туылған өлең болып.

Надандықтың жанына тұрақтаймыз,

Білімділіктің сыр-сырын сенен ұғып.

Қара сөз, жыр өлеңі өрістеген,

Әр сөзінен таусылмай білім тергем.

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,

Деп жырлығын: у бар ма мен ішпеген.

Артыңа ерген 45 қара сөзің

Жүрекке жетер, айтылған сөз маржаның.

Жететіндей үш поэма сыйлап кеттің

Жеті күндік жалғанның үш күндігін.

Шәкірттерің Көкбай мен Мағауия,

Артыңнан өшпестей із қалдырған.

Лермонтовтың «Вадим»-дейтін шығармасын

Қазақшалап, мазмұнын дәл аударған.

Әр өлеңі ұлы сөзбен құранға бай,

Тағылым ала алмайсың бұдан қалай?

Есімі жүректерден еш өшпейтін

Көз жетпес көк аспанда мұнар таудай.

Жалғызым деп санаған әр қазағың,

Жүреккке жылы тілер, ән-жырларың.

Әуенің аппақ қардың сығдырындай

Ұрпағың өзіңді оқып жол табардай.

Аманжолова Аружан

10-сынып оқушысы

Жаңа сабақтар

Абайға арнау

Абай сөзі жаныма арай берет,

Қан жүгіртіп, бойыма тарай берет.

Терең ойлап, білімге көңіл қойып,

Асыл бабам Абайдай болғым келет.

Болашақ ұрпақтарға алаң болған,

Қазағыма арқа сүйер бабам болған.

Өмірдің бар мәнін танып-біліп,

45 қара сөзбен жазып қойған.

Ұлы Абайдың қара сөзі, өлеңінен,

Қазағым, шөл қандырып, көгерген ең.

Әріп танып, кітабын ашқан сәттен,

Сол бабамның нұрына бөленген ем.

Абай тұнған дарын, данышпаным,

Жасымнан жырыңды оқып, танысқаным.

Өсиет қып қалдырған жырларыңды,

Ұрпақтарға аманат деп қабылдадым.

КММ ЖББО № 53 мектеп – лицейінің

8 «Ә» сынып оқушысы Ыдырыс Ернар

Жаңа сабақтар

« Мен бір жұмбақ адаммын…»

Қарағанды қаласы № 23 ЖББОМ

9 «В» сынып оқушысы Токенова Алтынай

Абай-Шәкәрім, Шәкәрім-Абай. Екеуінде бір тұтастық бар сияқты. Анықтап қарап,үңіліп көрсем,биологиялық жағынан ғана емес, шығармашылық жағынан да жақындықбар екен. Дәлірек айтқанда, Абай Шәкәрімнің ағасы ғана емес, шығармашылықтағы ұстазы да екен. Яғни, Шәкәрім-Абайдың ізін, дәстүрін жалғастырушы. Оған дәлел өте көп. Соның бірі — Абайдың шығармаларының, оның ішінде өлеңдерінің тақырыптарына тоқталайық. Продолжить чтение «« Мен бір жұмбақ адаммын…»»