Жаңалықтар

«Ұстаз» университетінің студенті Президент алғысына ие болды

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің студенті Аяулым Расылхан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатымен марапатталды. Ол бұл құрметке елдегі төтенше жағдай кезінде волонтерлік қызмет пен белсенділіктің үлгісіне айналып, мұқтаж жандарға қамқорлық жасау ісіне ерекше атсалысқаны үшін ие болды.

Продолжить чтение ««Ұстаз» университетінің студенті Президент алғысына ие болды»
NIS

МЕНІҢ АТАМ ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВАНЫ КӨРГЕН..

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған “Отан үшін от кешкен батырдың біз ұрпағымыз” атты жетікүндік онлайн-марафон бүгін өз мәресіне жетті. Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектебінің алпысқа жуық оқушылары мен мұғалімдері қашықтықта мәңгілік шеп қатарында өтті. Жалпы осы күндері марафонға түскен хаттар, суреттелген бейнебаяндар Ұлы Отан соғысының әр қазақстандық отбасы үшін өшпес із қалдырғанын тағы бір рет айқындады. Ондаған құжаттар қайта оқылды, соғыс суреттері көтерілді, тарих ақтарылды. Марафонда көрсетілген жауынгерлердің майдан жолдары, олардың қайтпас батылдықтары , отансүйгіштігі, ержүректігі өскелең ұрпақ үшін құнды тарихи сабақ болды. 

   Солардың бірі майдан даласында жеңісті ту етіп 17 жасында соғыстың алғашқы айларынан 1945 жылғы мамырына жеткен жауынгер Шамшат Баекеев туралы  шөбересі,  10 сынып оқушысы Ғайни Қасымжанова сыр шертеді:

  • Менің атам Баекеев Шамшат Томан ұлы  өз еркімен небәрі 17 жасында соғысқа аттанып, Калинин майданының №373 атқыштар дивизиясының қатарына қосылады. Бірінші жарақаттан кейін госпитальда емделіп, 1943 жылдың маусым айында майданға қайта сұранып, Калинин майданының №178 Қызыл Тулы атқыштар дивизиясына взвод командирі болады.
    1943 жылдың тамыз айында елді мекендерді азат еткен шайқастардағы ерлігі үшін атам екі қайта «Ерлігі үшін» медалімен марапаталды. Сол кездегі естен кетпес оқиғаларының бірі — атамның қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұловамен кездесуі еді. Батыр қыздың өлімі үшін атам жаудан еселеп кек алуға іштей ант беріпті. Ворохляне-Резенне қалалары үшін болған сұрапыл айқастардағы ерлігі үшін атамның кеудесінде жоғары награда — «Қызыл жұлдыз» ордені жарқырады. 1944 жылы Модона қаласын жаудан азат ету шайқасында атам екінші рет жараланып, госпитальда екі ай емделгеннен кейін, майданға қайта сұранып барды. Ол Қызыл әскердің тоқтамай шабуыл жасап, фашистерді ұясына қуған тариихи кезең еді. Шәмшат Томанұлы Берлинге жетіп, “Германияны жеңгені үшін» медалімен соғысты аяқтайды. Осындай қиындық пен зардапқа, от пен қанға, ерлік пен қайсарлыққа толы өзінің майдан жолымен атам Жеңісті жақындатты.
    . Атам мен әжем ұстаздық қызметті атқара жүріп, 10 баланы дуниеге әкеліп, тәрбие берді. Атам мектепте тарихи- өлкетану мұражайын ашты. Еліне қадірлі, майдангер ұстаз атамның ерлік істері, ауылына сіңірген еңбегі еленіп, ауылдың өлкетану мұражайына және “Қармақшы” ауылының орталық көшесіне Шамшат Баекеевтың есімі берілді. Атамды көрмесем де, анамның атам өмірі жайында айтқан әңгімелері жүрегімде мәңгі сақталады.

Алматы қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі.

Жаңа сабақтар

Десерт дайындау технологиясы

Пән: Көркем еңбек

Қысқа мерзімді жоспар

Мектеп: Өскемен қаласы әкімдігінің «М.Шаяхметов атындағы №23 орта мектебі» КММ
Күні Мұғалімнің аты-жөні:

Байсаринова Гульмира Чакеневна

Сынып Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы Десерт дайындау технологиясы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты 6.2.4.3. Жылдам орындалатын тағамдар мен десерт дайындау технологияларын білу және қолдану Продолжить чтение «Десерт дайындау технологиясы»
Жаңа сабақтар

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДАҒЫ ОҚУШЫ ҮНІ…

Алматы қаласы Түрксіб ауданы Д. Бабаев атындағы № 115 жалпы білім
беретін мектептің 6 «Ә» сынып оқушысы Мырзалыұлы Марлен

Биылғы наурыз айының ортасында көктемгі демалысқа дайындалып жатқанда, тіршілігімізде көп өзгерістер болды. Жаман індет әлемді шарлап, адамзатты қиындықтарға, шығындарға ұшыратты. Әлем халқы қаншама ауыртпашылықтарды бастан өткізді. Қазір мамыр айының алғашқы онкүндігіне де келіп қалдық. Індеттің беті қайтқан секілді. Сыныптастарым қашықтықтан оқуға кәдімгідей үйреніп қалғандай.
Мен, Алматы қаласы Түрксіб ауданына қарасты Д. Бабаев атындағы №115 жалпы білім беретін мектебінің 6 «Ә» сыныбында оқимын. Осы өткен аптадағы, сейсенбі сайын болатын тәрбие сағаттарында сынып жетекшіміз Роза Жүсіпбекқызы өзгерістерге байланысты, біздерге көптеген ойлар салды. Онда менің күн тәртібім қалай өтуде, күні бойы үйде ширақ, сергек жүру үшін қандай ұстанымым бар, сабақ өту барысында барынша белсенділік таныту, сабақты дайындау қиын емес пе деген сияқты мәселелер туралы сөз болды. Үйдегі отбасы мүшелерінің үйлесімді қатынасы, ұстамдылық, сыйластықтың артуына да көп көңіл бөлінді. Сол тәрбие сағаттарының бірінде мен белсенді оқушы ретінде өз ойымды ортаға салдым.Үйде отбасы мүшелері түгел болып, күн тәртібінің дұрыс болуы, тазалық мәселелерін үнемі назарда ұстау, далаға шықпағандықтан, әртүрлі жаттығуларды жасап сергек жүру т.б. жағдайларды қатаң ұстанатын болдық. Анамыз асханадағы міндетін атқарып жүргенде, барлығымыз атсалысып әзіл айтып, ойнап-күліп, бірге болғанымызға ата-аналарымыз шүкіршілігін еске салып отырды.
Ал қашықтықтан оқу болса, қазіргі кезде өз жолымен жүріп келеді. Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер қауымы біздерге барлық жағдай жасап, үлкен қамқорлықтарына бөлеп отыр.Үлкен рақмет! Оқушылар ұжымы өз тараптарынан ризашылықтарын әртүрлі видеороликтер мен жазбалар арқылы жеткізіп отыр. Осындай өз сезімімізді жеткізу үлкен бақыт сияқты, себебі «Алтын ұя» мектебімді сағындым.
Індет жойылып, амандықпен барлығымыз қауышсақ, оқу жылын жеңіспен аяқтасақ – деген тілегімді көпшілік қолдайды деген сенімдемін! БІЗ БІРГЕМІЗ!

Жаңа сабақтар

Жаңаша оқыту — өмір талабы

Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Д.Бабаев атындағы № 115 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Опабекова Фарида Калиевна

Мұғалім — адамды қалыптастыратын, адамды адам етіп тәрбиелейтін мамандық иесі. Мұғалімнің еңбегі өте жауапты, әрі күрделі. Төтенше жағдайға байланысты еліміздің барлық өңірлерінде қашықтан оқытыла бастады. Елімізде оқытудың мұндай формасы алғаш рет қолданылып отыр. Әлемде барлығы сандық жүйеге ауысып жатқандықтан, қашықтан оқудың берері көп.

Продолжить чтение «Жаңаша оқыту — өмір талабы»