Жаңалықтар

Биыл алғаш рет ғылыми жобаларға арналған грантт ардың жаңа түрлері қарастырылды

2020 жылғы 5 мамырда 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға екі конкурс жарияланды. Конкурсты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті ғылымды дамытудың сегіз басым бағыты бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша жариялады.

Гранттық қаржыландырудың дәстүрлі түрлерімен қатар жаңа түрлері де енгізілді.

Біріншіден, жеке немесе бес адамға дейінгі зерттеу топтарының жекелеген ғылыми міндеттерді шешуіне бағытталған, мерзімі 12 айға дейінгі шағын гранттар.

Екіншіден, шетелдік ғалымдармен және ғылыми ұжымдармен ынтымақтастық аясында ірі ғылыми мәселелерді шешуге бағытталған 27 ай мерзімге берілетін халықаралық коллаборацияға арналған гранттар.

Айта кетерлігі, биыл ғылыми жобаларға арналған гранттардың жаңа түрлері қарастырылған. Сонымен қатар, ғылымның нәтижелі болуын арттыру мақсатында ғылыми жетекшілер мен ғылыми және ғылыми-техникалық жобалардан күтілетін нәтижелерге қойылатын талаптар да артты.

Конкурстық өтінімдер 2020 жылғы 11 мамыр мен 26 маусым аралығында https://is.ncste.kz сілтемесі бойынша «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі арқылы электронды түрде қабылданады.

ҚР БҒМ баспасөз қызметі

Қосымша ақпарат үшін сілтемелер:

https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/article/details/obyavlenie-o-provedenii-konkursa-na-grantovoe-finansirovanie-po-nauchnym-i-ili-nauchno-tehnicheskim-proektam-na-2020-2022-gody-so-srokom-realizacii-27-mesyacev

https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/article/details/obyavlenie-o-provedenii-konkursa-na-grantovoe-finansirovanie-po-nauchnym-i-ili-nauchno-tehnicheskim-proektam-na-2020-2022-gody-so-srokom-realizacii-12-mesyacev

Жаңа сабақтар

Утянова Эльмира Темиржановна

Ақтөбе қаласы «№ 72 ЖББО IT мектеп-лицейі»

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Утянова Эльмира Темиржановна

Unit: 7 The natural environment School: IT School № 72.
Date: 14.04.2020 Teacher name: Utyanova E.T.
CLASS: 2 grade Number present: absent:
Theme of the Lesson: Season p.94-95
Learning objectives(s) 2.L4 identify with support short basic questions relating to features such as colour and number

2.R3 read and follow with considerable support simple, words, phrases and sentences on familiar topics

2.UE9 use common present simple forms [positive, negative, question] and contractions to talk about what you want and like and habits and facts

2.S3 use a limited range of basic words, phrases and short sentences to describe objects, activities and classroom routines Продолжить чтение «Утянова Эльмира Темиржановна»

Жаңа сабақтар

«Біз біргеміз» челленджін қолдау

Алматы облысы, Сарқан ауданы, Екіаша ауылы, Екіаша орта мектебінің

10 сынып оқушысы Тасыбек Гулзат

Жетекшісі: Шарова Жулдыз Ондрысовна

Әлемде күтпеген өзгерістер ешкімге оңай тиіп жатқан жоқ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы короновирус инфекциясының таралуын пандемия деп танығаннан бастап дүрбелең одан сайын күшейді. Бұл індет Қазақстанды да айналып өтпеді. Тарихқа көз жүгірсек үнемі бірлік танытпай, құмалақтай шашылған ел ақыр соңында алауыздықтың салдарын тартып жатады.Дәл осындай жағдай орын алмас үшін халықты бір мақсатқа жұмылдыру үлкен рөл атқарады. Бұл ел бірлігі сынға түсетін нағыз уақыт. Осындай аз ғана уақыттың ішінде әлемде болып жатқан жағдайға талдау жасай алдық. Сондықтан бұл оқиғаға рухани тұрғыдан дайын болдық. Енді оны іспен дәлелдейтін уақыт жетті. Ол үшін бастысы өзіңіздің ел алдындағы, әлем алдындағы жауапкершілікті сезіне алуыңыз керек. Ел басы мемлекеттің тұтастығын көздеп, мақсатын айқындап, даралық танытып, « BizBirgemiz!» ұранын халыққа жебеу етті. Продолжить чтение ««Біз біргеміз» челленджін қолдау»