Жаңа сабақтар

Ғарышқа сапар. Ғғ дыбысы және әрпі

ШҚО, Өскемен қаласы «М.Шаяхметов атындағы № 23 орта мектебі» КММ

Нурахманова Айжан Муратханқызы

Мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі

МАД «Д » Тәрбиеші: Нурахманова А.М Мектеп: «М.Шаяхметов атындағы №23 орта мектебі» КММ Уақыты:27.01.2020ж
Тақырыбы Ғарышқа сапар. Ғғ дыбысы және әрпі
Сабақтың мақсаты Білімділігі: Ғ дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра отырып, «Ғ» дыбысының айтылу артикуляциясын меңгерту.
Дамытушылығы: Берілген сөздерге дыбыстық талдау жасату, жаттығуларды орындату арқылы қол моторикасын дамыту.
Тәрбиелілігі: Ойлау, еске сақтау қабілеттерін дамыта отырып шығармашылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап. СТО технологиясының стратегиялары. Продолжить чтение «Ғарышқа сапар. Ғғ дыбысы және әрпі»
Жаңа сабақтар

Ертегілер еліне саяхат. Г дыбысы мен әрпі

ШҚО, Өскемен қаласы «М.Шаяхметов атындағы № 23 орта мектебі» КММ

Нурахманова Айжан Муратханқызы

Мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі

Білім беру саласы: Қатынас

Пәні: Сауат ашу негіздері

Мектеп:» М.Шаяхметов атындағы № 23 орта мектебі» КММ
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Нурахманова Айжан Муратханқызы
Сынып/топ: МАД 0 «Д» Қатысқандар саны: 24 Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат. Г дыбысы мен әрпі
ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары: 0.1.1.2 Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.

0.1.4.1 Сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтап, вербалды емес қарым- қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), сөздерді (кешіріңіз, тыңдаңызшы! жəне т.б.) қолдану.

0.3.2.1. Сөйлем сызбасының соңына тиісті тыныс белгілерін қою: нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі. Продолжить чтение «Ертегілер еліне саяхат. Г дыбысы мен әрпі»

Жаңалықтар

ТАРМПУ-ЛЫҚ ЖАСТАР ДОСЫМЖАН ТАҢАТАРОВПЕН ONLINE АЛАҢДА ЖҮЗДЕСТІ

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті бүгінгі таңдағы елдегі ахуалға байланысты жалынды жастардың ONLINE АЛАҢЫНДА жүздесу ұйымдастырды. Эфирдің кезекті қонағы – ТарМПУ түлегі, белгілі эстрада әншісі Досымжан Таңатаров болды.

Қазіргі таңда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Президенті оркесторының жетекші әншісіне айналған Досымжан Таңатаров білім алған қара шаңырақ – Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде оқып жатқан студенттер өз сауалдарын жолдап, кеңес сұрап жатты. Оқырман тарапынан келіп түскен сұрақтар қатарында әншінің өмірлік ұстанымына да қызығушылықтар көрініс алды. Жәнібек Кәрменовтің «Өмір туралы толғауындағы» «Адам боп келдім өмірге, адам боп кету тілегім» деген үзіндіні өмірлік ұстанымының биік мұнарасына айналдырған әнші түптің түбінде адам адам болып қалу керек деген ойын жастарға мазмұнды пішінде жеткізе білді.

Өнерге жаңадан қадам басып, қанат қағып келе жатқан жастарға кеңес беру барысында «Online алаң» қонағы Әл-Фарабидің даналық ойларына жүгінді. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін әлемнің екінші ұстазының «Өнер бір мақсатқа ғана қызмет етуі керек» деген ойымен түйіндеген Досымжан мырзаның ойы адам танымы мен парасатын биікке қойған тұлғаларымыздың тәлімді өсиеттерімен ұштасты.

Дәстүрлі өнердің діңгегі мен қазіргі шоу бизнестің тыныс-тіршілігі туралы да сөз қозғалған сұхбатты 1000 аса көрермен тамашалап, тағылымды дүниелер ортаға салынды.

Айта кететін жайт, Досымжан ағамыздың орындауындағы «Ініме» атты әнінің үзіндісінен алынған «Саған айтар ақылым бар бауырым…» өлең жолдары тақырыпқа арқау болды.

ТарМПУ баспасөз қызметі

Жаңалықтар

ТАРМПУ-ДА ӘЛ-ФАРАБИ МЕН АБАЙ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ ДЕКАДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Қашықтан білім беріп қана қоймай, студенттердің рухани қорын молайту ісін жандандырған Ұстаздық оқытушылар өз мамандықтары бойынша студенттермен бірлесе өткізетін вебинарлар мен семинарлардың қатары қалың.

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде Әл-Фараби мен Абай мұраларына негізделген онлайн танымдық сағаттар ұйымдастырылмақ.

«Көңілдегі көрікті ой, ауыздан шыққанда өңі қашады» – деп, Абай Құнанбайұлы тілге тиек еткендей, ұтқыр ой мен көркем сөз тең түсетін онлайн семинарларды профессорлық оқытушы құрамы мен студенттер назарына ұсынбақпыз. Ұлттық руханияттың айнымас діңгегіне айналған ұлы дала есімдерінің шығармаларына талдау жүргізілетін шаралар әрбір мамандық бойынша жүзеге асырылады. Ұлттық код: рухани құндылықтарымыздың бүгінгі күнгі құны турасында мазмұнды онлайн семинардың куәсі болуға шақырамыз» — деді университет басшысы Ержан Әмірбекұлы.

Таным таразысындағы рухани құндылықтар білім майданында буырқанған бүгінгі күн студенттер үшін де, оқытушылар үшін де жоғары маңызға ие болды. Қазақ руханиятындағы шоғыры биік қос тұлғаның танымдық ойларын ортаға салып, насихаттау мұнымен тоқтамақ емес. Алдағы күндері де өз жалғасын табатын онлайн шараларға Ұстаздық оқытушылар мен студенттер сақадай сай.

Айта кетерлік жайт, өміршең шығармалардағы өзекті ойды өз биігінде өрбітетін вебинарлар жайлы ақпараттар университеттің ресми парақшаларында берілген.

ТарМПУ баспасөз қызметі

Жаңа сабақтар

«Мы — наследники Победы, Славу Родины храним!»

Евдокимова Альбина Нурлановна, учитель географии
КГУ ОШ № 57 Жетысуского района города Алматы

Чтоб снова на земной планете,
Не повторилось той беды,
Нам нужно, чтобы наши дети,
Об этом помнили, как мы.

Страх, боль, надежды и потери…. Как же много нужно было пережить до 9 мая 1945 года. Дата, которая запечалится в памяти на века. Сегодня мы празднуем 75- летие Победы. К сожалению, с каждым годом все меньше тех, кто спас нас от фашизма! Никакими словами не передать их подвиг, который должен помнить каждый! Поэтому наша цель, как учителей, передать эту память о бойцах, воевавших за победу в ожесточенных кровопролитных сражениях своим ученикам, вызывая чувства сострадания и гордости за своих прадедов в этих пока ещё маленьких душах!

Продолжить чтение ««Мы — наследники Победы, Славу Родины храним!»»