Жаңа сабақтар

COVID – 19 вирусы және сақтану жолдары

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Алға ауылы

«Алға орта мектебі» КММ 5 «А» сынып оқушысы

Төлепбергенова Аяна Дәуренқызы

Жетекшісі: Умбетова Ғалия Тимукуловна

Коронавирус ауруының пандемиясы күн сайын өршіп барады. COVID-19 вирусының шығу тегіне байланысты ақпарат өте көп.

Коронавирус ауруының пандемиясы туралы не білемін? Коронавирус ауруының пандемиясы 2019 жылы, желтоқсан айында Қытайдың Ухань қаласының тұрғындары түсініксіз пневманияға шалдыққаны анықталған кезден басталады екен. Аталған вирус адамдарда COVID-19 деп аталатын инфекциялық ауру тудырады. Оның негізгі сипаты–өкпені зақымдауында. Вирусты жұқтырған адам еркін тыныстай алмайды, жөтел қысып, ыстығы көтеріледі. Бұлшық ет ауырады, іші өтіп, әлсіздік пайда болады. Алайда аталған сипаттамалар кәдімгі тұмауға ұқсағанымен, COVID-19 коронавирусының инфекциясы әлдеқайда қауіпті. Ауру туралы негізгі ақпаратты аурудың белгілерін, асқынуларын, оның қалай берілетіндігі және оны басқаларға таралуын қалай тоқтату керектігін түсінуіміз керек. Продолжить чтение «COVID – 19 вирусы және сақтану жолдары»

Жаңа сабақтар

Толыбай Жазира Әзірбайқызы

Қызылорда облысы, Қазалы қаласы № 1 «Ақерке» бөбекжай балабақшасының

тәрбиешісі Толыбай Жазира Әзірбайқызы

Өтпелі тақырып: «Бізді қоршаған әлем» ЦИКЛОГРАММА.

«Ақжелкен» ересек тобы 3- апта (17 – 21 ақпан 2020 ж)

Өтпелі тақырып «Бізді қоршаған әлем»

Күн тәртібі Дүйсенбі

17.02.2020ж.

Сейсенбі

18.02.2020ж

Сәрсенбі

19.02.2020ж

Бейсенбі

20.02.2019ж

Жұма

21.02.2020ж

Балаларды қабылдау

Ата-аналармен әңгімелесу

Тәрбиешімен балаларды қабылдау. Дене қызуын өлшеу және тазалығын тексеру . Жағымды жағдай орнату. Тәрбиешімен бірге балаларды қабылдау. жағымды жағдай жасау. Дене қызуын өлшеу.тазалығын тексеру арнайы журналға тіркеу. Балаларды қабылдау үстінде ата-аналармен баланың жағдай туралы әңгімелесу.дене қызуын өлшеу. Тәрбиешімен бірге ертеңгілік жаттығу жүргізу Тәрбиешімен балаларды қабылдау. Дене қызуын өлшеу және тазалығын тексеру . Жағымды жағдай орнату. Тәрбиешімен бірге балаларды қабылдау. жағымды жағдай жасау. Дене қызуын өлшеу.тазалығын тексеру арнайы журналға тіркеу. Продолжить чтение «Толыбай Жазира Әзірбайқызы»
Жаңа сабақтар

Жадраева Нургуль Нурдаулетовна

Жадраева Нургуль Нурдаулетовна

Алматы қаласы, Алмалы ауданы

Б. Атыханұлы атындағы №36 гимназия

Педагог-психолог

Карантин кезінде не істеу керек

Еліміздің ертеңі өздеріңсіңдер. Болашақтың іргетасы мықты болуы сен үшін үлкен міндет. Осы жолда өз үлесіңді бар еңбекпен қосу жолында жақсы оқып, жақсы тәрбие алу сенің міндетің. Сендердің азамат пен азаматшалар болып қалыптасу жолында еңбек етіп жүрген ұстаздарың мен ата-аналарыңның еңбегінін ақтайды деп сенім білдіреміз. Өмірдің жарқын жақтары көп,сол жарқын жақтармен өмір сүру біз үшін мақтаныш.

Қазіргі жағдайда біздің бірінші міндетіміз – жақындарымыздың және айналамыздағы адамдардың психикалық және физикалық денсаулығын сақтау.

Екінші міндет – карантин кезінде сендердің интеллектуалды дамуы және уақытыңды тиімді, пайдалы өткізуге көмектесу. Продолжить чтение «Жадраева Нургуль Нурдаулетовна»

NIS

Әлем университеттерінің оқу грантына ие болды

Алматы қаласы химия-биология бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушылары әлем университеттерінің оқу грантына ие болды

Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушылары топ жарып еліміздің беделді Назарбаев университетімен қатар, әлемнің бірқатар жоғары оқу орындарының білім гранты иегерлері атануда.
Зияткер Айтуар Бектанов қалаған мамандығы бойынша әлемнің бес университетіне қабылданды.
«Халықаралық SAT емтиханынын үздік тапсырғанымның арқасында Hong Kong Baptist University «Математика және статистика» мамандығы бойынша толық грант ұсынды»,- деді жас түлек.
Айтуар-еріктілер қозғалысының белсенді мүшесі, Малайзиядағы International MUN – БҰҰ моделі конференциясының делегаты.
-Мен былтырдан бері әлемнің 200 алдыңғы қатар университеттерін теріп алдым. Олардың ішінен мен таңдаған мамандығым бойынша грант алуға мүмкіндік беретін оқу орындарды зерттедім. Соңында Еуропа, Азия, Аустралияның тоғыз университетіне тоқтадым. Егер толық ақпарат жинап, қосымша академиялық үлгеріміңізді шыңдап, керекті халықаралық емтихандарды сәтті тапсырып, құжаттарыңызды дұрыс жинасаңыздар, өз мақсатыңызға жетесіз. Іздей келе, әр оқу орны өз талаптарын қоятынын байқауға болады. Кейде сол қосымша критериймен сіздің мүмкіндігіңіз жоғарлап кетуі мүмкін. Мысалы, мені қабылдаған University of Melbourne (Аустралия) менің қоғамдық жұмыстарымның халықаралық тұстарын ерекше бағалады. Ал Голландияның University of Maastricht түсерде, интервьюдың ықпалы зор болды. Біріншіден, қолбалжымау керек және академиялық шындықты сақтау керек ,- деп кеңес береді жас түлек.
Айтуармен бірге Гонконг еліне Зияткерлік мектептің дарынды оқушылары Жанель Аршабекова, Ерке Қайрат, Екатерина Хлопунова, Марина Гусева, Алибек Қуантхан аттанады. АҚШ, Ұлыбритания, Италия, Голландия сынды елдердің университеттерінен шақыртуға ие болып отырған Жанель Аршабекова техника және компьютер ғылымдары саласында білікті мамандарды даярлайтын Honk Kong Poli U университетінде оқуын жалғастырмақ. Академиялық үлгеріммен қоса әлеуметтік мобильді қосымша шығарумен сәтті айналысқан 12 сынып оқушысы Ерке Қайратқа Гонконгтың үш университетінен бірдей шақыру келді. Ерке тобымен шығарған »BALA” қосымшасы жетім не қараусыз қалған балаларға жанұя тауып беруге бағытталған.

Айтатын болсақ, Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оншақты түлегі қазіргі уақытта Гонконгда жоғары білім алып жатыр.

Жаңа сабақтар

Досмагамбетова Орынай Жолдыбаевна

Атырау облысы Жылыой ауданы

Құлсары қаласы «Өркен»бөбекжай бақшасы Тәрбиеші

Досмагамбетова Орынай Жолдыбаевна

Тақырыбы: «Ана-ән,бала-оның қайырмасы»

Мақсаты: 8наурыз – Аналар мерекесі туралы мағлұмат беру.Балаларды аналарды сыйлауға шақыру. Балаларды тәрбиелікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, еңбексүйгіштікке, аналарды сыйлауға және құрметтеуге үйрету. Ана мен баланың басқа қырынан өнерлерін көрсете отырып, бойындағы жақсы қасиеттерін көрсетуге насихаттау.

Көрнекіліктер: Гүлдер, шарлар, мольберт тақтасы, акварельді бояулар, мақталы таяқшалар. Продолжить чтение «Досмагамбетова Орынай Жолдыбаевна»

Жаңа сабақтар

Аргимбаева Сауле Курмашовна

Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылы

С. Бердіқұлов атындағы орта мектеп КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Аргимбаева Сауле Курмашовна

Мектеп:С.Бердіқұлов атындағы ОМ

Пән: Математика

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Күні: 14.01.20ж

Сынып: 1 «А »

Мұғалімнің есімі: Аргимбаева С. К.
Бөлім Бөлімше: Сандарменамалдарорындау. Есептер
Сабақ тақырыбы Өзара кері амалдар
Ортақ тақырыбы «Саяхат», «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Оқу мақсаттары 1.​1.​2.​2 қосу және азайту өзара кері амалдар екенін түсіну, қосумен азайту компоненттері мен нәтижелері арасындағы байланысты анықтау

1.​1.​2.​3 қосудың ауыстырымдылық қасиетін/ 0 мен 1 сандарының қасиетін қолдану

1.1.1.2** Бір таңбалы сандарды салыстыру

1.5.1.3** Қосынды және қалдықты табуға берілген

есептерді талдау және шығару/кері есеп құрастыру және шығару Продолжить чтение «Аргимбаева Сауле Курмашовна»

Жаңа сабақтар

Женсикбаева Гульжан Макатовна

Атырау облысы Жылыой ауданы

Құлсары қаласы «Өркен»бөбекжай бақшасы

Женсикбаева Гульжан Макатовна

Эссе

« Тәрбиеші бала жанының бағбаны»

Эссені жаза отырып осы тақырыпқа тоқталатын болсақ, балабақша тек бүлдіршіндердің келіп-кететін мекені болмау керек деген сөзден бастағым келеді. Ал, ата-ана үшін бала-бақша өз жағдайларын жасап, баламыз жұмыс жасауға кедергі болмасын деген ниетте балаларын кешке дейін апарып тастайтын орын болмау керек. Осындай көзқарастар қалыптаспас үшін балабақша жұмысының, ұжым ауызбіршілігінің мықты болуы абзал.

Мен өзімнің тобымдағы бүлдіршіндеріме бақшаға-достарымды көрем, үйде еш ойналмайтын қызық ойындар ойнаймын, ешкім білмейтін тек тәрбиешім ғана білетін қызықты ертегілерді тыңдаймын, әндер үйренемін деп, қызығып келетін шуақты мекеніне айналдыруға жұмыстанамын. Продолжить чтение «Женсикбаева Гульжан Макатовна»

Жаңа сабақтар

Женсикбаева Гульжан Макатовна

Атырау облысыЖылыой ауданы

Құлсары қаласы

Женсикбаева Гульжан Макатовна

Ауызбіршілік –дегеніміз не ? ТРЕНИНГ

Мақсаты: Ата –аналардың бір-біріне жақсы сөз айту мәдениетін дамыту.

Ата-аналарды шаттық шеңберіне шақыру. Құрметті ата-аналар! Біз сіздермен «Жақсы сөз-жарым ырыс» жаттығуын орындаймыз. Мұнда бір — біріңізге бір жақсы сөз айтасыздар, яғни айту кезінде ол адамды құшақтап тұрып немесе басқалай да іс — қимылмен тілек білдіресіз. Продолжить чтение «Женсикбаева Гульжан Макатовна»

Жаңа сабақтар

Тулендиева Гулнур Исламадиновна

Жамбыл облысы,Жамбыл ауданы,Пригород ауылы

Әбдірахман Әйтиев атындағы орта мектебінің жанынан ашылған

«Ботақан» шағын орталығы.

Тәрбиеші: Тулендиева Гулнур Исламадиновна

Білім беру саласы: Таным. Әлеумет

Бөлімдері: Қол еңбегі

Тақырыбы: «Сиқырлы қораптар»

Мақсаты: Балалардың қағазбен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру, бос қораптарды (тіктөртбұрышты және цилиндр пішінде) түрлі түсті қағаздарды пайдалана отырып белгілі бір бейнелерді жасай білуге үйрету, ой-қиялын дамыту, шығармашылықпен еңбек нәтижесіне жете білуге тәрбиелеу. Продолжить чтение «Тулендиева Гулнур Исламадиновна»