Жаңалықтар

«Тарих төріне тақ орнатқан тұлғалар» республикалық онлайн-алаң

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен Әл-Фарабидің 1150-жылдық және Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойына орай «Тарих төріне тақ орнатқан тұлғалар» тақырыбында зияткерлік сайыс өтті. Бұл елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты студенттердің қашықтан білім алу белсенділіктерін арттыру, қос тұлғаның шығармаларындағы рухани серпіліске бағыттайтын ізгілік ойларын насихаттау, «Рухани жаңғыру» құндылықтарын студенттер бойына сіңіру мақсатында ұйымдастырылған шара.

Продолжить чтение ««Тарих төріне тақ орнатқан тұлғалар» республикалық онлайн-алаң»
Жаңа сабақтар

Төлеуова Ақгүл Самалқызы

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Еңбекту ауылы,
Еңбекту ЖОББ мектебінің бастауыш класс мұғалімі
Төлеуова Ақгүл Самалқызы

Тақырыбы: Күнделікті өмірдегі есептеулер. Ақшаны ұсақтау. Мектеп: Еңбекту ЖОББМ
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: А.С.Төлеуова.
1-сынып: Қатысқандардың саны: Қатыспағандардың саны:
Оқу мақсаттары 1.1.2.11. 1 тг, 2 тг, 5 тг,10 тг, 20 тг теңгелік монеталарды тану, белгілі бір соманы монеталармен төлеу және айыра білу;

1.4.1.13. Артық, кем, тең, сонша, бірнеше бірлікке артық/ кем, ұзын, қысқа, ауыр, жеңіл, қымбат, арзан ұғымдарын қолдану.

Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар:

1тг, 2тг, 5тг, 10тг, 20тг теңгелік монеталармен әртүрлі амалдар орындайды;

Көпшілік оқушылар:

Сандарды, заттарды, тауар бағаларын салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды пайдаланады. Продолжить чтение «Төлеуова Ақгүл Самалқызы»

NIS

ЖАС ЗИЯТКЕРЛЕР ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің екі оқушысы бірдей Республикалық қашықтан өткен олимпиаданың жеңімпазы атанды.
Білім орданың 7 сынып оқушысы Самал Сырым физикадан 1 орынды ие болса, математикадан сыныптасы Алихан Мизанбай топ жарып шықты. Оқушылар карантин уақытын тиімді пайдаланып, физика, математикаға аса көңіл аударғанын айтады.

  • Терең дайындалғанның арқасында осы нәтижеге қол жеткіздім,- деді Самал.
  • Зияткерлік мектепке түсу дайындығының пайдалығына бүгін білім бәйгесінде көз жеткіздім. Осы жылы маған жетекшілік еткен математика пәні мұғалімі Әсет Насихат ағайға алғыс білдіремін ,- деді Алихан.
    Жас зияткерлер келешекте де олимпиадаға қатысатын ниеттері бар екенін білдірді.
    Өткен жылы Алихан мен Самал конкурстық іріктеуде ең жоғары балл алып, Зияткерлік мектептің оқушылары атанған болатын, арада бір жыл тастап армандаған білім ордасында алғашқы оқу жылдарын қашықта оқыту жағдайында тәмәмдап қалды.
NIS

ДВОЙНАЯ ПОБЕДА НА ОНЛАЙН-ОЛИМПИАДЕ

Ученики 7 “А”класса Назарбаевой Интеллектуальной школы химико-биологического направления Алматы Самал Сырым и Алихан Мизанбай стали обладателями 1-го места на Республиканской онлайн-олимпиаде. Ученики впервые приняли участие в серьезных соревнованиях республиканского уровня. Самал заняла 1-место по физике, а Алихан оказался лучшим среди своих сверстников по математике. Как сказала Самал, успех на олимпиаде это результат ее усиленной подготовки во время карантина.

  • В этот раз я почувствовал всю пользу от поступления в НИШ,- признается Алихан. — И огромную благодарность хочу выразить своему руководителю по математике в НИШ Асету Насихату.
    В прошлом году при поступлении в Интеллектуальную школу Самал набрала 1087 баллов, а Алихан 1121. В настоящее время все семиклассники заканчивают первый год обучения в школе своей мечты в условиях дистанционного обучения.
NIS

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ: ЖАҢА ІЗДЕНІСТЕР УАҚЫТЫ

Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Айнұр Тоқбаева қазақ тілінде ашқан Youtube арнасында онлайн сервистерді пайдалану арқылы жасақтаған сабақтарын әріптестеріне ұсынады.
Қашықтан оқыту кезеңі -цифрлық технологиялар мүмкіндіктерін барынша пайдалану кезеңі деп білетін жаңашыл мұғалімдер ғаламторға сүйеніп өз тәжірибелерінде жаңа әдістерді, жаңа ресурстарды кеңінен қолдануда.
Айнұр Елеубайқызы филология саласында көп жетістіктерге қол жеткізген тәлімгер. Ұстаздың сабағы «Назарбаев Зияткерлік мектептер» ДББҰ педагогиқалық шеберлік департаментінің жасаған қорытындысы бойынша үздік деп танылып, қазіргі таңдағы қашықта оқыту үрдісінде аса сұранысқа ие болып тұрған smk.nis.edu.kz порталына еңгізуге ұсынылды.

  • Сандық ғасыр ұстаздар қауымын уақыттан оза шауып, дағдыларды кеңейтуге талпындырады. Мысалы, өзіңіздің gmail.com электрондық пошта арқылы blogger.com-ге тіркеліп, өз блогыңызды ашып алсаңыз, алдыңызда көптеген мүмкіндіктер ашылатыны сөзсіз. Кәсіби блогыңыз тәжірибе алмасу арқылы онлайн-коммуникацияларыңызды дамытуға көмектеседі, жаңа серпін береді жұмысқа, оқушылармен қарым-қатынасыңыз жаңа деңгейге көтеріледі, жаңа байланыстарға ие боласыз,- деп бөлісті филолог ұстаз.