Жаңа сабақтар

Қашықтықтан оқытудың ерекшеліктері

Қашықтықтан оқыту- бұл ғаламторды пайдалана отырып қашықтықтан оқыту тәсілі. Мұнда мұғалім мен оқушы физикалық тұрғыдан әр түрлі орындардан табылады. Қашықтықтан оқытудың ерекшелігі — бұл сабақты мектептің сыныбында емес, үйде отырып оқу. Қашықтықтан оқытуда сабақ материалдарын өз бетінше меңгеру. Жаңа сабақ материалдары мен тапсырмаларды BilimLand онлайн мектебі, kundelik.kz, вацап, телеграмм мессенджері арқылы алуға болады. Кейбір оқушылардың үйінде ғаламтор болмауы мүмкін, сол себепті олар «Балапан» арнасы арқылы да сабақты қашықтықтан оқуға болады. Негізі оқушыларға барынша білім алуға Білім және Ғылым министрлігі көп жағдай жасап отыр. Бұл оқуда табысты болуың тікелей өзіңе байланысты. Продолжить чтение «Қашықтықтан оқытудың ерекшеліктері»

Жаңа сабақтар

COVID-19 вирусы және сақтаудың жолдары

2019 жылы желтоқсан айында Қытай елінің Ухань қаласының тұрғындары COVID-19 вирусына шалдыққаны белгілі болды. Осылайша Ухань қаласын карантинге жабылды. COVID-19 вирусына шалдыққан адам жөтелсе, түшкірсе ауа арқылы таралып басқа адамдарға вирус жұғады. Тіпті сол вирус жұқтырған адамдар қолданған тұрмыстық заттары арқылы жұғуы екен. COVID-19 вирусы жұғуы әлемнің көп елдеріне әрі қарай жалғасты. Бұл COVID-19 вирусы Нұр-Сұлтан қаласында 2020 жылдың 13 наурыз күні жетті. Президенттің қаулысы бойынша елімізде төтенше жағдай қйымдастырылды. Қазақстан COVID-19 вирусынан сақтану мақсатында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларын карантинге жабылды. Продолжить чтение «COVID-19 вирусы және сақтаудың жолдары»

Жаңа сабақтар

Адамзат тарихындағы пандемиялар

Адам баласының өмір сүру тарихында осы уақытқа дейін адам өміріне қатты қауіп төндіретін вирус пен ауру түрлері көптеп таралды. Әлемнің түпкір — түпкіріне жайылып қаншама адамның өмірін жалмады. Солардың ең алғаш тарихи деректермен расталғаны – Оба. Бұл аурудың негізігі қоздырғышы Оба таяқшасы. Адамға көртышқан мен бүрге жұқтырған. Тарихи дерек көздерінде бұл індет алғаш рет біздің заманымыздан бұрын 540-шы жылы кездескен. Ол кезде жаһан халқының саны не бәрі 400-450 миллион болған. Ал бұл індеттен 150 миллион адам көз жұмған. Содан соң індеттің өршуі басылды. Продолжить чтение «Адамзат тарихындағы пандемиялар»

Жаңа сабақтар

Ақпараттық хат

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

«Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған Республикалық шығармашылық балалар байқауға қатысуға шақырамыз!

Ұйымдастырушы: «BILMNUR» баспа редакциясы

Мерзімі: 24сәуір-25 мамыр 2020 жыл аралығында өтеді.

Қатысушы жұмыстарын қабылдау: 24 сәуір 2020 жылдан басталады.

Байқауға қатысушылар: Байқауға мектепке дейінгі, жалпы орта және қосымша білім беру мекемелерінің білім алушылары қатыса алады. Продолжить чтение «Ақпараттық хат»

Жаңа сабақтар

Әлеуметтің демі — әлеуметтік желі

Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай

ашық айтатын адамы – мұғалім» (Ғабит Мүсірепов)

«Оқу — білім бұлағы» — деп жүргенде, IV тоқсан тосын жаңалыққа толы болды.Білім беру барысында қиындықтар кездеспесе де, тақта да тұрып түсіндіріп қалған маман үшін, мезгілсіз кезең болғаны жасырын емес. Десе де, дегбірді қашырған қашықтықтан оқытуға бой үйреніп,тиімді тұстарын байқағаннан болар,тез төселіп алдық.Мұғалім ретінде байқағаным — бір төбе, айтарымда — аз емес.Олай болса, жылы орыныңызға жайғасып, ары қарай оқи отырыңыз.

Ел ішінде орын алған төтенше жағдайдың алдын алу барысында, Мемлекет тарапынан берілген тапсырма білім саласындағы бізге де әсер етті. Әлемді әлекке салған дерттің таралуына байланысты бірнеше іс-шара ұйымдастырылды. Соның ішінде, іліммен білім ошақтары бар. Қазақстанның түкпір түкпіріндегі оқу ордасы қашықтықтан оқытуға көшті. Жалпы, «қашықтықтан оқыту» — дегеніміз не? Сірә,сізге түсініксіз болар. Бұл- оқытушымен білімгердің алыстан «online» режимде синхронды немесе «offline» асинхронды тілдесуі. Яғни, педагог «тиісті» деген тілдесу түрін таңдап алып,оқу үрдістері бойынша оқушыға тапсырма беріп отырады.

Бүгінгі күні қашықтықтан оқыту арқылы оқушылармен жеке-жеке жұмыс жасап,бұрын соңды аңғармаған тұстарымен таныстым.Олар кез-келген сабақты ынтамен орындап,қызығушылықпен ізденіп,өз-өзін бағалап үйренді.Оқушымен мұғалім арасындағы кері байланыстың басымдылығы байқалды.Бұны сізде байқаған боларсыз? Мұғалім ретінде әлеуметтің демі-әлеуметтік желіні пайдаланып, білім беру принциптерімді жүзеге асыра алдым. Сонымен қатар,заманауи инфрақұрылымдарды қолдану арқылы жаңа бағытқа жол аштым. Жас маман ретінде интеллектуалды қабілетке ие болып, интелегентті тұлға болудың алғашқы баспалдағына көтерілдім. Айта кету керек, қашықтықтан оқыту- қызметтегі әріптестермен ғана емес, оқушы және ата-ана арасындағы қарым-қатынасымызды етене тығыз байланыстырды.

Білетін боларсыз, білім жолында жігер жоқ болса-жол тұйық. Осы себептен болар «Жігерім- құм болмасын, мен білім беретін оқушы — білмей қалмасын»- деп ұранға айналған сөздерімді- әр сабағым басталғанда айтып отыруды әдетке айналдырып алыппын. Ұрандының ұрпағы — қайсар келеді.Ең бастысы, біз білім беріп,қанат қақтыратын жас ұрпақтың жалыны, сөнбесе екен деймін.

Алматы облысы, Талғар қаласы Ахмет Байтұрсынов атындағы

7 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі Бағашар Жадыра

NIS

Зияткерлер 23 сәуір — Балалар мерекесін ОНЛАЙН атап өтті

Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектептің оқушылары Алдияр Тумашинов пен Абулхаир Қуаныш елордамыздағы Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы ұйымдастырған 23 сәуір Ұлттық егемендік және балалар мерекесін атап өтуге қатысты. Биылғы жылы осынау дәстүрлі мерекенің ерекшелігі – Түркия Парламентінің 100 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келуінде болып отыр.

Айрықша мереке биыл бес құрлықтан 100-ден астам баланың басын қосқан онлайн конференция форматында өткізілді. Онлайн трансляцияны бір сәтте Түркия және Әзірбайжан елдерінің Білім министрлері, 50 елдің өкілетті елшілері, сондай-ақ, әлемнің түкпір-түкпірінен 150 мыңға жуық көрермен тамашалады. Продолжить чтение «Зияткерлер 23 сәуір — Балалар мерекесін ОНЛАЙН атап өтті»