Жаңа сабақтар

Мырзахмет Гүлнұр Амандыққызы

Келісемін Бекітемін

№12 «Ажар» ясли –бақшасы №12 «Ажар» ясли -бақшасы

КМҚК әдіскері: КМҚК меңгерушісі:

_________Аукенова А.А ________Ж.С. Сейсембаева

Шебер сынып

Логопедтік жұмыстағы ойын технологиялары

Логопед-мұғалім: Мырзахмет Г. А.

Мерзімі: 12.02.2020 ж.

Уақыты: 14:00

Тақырыбы:Логопедтік жұмыстағы ойын технологиялары

Мақсаты: Педагогтармен сөйлеу апаратының бұлшық еттерін дамытуға арналған логопедтік жаттығулар мен ойын арқылы дамытудың жолдарымен бөлісіп, педагогикалық шеберлікпен алмасу;

Міндеті:

  • Тәрбиеленушілердің ауызша сөйлеу тілінің бұзылыстарын түзету;
  • Тәрбиеленушілердің жазба тіл бұзылыстарының алдын алу;
  • Педагогтарға әдістемелік көмек көрсету;

Көрнекіліктер: слайд презентация, ойынға қажетті құралдар, түрлі-түсті қарындаштар, таяқшалар. Продолжить чтение «Мырзахмет Гүлнұр Амандыққызы»

Жаңа сабақтар

Юсупова Сулыухан Куанышбаевна

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы

«Арай» бөбекжай-бақшасы Тәрбиеші

Юсупова Сулыухан Куанышбаевна

Күз ертеңгілігі №12 «Ботақан» кіші тобы

Тақырыбы: «Алтын күз – ырыс, береке, бірлік»

Мақсаты: Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы баллардың білімдерін кеңейту; күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту; балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Барысы: зал іші күзгі суреттермен, мерекеге сай сарғайған жапырақтармен безендірілген. Залға музыканың сүйемелдеуімен балалар кіреді.

Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз,

Жасымыз бен кәріміз.

Қырдан кепті қыдырып,

Алтын күз бізге нұр төгіп.

Тілегім аман болсын ел іргесі,

Алтын күз қайта келді берекесі.

Молшылықтың жаршысы бола білген,

Алтын күз – ырыс, береке, бірлік ала келді. Продолжить чтение «Юсупова Сулыухан Куанышбаевна»

Жаңа сабақтар

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ — ЗАМАН ТАЛАБЫ

ГУЛБАНУ ТӘУЕКЕЛОВА
Алматы қаласы Жетісу ауданы 
№ 57 жалпы білім беретін
мектебінің директоры

Ғаламның бүкіл шартарабын шарпыған әлемдік пандемияның қарқынды таралуына орай Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа үндеуіне сәйкес, республикамыздағы барлық білім беру мекемелері 2020 жылдың 6-сәуірінен бастап, төтенше жағдайға орай қашықтан білім беруді жүргізуде.

Аталған білім беру жүйесінің жаңа форматы бойынша жұмыс жүргізу ұстаздар үшін де, оқушылар үшін де оңай шаруа болмағаны баршамызға аян. Қашықтан оқыту — Отандық білім беру жүйесі үшін үлкен сынақ болғаны анық. Дүниежүзіндегі дамушы елдердің барлық жоғарғы оқу орындары қашықтықтан білім беру технологиясымен жұмыс жасайтыны мәлім. Біздің мемлекетімізде де жоғары оқу орындарында қашықтан оқыту жүйесі тәжіриебеге енгізілген. Елімізде жалпы білім беру мекемелеріне тұңғыш рет енгізілген қашықтан оқыту қалай жүзеге асырылды? Продолжить чтение «ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ — ЗАМАН ТАЛАБЫ»

Жаңа сабақтар

Температура мен жылу энергиясының арасындағы айырмашылық неде?

БҚО, Орал қаласы, А.Байтұрсынов атындағы № 10 ЖОББМ
Биология пәнінің мұғалімі Дарбекқызы Данагүл

Сабақ тақырыбы: Температура мен жылу энергиясының арасындағы айырмашылық неде?

Пән: ЖаратылыстануМектеп: Орал қ. А.Байтұрсынов атындағы №10 ЖОББМ
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:5.5. Энергия және қозғалыс
Күні:Мұғалімнің аты-жөні: Дарбекқызы Д.
Сынып: 5 «Ә»Қатысқандар саны:Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:§44. Температура мен жылу энергиясының арасындағы айырмашылық неде?
Осы сабақта қол жеткізілген оқу макқсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)5.5.1.2 –температура мен жылу энергиясын ажырату

5.5.1.3-термометрді пайдаланып температураны өлшеу

Сабақтың мақсаттары:

(Бағалау критерийі)

Барлық оқушылар орындай алады:
Температура мен жылу энергиясын ажыратады және термометрді пайдалана отырып температураны өлшейді.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады

Суды температура өзгерісіне тәжірибе жүргізе алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Жүргізілгентәжірибені тұжырымдап, қорытынды жасай алады.

пайдалана отырып,

Жетістік критерийлеріТемпература нені сипаттайтынын біледі
Тілдік мақсаттарТемпература, жылу энергиясы, термометр, жылу тепе-теңдігі
Құндылықтарды дарытуОқушылардың ойлауын, сөйлеуін, топпен жұмыс істеу білігін дамыту.
Пәнаралық байланыстарХимия, биология, физика
АКТ қолдану дағдылары5-сыныпқа арналған «Жаратылыстану» оқулығы. Аудиожазба, А3 (А4) пішіміндегі парақтар, маркер, дидактикалық материалдар, сабақтағы табыстылығын бағалау парағы.
Тәжірибе жүргізуге арналған құрал-жабдық: а) су құйылған стақан, мұз; ә) термометр, ыстық су құйылған стақан.
Бастапқы білім§43. Адамға энергияның қандай түрлері белгілі?
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдеріСабақтағы жоспарланған іс-әрекетҚалыптастырушы бағалауРесурстар
Сабақтың басы

3 мин

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу

  • Психологиялық ахуал қалыптастыру;

– Қазір қай жыл мезгілі? Қалай тоңғаныңды, бүріскеніңді, жылынып, рақаттанғаныңды көрсет. Бетіңе қар кесегі тиді, қалай ренжисің? Балалар ақшақар жасап, домалақ
кесектерді бірінің үстіне бірін қалай қояды? Жарайсың!
Үйге көңілді қайттың. Осындай көңіл күймен бүгінгі
сабақты бастаймыз.

  • Топқа бөлу (ребустар арқылы топтарға атау беру)
  • Энергия тобы
  • Жылу энергиясы тобы
  • Температура тобы
  • Бағалау парақшасын үлестру
Сандық жүйе

бойынша

Үй тапсырмасы

7 мин

Жаңа сабақ

25 мин

  • «Смайликтер сөйлейді»

(тақтада ілулі тұрған смайликтерді кезек-кезек келіп, таңдап, смайликтің жасырып тұрған сұрақтарына жауап береді.)

-Энергия дегеніміз не?

-Энергияның негізгі көзі?

-Энергияның неше түрі бар?

-Механикалық энергия туралы не білесің?

-Жылу энергиясы дегеніміз не?

-Электрэнергиясы туралы не айта алар едің?

-Адамның энергияны қажет етуі ұандай өлшеммен өлшенеді?

-Ойлау арқылы жұмыс істегенде энергия аз жұмсала ма, көп жұмсалады ма?

  • Миға шабуыл:

Егер шайқасықты ыстық шайға салса, оған не болады? Қалай олайсың?

(жаңа тақырыппен таныстырып, тақтаға жазу)

  • «Температура мен жылу энергиясы» атты аудиожазба тыңдау

https://www.youtube.com/watch?v=4nMany6tePI

  • Топпен жұмыс

(Әр топқа тапсырмалары жазылған карточкалар беріледі)

  • Энергия тобы

1.Термометр деген не?

2.Термометрдің қандай түрлерін білесің?

3.Термометрді пайдалану ережесі?

Дискриптор: Сынапты медициналық термометр мен электронды термометр беріледі.

— Жылу энергиясы тобы

Тәжірибе-1: Ыстық судың температурасын әр 5 минут сайын өлшеу

Дескриптор:

-Ыстық су температурасын өлшейді;

-термометрді судан шығармай әр 5 минут сайын өлшейді

-алынған мәліметтер бойынша судың сууына байланысты температураның өзгеруін түсіндіреді

  • Температура тобы

Тәжірибе-2: Суды және суға мұз салып температураны өлшеу

Дескриптор:

-судың температурсын өлшейді;

-суға мұз салады;

-мұз салынған су температурасын өлшейді;

-тәжірибеге қорытындысын ауызша айтады

  • Терминология

(тірек сөздерді үш тілде жазу)

  • Жылу, тепло, warm
  • Температура, температура, temperature
  • Термометр, термометр, thermometer
Топ басшысы жауап берген оқушыны бағалап отырады.

Оқушылар бірін-бірі бағалайды.

Сұрақтарға жауап береді

Аудиожазба тыңдау

Тәжірибе орындайды

Дәптермен жұмыс

Үй тапсырмасы

2 мин

§44 оқу

« Температура мен жылу энергиясының арасындағы айырмашылық неде?»

Оқушылар жазып алады.
Рефлексия

3мин

  • Сабақ сендерге ұнады ма?
Оқушылар кері байланыс береді.
Жаңа сабақтар

Нурахманова Айжан Муратханқызы

ШҚО, Өскемен қаласы «М.Шаяхметов атындағы №23 орта мектебі» КММ
Мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі
Нурахманова Айжан Муратханқызы

  1. Сынып сағаты: «Мен қашықтықтан қалай оқимын және вирустық аурулардан қалай сақтануға болады»
  2. «Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру жөнінде ата-аналарға арналған жадынама»
  3. Ашық сабақ тақырыбы: Апта күндері.
ҰОҚ.ҚМҰҚ Сабақ тақырыбы: Мен айналаны танып білемін. Апта күндері. Мектеп: Өскемен қаласы әкімдігінің М.Шаяхметов атындағы №23 орта мектебі КММ
Күні: 04.12.2019 ж. Педагогтың аты-жөні: Нурахманова А.М
СЫНЫП: МАД «Д» сыныбы Қатысқандар: 25 Қатыспағандар:
Оқыту мақсаттары 0.2.4.2.Аптадағы күндердің/жылдағы айлардың санын білу.
Күтілетін нəтижелер Барлық тəрбиеленушілер: -апта күндерін, жыл мезгілдерін атайды. Продолжить чтение «Нурахманова Айжан Муратханқызы»
Жаңа сабақтар

ТарМПУ оқу төлемақысының тәртібіне өзгерістер е нгізді

«Төлемақыны төлеу тәртібі төтенше жадайларға байланысты табысынан айырылған отбасынан шыққан студенттер үшін жаз айларына жылжиды». Дәл осылай деп Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялық қызметінде өткен брифингте Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Ержан Әмірбекұлы мәлімдеді.

Төтенше жағдай кезеңіндегі қашықтан білім алу процесі жүйелі түрде ұйымдастырылып келе жатыр. Осы уақыт ішінде университет студенттерінің тарапынан біршама сұрақтар қойылып, кері байланыс процесі жүзеге асырылды.

Қашықтан білім алу жағдайында біршама студенттер төлемақы тәртібі турасындағы сауалдармен жүгінеді. Осыған байланысты университет ректоры Ержан Әмірбекұлы: «Қазіргі таңда жұмыстарынан қысқартылған немесе кәсіпорындарда қызмет жасап, бүгінде табыс көзінен айырылған ата – аналар бар. Бірқатар студенттеріміз де қосымша жұмыс жасап, өз оқу ақыларын өздері өтеп жүр. Мұндай студенттердің категориясына да біз әлеуметтік жағдайды ескере отырып, мемлекет басшысының салиқали саясаты мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұстанып отырған ұстанымдарының негізінде, төлемақыны кейінгі шегеруге шешім қабылдадық. Бастапқы ережеге сәйкес студенттер сессия уақытына дейін төлемақыны толық төлеу керек. Алайда, төтенше жағдайға байланысты, расында да табыс көзінен айырылған отбасыдан шыққан студенттер болса, студенттің жеке жағдайларын негізге ала отырып, төлемақыны жаз айларына қалдыруды қамтамасыз етеміз» — деп, түйіндеді.

Атап кетсек, ҚР Білім және ғылым министрлігінің емтихан тапсыру және дипломдық жұмыстарды қорғау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар әзірленген. Бұл құжат студенттер тарапынан қойылатын көптеген өзекті сұрақтарға жауап береді.

Тармпу баспасөз қызметі