Жаңа сабақтар

COVID-19 вирусы және сақтану жолдары

Коронавирус ауруының пандемиясы күн сайын өршіп барады. COVID-19 вирусының шығу тегіне байланысты ақпарат өте көп.
Коронавирус ауруының пандемиясы туралы не білемін? Коронавирус ауруының пандемиясы 2019 жылы, желтоқсан айында Қытайдың Ухань қаласының тұрғындары түсініксіз пневманияға шалдыққаны анықталған кезден басталады екен. Аталған вирус адамдарда COVID-19 деп аталатын инфекциялық ауру тудырады. Оның негізгі сипаты – өкпені зақымдауында. Вирусты жұқтырған адам еркін тыныстай алмайды, жөтел қысып, ыстығы көтеріледі. Бұлшық ет ауырады, іші өтіп, әлсіздік пайда болады. Алайда аталған сипаттамалар кәдімгі тұмауға ұқсағанымен, COVID-19 коронавирусының инфекциясы әлдеқайда қауіпті. Ауру туралы негізгі ақпаратты аурудың белгілерін, асқынуларын, оның қалай берілетіндігі және оны басқаларға таралуын қалай тоқтату керектігін түсінуіміз керек.
Өзімді және жақындарымды коронавирустан қорғау үшін нені білуім керек?
1. Қолымды жиі сабынды сумен кем дегенде 20 секунд жуып тұрамын, немесе құрамында спирті бар құралдарды қолданамын.
2. Инфекция ұзақ уақыт қолдарымызда сақталғандықтан, бетімді қолыммен ұстамауға тырысамын.
3. Жөтелгенде немесе түшкіргенде аузымыз бен мұрнымызды жабу үшін сұлықты қолданғанымыз жөн болады. Одан кейін сұлықты қақпағы бар қоқыс жәшігіне тастауымыз қажет.
4. Тұмау белгілері бар адаммен араласудан аулақ болуымыз қажет.
5. Қызу, жөтел немесе тыныс алуымыз қиындаған жағдайда, дәрігерді үйімізге шақырып, тезірек медициналық көмекке жүгінуіміз қажет. Бұл вирустың таралуының алдын алатын күнделікті әдеттер.

Осы бір дерттен аман қалу үшін халық арасында ауызбіршілік пен қатаң тәртіп аса маңызды. Бүгінгі таңда барлық қазақстандықтардан не талап етіледі? Бірінші кезекте, қауіпсіздік ережелерін бұлжытпай орындау.
Сөзімді қорытындылай келе бұл індетпен барлығымыз бірге күресуіміз қажет. Барынша үйден шықпай, аурудың алдын алып отырайық!
Біздің елде барлық іс-әрекеттер жасалып, ондай ушығуға жол берілмейді деп ойлаймын!

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы «Алға орта мектебі» КММ.
3 «А» сынып оқушысы Үмбет Ұлпа Мизатқызы
Жетекшісі: Умбетова Ғалия Тимукуловна

Жаңа сабақтар

Туремуратова Маржан Ертаргынкызы

Ақтөбе облысы Әйтекеби ауданы «ТАҢ ШУАҚ» МДҰ балабақшасының тәрбиешісі Туремуратова Маржан Ертаргынкызы

Баяндама

Тақырыбы: « Бала – сенің бауыр етің»

Мақсаты: Отбасындағы ата – ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ананың мейірімін, махаббатын, жақсылығын түсініп, оған балалық сүйіспеншілікпен жауап бере білуге баулу. Балаларға адамгершілік тәрбиесін бере отырып, оларды өзін — өзі тәрбиелеуге, өз ойын, ішкі сезімін ашық айтуға дағдыландыру. Продолжить чтение «Туремуратова Маржан Ертаргынкызы»

NIS

НАРГИЗ СЕЙСЕК: Еліміздің химия саласын дамытуды армандаймын

Алматы қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Наргиз Сейсек әлемнің тоғыз университеттерінен бірдей шақырту алды. Толық білім беру грантын Наргизге Hong Kong Baptist University және Lawrence University ұсынып отыр. Сондай-ақ, зияткерге алты американдық жоғары оқу орындары жеңілдіктерін беруге дайын.
Наргиздың портфолиосы химия пәнінен республикалық, желілік олимпиадалардың жүлделі орындары мен медальдарымен қатар, ғылыми байқаулардағы жетістіктерімен толы.
— Мен барлық жерде Chemical Engineering факультетін таңдаймын. Химияға деген махаббатты менде 10 сыныпта мықты ұстаз Зауре Дильманова оятты. Зауре Бимаганбетовна мені олимпиадаға және ғылыми жобаларға қатысуға итермеледі. Зияткерлік мектеп ұстаздарымның арқасында мен осындай жетістіктерге қол жеткіздім. Химия саласының келешегі зор. Мен елімізде осы бағытта өндірістерді дамытуға ал салысамын деп ойлаймын, — деді Наргиз.
Болашақ түлек ЮНЕСКО клубының белсенді қатысушысы ретінде ЮНЕСКО және Model United Nation сессияларының оннан астам үлгілерінде Зияткерлік мектептің атынан қатысып, үздік спикер және делегат атағына да ие болған.

Жаңа сабақтар

АКЦИЯ

http://45minut.kz/sertifikat.html арқылы 15 құжатқа (Алғыс хат, сертификат, диплом) тапсырыс бере аласыз. Материал және квитанция bilimnur@bk.ru почтасына жіберіңіздер.

NIS

Халықаралық мектептің мұғалімі Қазақстанның үздік 20 мұғалімінің қатарына енді

Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектептің математика пәні мұғалімі Еламан Серік «2tors.online» өзекті оқу бағдарламалары бойынша онлайн репетиторлық сервисі ұйымдастырған математика пәні мұғалімдеріне арналған «Best online teacher of maths» онлайн олимпиадасында топ жарып, Қазақстанның үздік 20 мұғалімінің қатарына енді.
2tors.online онлайн репетиторлық сервисі Қазақстанның білім беру нарығындағы басты серіктестерінің бірі BTS Education компаниясының жобасы болып табылады.

Продолжить чтение «Халықаралық мектептің мұғалімі Қазақстанның үздік 20 мұғалімінің қатарына енді»
Жаңа сабақтар

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМА

Төтенше жағдай кезеңінде Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде емтихан тапсыру процесі қалай жүзеге асады

Жамбыл облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры, э.ғ.д., профессор Ержан Әмірбекұлы төтенше жағдай кезеңінде студенттердің емтихан тапсыру процесі қалай жүзеге асатындығын атап өтті.

Бакалавриат бойынша 1,2,3 курс студенттері және магистратураның 1 курс студенттері үшін емтиханға дейінгі аралық бақылау кезеңі қашықтан оқу технологиясы бойынша емтихан тапсыру сессиясы ретінде ұйымдастырылады. Оның негізгі платформасы – Platonus жүйесіне енгізіледі. Сондай-ақ, басқа да бағдарламалық жүйелерді қолдана отырып, емтиханды ұйымдастыру қамтамасыз етіледі.

Шалғай ауылдарда тұратын студенттердің жағдайына сәйкес емтиханды белгіленген уақытта тапсыра алмай қалғандар үшін студенттің ыңғайына қарай кешкі 20:00-ге дейін тапсыру мүмкіндігі қарастырылған.

Емтихан тапсыру формасы тест және жазбаша түрде жүзеге асады. Студент жұмысы плагиат арқылы тексеріледі. Ал денсаулық жағдайына немесе желінің мүлде тартпай қалу жағдайы сынды қиындықтарға тап болған студенттер үшін емтихан уақытын ұзарту мүмкіндігі қарастырылған. Ол қажет болған жағдайда маусым айының немесе тамыз айының соңына дейін, ерекше жағдайларда қырқүйек айының бастапқы күндеріне дейінгі уақытты қамтиды.

ТарМПУ баспасөз қызметі

Жаңа сабақтар

Мектебімді сағындым

Керемет қой мектептегі балалар,
Мектептегі керемет қой бағалар.
Мектептегі ұстазыма жетпейді,
Үйде отырған өзіміздің аналар.

Кезде келді мектебімді сағынар,
Вирус кетсе мектепке жол ашылар.
Сол мезетте қуанып бір қалады-ау,
Үйде отырған оқушылар, ұл-қыздар.

Мектеп, мектеп Меккеменен бірдейсің,
Біз барғанда есікті ашып, кір дейсің.
Мектепті аңсап біз ойланып отырмыз,
Қалай сені сағынғанымды білмейсің.

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы № 46 А.С.Пушкин атындағы
мектеп-лицейінің 1«Г» сынып оқушысы Өмірзақ Інжу Нұржанқызы
Жетекшісі: Жунусова Лаззат Алмасбаевна