Жаңа сабақтар

Ғаламшарлар қалай орналасқан?

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Бөлім: «Жер және Ғарыш»

Мектеп: БҚО Бәйтерек ауданы Жайық БМ
Күні: 26.01.19 Мұғалімнің аты-жөні:

Есенжолқызы Мөлдір

Сынып: 2 Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы: «Ғаламшарлар қалай орналасқан?»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
2.4.2.1 Күн жүйесі ғаламшарларының орналасу тәртібін анықтау.

2.1.1.1 Қоршаған әлем құбылыстары, үрдістері мен нысандарын зерделеуге қажетті жағдайлар мен тұлғалық қасиеттерді анықтау.

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: Күн жүйесі ғаламшарларының орналасу тәртібін анықтайды. Қоршаған ортаның құбылыстарын, үдерістерін әрі нысандарын зерделеу үшін қажетті шарттар мен жеке тұлғалық қасиеттерді болжайды.

Көптеген оқушылар: Қосымша мәліметтерді пайдалана отырып, күн жүйесі ғаламшарларының сипаттамасын таба алады.

Кейбір оқушылар: Ғаламшарларды түрлі белгілері бойынша жіктей алады. Продолжить чтение «Ғаламшарлар қалай орналасқан?»

Жаңа сабақтар

Алильбекова Сандуғаш Жұмабекқызы

Түркістан облысы, Отырар ауданы Ақтөбе ауылы, «Қатира-Ана» балабақшасы МКҚК меңгерушісі Алильбекова Сандуғаш Жұмабекқызы

Мектепке дейінгі балалардың

денсаулығын нығайту

Қазіргі кездегі елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған. Әлемдік білім кеңістігінен жалпы білім берудің басымдылық мақсаты – өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделетін, өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын тұлға даярлау. Қай кезеңде болмасын білім мен тәрбие егіз ұғым екендігін ескерсек, отбасынан бастау алған бала тәрбиесі мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарында жалғасын тауып, болашаққа қадам басары анық. Олай болса, мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарындағы бүлдіршіндер тәрбиесін жан-жақты жетілдірудің жолдарын айқындап, бала денсаулығын сақтаудың жолдарын қарастыру заман талабынан туындап отырған жағдайлардың бірі. Продолжить чтение «Алильбекова Сандуғаш Жұмабекқызы»

Жаңалықтар

ЕМТИХАН ТАПСЫРУ МЕН ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҚОРҒАУ ҚАЛАЙ ӨТЕДІ?

ҚР Білім және ғылым министрлігі емтихандарды тапсыру мен дипломдық жұмыстарды қорғау бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірледі. Оның алгоритмі заңнама талаптарына, БҒМ-нің қашықтан оқытуды ұйымдастыру жөніндегі бұйрығына (2020 жылғы 1 сәуірдегі № 123), сондай-ақ ЮНЕСКО-ның ұсыныстарына негізделген.

Бүгін ведомствоның Facebook-тегі ресми парақшасындағы тікелей эфирде ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов ЖОО ректорларымен бірге қашықтан білім беру жағдайында емтихандар мен дипломдық жұмыстарды қорғау қалай өтетінін түсіндірді. Продолжить чтение «ЕМТИХАН ТАПСЫРУ МЕН ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҚОРҒАУ ҚАЛАЙ ӨТЕДІ?»

Жаңалықтар

Әскери психологтар төтенше жағдай кезінде шұғыл режимде жұмыс істеуде

Төтенше жағдай кезінде жұмысқа тартылған әскери қызметшілерге психологиялық көмек көрсету үшін ҚР Қарулы Күштерінде әскери психологтардың мобильді тобы құрылып, олар шұғыл режимде жұмыс істеуде.

Олардың негізгі мақсаты – зарарсыздандыру жұмыстарына, блок-бекеттерге және қала көшелерін патрульдеуге тартылған әскери қызметшілерге шұғыл-психологиялық көмек көрсету. Төтенше жағдайда әр әскери қызметшінің психологиялық жай-күйі психологтар тарапынан тұрақты қадағалауды және зерделеуді қажет етеді.

«Сол себепті тренингтер мен терең тыныс алу жаттығулары, жеке әңгімелесу адамның қалыпты өмірге қайта келуіне ықпал етеді. Сондай-ақ, аталған тренингтер тіпті психолог маманы жоқ кезде де әскери қызметшілердің өзара бір-біріне психологиялық көмек, моральдық қолдау көрсетуіне септігі зор», — деп атап өтті Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты психологиялық қызмет көрсету қызметінің бастығы подполковник Сандуғаш Дәуренбекова.

Зарарсыздандыру жұмыстарына шығар алдында моральдық-психологиялық тұрақтылығын анықтап, оларды іріктеу мақсатында экспресс-тестілеу арқылы психодиагностикалық жұмыс жүргізіледі. Одан кейін арт-терапия әдісі арқылы (сурет салу, пластилиннен бейне салу арқылы) жеке құрамның ішкі сезімі мен көңіл-күйі анықталады. Оған қосымша психологиялық әңгімелесу, адамның физикалық және физиологиялық жай-күйін реттеуге бағытталған тыныс алу жаттығулары жасалады. Зарарсыздандыру жұмыстарынан қайтып келгеннен кейін де психологиялық әңгімелесу жүргізіліп, релаксациялық тренингтер өткізіледі.

РЭжБӘИИ баспасөз қызметі

Жаңалықтар

Мобильная группа военных психологов усиленно несет службу в Алматы

Чтобы поддержать и оказать психологическую помощь лицам, которые задействованы в обеспечении режима ЧП, в Вооруженных Силах Казахстана организованы мобильные группы военных психологов, которые сейчас несут службу в усиленном режиме.

Их основная работа – оказать экстренную психологическую помощь военнослужащим, которые задействованы в дезинфекционных работах, блокпостах и патрулировании улиц города Алматы. Во время таких мероприятий психологическое состояние каждого военнослужащего требует постоянного наблюдения и изучения со стороны психологов подразделений.

Начальник службы психологического обеспечения Военно-инженерного института радиоэлектроники и связи подполковник Сандугаш Дауренбекова отметила, что психологические тренинги, дыхательные упражнения и индивидуальные беседы помогают разгрузиться. Продолжить чтение «Мобильная группа военных психологов усиленно несет службу в Алматы»

Жаңа сабақтар

Оқушылардың өзіндік жұмыс жоспары

Мектеп Алматы облысы Талдықорған қаласы «№13 орта мектеп» (арнаулы сыныптарымен) КММ
Пәні Физика
Пән мүғалімі Жуман Мергенбек
Сыныбы 11
Сабақтың

тақырыбы

Ток көзінің ЭҚК есептеу Сабақтың нөмері №7
Мақсаты