Жаңа сабақтар

Ватсаппен оқу…

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы № 46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейінің
1 «Г» сынып оқушысы Айтакар Аруназ Ғазизқызы
Жетекшісі: Жунусова Лаззат Алмасбаевна

Түсінбедім бұл өмірдің ағымын,
Үйде отырып мен мектепті сағындым.
Вирус кетіп,тез мектепке барсам деп,
Дұға етіп,бір Аллама жалындым.

Таза жүрміз үйімізде қол жуып,
Қолымызды қайта-қайта он жуып,
Сақтансақ,сақтайдыма екен деп,
Шығып кетсек болар еді-ау жол тауып.

Ватсаппенен оқып жүрміз сабақты,
Күнде жазып,тауыстым дәптер, парақты.
Тапсырманы орындауға біздерге,
Чатымызға апай сабақ таратты.

Мектепке барып қашан оқимын сабақты
Үйде отыру бәрімізді шаршатты
Кең дүниенің керемет жерлеріне ,
Қай ақымақ вирусты әкеп таратты?
О, Құдайым, қорғасаңшы, қазақты!!!

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы № 46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейінің
1 «Г» сынып оқушысы Айтакар Аруназ Ғазизқызы
Жетекшісі: Жунусова Лаззат Алмасбаевна

Жаңа сабақтар

Мұғалімдерге арнау

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы № 46 А.С.Пушкин атындағы
мектеп-лицейінің 1 «Г» сынып оқушысы Тұрсын Нұрасыл Мейрамұлы
Жетекшісі: Жунусова Лаззат Алмасбаевна

Онлайнмен сабақ деп ызғып жүгірдік,
Бәріміз бір телефонға үңілдік.
Осындай бір ауыр хәлде жүрсекте,
Сыйлайық тек бір-бірімізге жылулық.

Ата-ананың барлығы қарбаласып,
Балалардың ұстазымен араласып,
Қашықтықтан оқытуды бастап кетті
Балалардың тапсырмасын орындатып…

Кейбірі жүр интернетке кіре алмай,
Мұғалімнің не бергенін біле алмай.
Қаншама адам шықпай отыр үйінде,
Көшеге шығып жүре алмай.

Қазіргі кез мұғалімге қиын ғой,
Онсызда олар компьютерге бейім ғой.
Қашықтықтан оқытам деп баланы,
Мұғалімнің мәртебесіне зейін қой!

Интернетсіз отыр ауыл балалары,
Қолдан келсін олардың қай амалы?
Онлайнға көшті бәрі мектептің,
Оларға кім қандай жолды таба алады?
Тура осындай интернетсіз ахуал ,
Ауыл емес, ауданда да табылады!

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы № 46 А.С.Пушкин атындағы
мектеп-лицейінің 1 «Г» сынып оқушысы Тұрсын Нұрасыл Мейрамұлы
Жетекшісі: Жунусова Лаззат Алмасбаевна

Жаңа сабақтар

Қазақ тіл біліміндегі буынның зертелуі

Авиация колледжі

Қазақ тілі әдебиеті пәнінің оқытушысы

Оразаева Жазира Кудайбергеновна

Cөйлеу үстіндегі тілдік мәтінді ұсақ бөлшектерге жіктеу тіл білімінің басты проблемаларының бірі болып табылады. Тілдік мәтін қандай бөлшектерден құралады және ол бөлшектердің тізбек мөлшері қандай болу керек деген сұрақ ертеден-ақ лингвистерді толғандыра бастаған. Осы орайда профессор Л.Р.Зиндер «…сөйлем өз алдына жеке, ең бастысы аяқталған, сөйленім бірлігі болып табылады. Тілдің негізгі қызметі адамдардың өзара қатынас құралы екендігінде болса, өзара сөйлесу тілдің ең кішкене бөлшегі болып саналатын сөйлем арқылы іске асады. Ал бір тұтас сөйлеу мәтіні фонетикалық амалдар арқылы сөйлемге және одан да кіші мағыналық бірліктерге бөлшектенеді» деп жазған болатын. Бұдан біздің ұғатынымыз тілдік мәтін (сөйленім) белгілі бір майда бөлшектерге таралуға тиіс. Ал тілші мамандардың міндеті әрбір тілдің өзіне сәйкес сол тілдік бөлшектерді табу және оны лингвистикалық тұрғыдан талдап шығу. Продолжить чтение «Қазақ тіл біліміндегі буынның зертелуі»

Жаңа сабақтар

Қазақ жеріндегі мәдениеттер мен өркениеттер. Видео сабақ

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы
Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің
тарих пәні оқытушысы Солтанбек Маржан Бексұлтанқызы

Пәні Мәдениеттану.
Тақырыбы: Қазақ жеріндегі мәдениеттер мен өркениеттер.

Жаңа сабақтар

Біз біргеміз. Байқау

р/сАты-жөніЖетекшісіОбл. Қала ауыл. Оқу орныСыныбы /тобыБайқау номинациясы(түрі)
1Кенжебек Ақан РысбайұлыДостиярова Майгуль КапбаровнаҚызылорда обл. Шиелі ауд. Жаңатұрмыс ауылы, №207 “Жаңатұрмыс” орта мектебі6Қашықтықтан оқытудың ерекшеліктері
2Кенжебек Шоқан РысбайұлыДостиярова Майгуль КапбаровнаҚызылорда обл. Шиелі ауд. Жаңатұрмыс ауылы, №207 “Жаңатұрмыс” орта мектебі6Қашықтықтан оқытудың ерекшеліктері
3Хауметова Сандуғаш КенжебекқызыДостиярова Майгуль КапбаровнаҚызылорда обл. Шиелі ауд. Жаңатұрмыс ауылы, №207 “Жаңатұрмыс” орта мектебі6Вирустық аурудан сақтанудың маңыздылығы
4Алиакбар Ақсұлтан РахымжанұлыДостиярова Майгуль КапбаровнаҚызылорда обл. Шиелі ауд. Жаңатұрмыс ауылы, №207 “Жаңатұрмыс” орта мектебі6Вирустық аурудан сақтанудың маңыздылығы
5Аманбай Назым ЖайсанбекқызыДостиярова Майгуль КапбаровнаҚызылорда обл. Шиелі ауд. Жаңатұрмыс ауылы, №207 “Жаңатұрмыс” орта мектебі5Вирустық аурудан сақтанудың маңыздылығы
6Дарханбек Аділет ҒаниұлыДостиярова Майгуль КапбаровнаҚызылорда обл. Шиелі ауд. Жаңатұрмыс ауылы, №207 “Жаңатұрмыс” орта мектебі5Вирустық аурудан сақтанудың маңыздылығы
7Әлиакбар Гүлсая РахымжанқызыДостиярова Майгуль КапбаровнаҚызылорда обл. Шиелі ауд. Жаңатұрмыс ауылы, №207 “Жаңатұрмыс” орта мектебі3COVID-19 вирусы, және сақтану жолдары
8Жеңсікбай Нұрсұлтан БақытұлыДостиярова Майгуль КапбаровнаҚызылорда обл. Шиелі ауд. Жаңатұрмыс ауылы, №207 “Жаңатұрмыс” орта мектебі1COVID-19 вирусы, және сақтану жолдары
9Жарылқасын Ілияс ТалғатұлыДостиярова Майгуль КапбаровнаҚызылорда обл. Шиелі ауд. Жаңатұрмыс ауылы, №207 “Жаңатұрмыс” орта мектебі3COVID-19 вирусы, және сақтану жолдары
10Пернебаева Еркемай РусланқызыДостиярова Майгуль КапбаровнаҚызылорда обл. Шиелі ауд. Жаңатұрмыс ауылы, №207 “Жаңатұрмыс” орта мектебі3Вирустық аурудан сақтанудың маңыздылығы
11Базарбай Мадина ҒабитқызыДостиярова Майгуль КапбаровнаҚызылорда обл. Шиелі ауд. Жаңатұрмыс ауылы, №207 “Жаңатұрмыс” орта мектебі1Қашықтықтан оқытудың ерекшеліктері
NIS

«Тәуір — сәуір» онлайн-марафон

Ата-аналар арналған «Тәуір — сәуір» онлайн-марафон бастау алды.
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің психологтар қауымдастығы республиканың ата-аналарына арналған бір апталық «Тәуір — сәуір» онлайн-марафонын жүзеге асыруды бастады. Бастамаға барлық тілек білдірген қазақстандық отбасылар қатысуда. Марафонға жалпы жабық онлайн-топтарда республиканың 20 қаласынан 636 отбасы қосылды.
Алматы қаласы химия- биология бағытындағы Зияткерлік мектебінен жүзден аса ата-ана белсенділік танытып, марафонның алғашқы күндерінде отбасылық салт-дәстүрлермен бөлісті, жанұялық елтаңбасын жасады. Алдағы күндерде марафон қатысушылармен тікелей эфирге психология саласының маманы, балалар тәрбиесінің қыр-сырларын меңгерген Виктория Шиманская шығады, басқа да пайдалы кездесулер мен тренингтер жүргізіледі. Марафон ата-аналарға қашықтықтан оқыту күндері құнды тәжірибелік кейс ретінде әр жанұяда сенім, бірлік және өзара түсіністік жағдайын құруға және сақтауға көмектеседі. Жаңалықтарды ➡️ @nis_psysociety Инстаграмм парақшасында біліп отырыңыздар!