Жаңа сабақтар

Короновирус, келме Қазақ еліне!

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы № 46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейінің 1«Г» сынып оқушысы Сұлтаназар Нұртілеу Ерланұлы. Жетекшісі: Жунусова Лаззат Алмасбаевна

Короновирус ойландырды өзімді,
Дүниеме сыйдыра алмай сөзімді.
Қолыма қалам алып отырмын,
Қағазға жазып қояйын деп сөзімді.

Короновирус бар әлемге тарады,
Мына өмір, өзі не боп барады?
Бойымызда қорқыныш пен үрей,мұң,
Қарсы тұрсақ,барма өзі амалы?

Короновирус тез тарайды екенсің.
Тарай берсең бәрін жалмап өтерсің.
Тоқтамға кел, талабыңды күшейтпе!
Сонда ғана жақсылыққа жетесің.

Гүлге түскен құрттай бәрін шірітті
Елдің бәрі бұл вирусқа күдікті.
Студенттер туған жерге оралып,
Отбасының мүшелері бірікті.

Коронавирус келме,Қазақ еліне!
Келме, менің Ұлан байтақ жеріме!
«Қазақ!»-деген,Киелі ел, қашанда!
Құран оқып, дұға етеміз беріле…

Коронавирус оралма қайтып қазаққа,
Сала көрме қазақ елін азапқа.
Адам жанын құрбандыққа шалатын,
Бұл өмір саған мазақпа?

Раббым, Алла! — аман сақта елімді!
Ауырғанға шипа етші еміңді.
Аты жаман аурулардан сақташы,
Менің байтақ «Қазақ!» — деген елімді !

NIS

Онлайн-вебинар

«ATL дағдылары арқылы кураторлық сағаттарды түрлендірудің
7 құпиясы» тақырыбындағы онлайн-вебинар

Еліміздегі мектептердің білім алушылары қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы оқытуға көшкен сәттен бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектепте педагог-ұйымдастырушы-кураторлар қауымы үшін оқыту вебинарларын жүйелі негізде өткізу бастамасы қолға алынды.

2020 жылдың 17 сәуірінде Халықаралық мектептің іс-шаралар координаторы Акбар Тусупбаев пен аға педагог-ұйымдастырушы-куратор Қайырбек Сабырханов «ATL дағдылары арқылы кураторлық сағаттарды түрлендірудің 7 құпиясы» тақырыбындағы онлайн вебинар өткізді. Продолжить чтение «Онлайн-вебинар»

Жаңа сабақтар

Альханова Айгуль Тулеутаевна

Қарағанды облысы Шахтинск қаласы Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі

Пән мұғалімі: Альханова Айгуль Тулеутаевна

Сыныбы: 4 «В»

Пәні: Дүниетану (Б.Тұрмашева, С.Салиш, В.Пугач – Алматы «Атамұра», 2019)

Сабақ тақырыбы: Менің өлкемнің ауылшаруашылығы
Сабаққа негізделген оқу мақсаты 4.2.3.1 — өз өңіріндегі және Қазақстанның басқа да өңірлеріндегі адамдардың шаруашылық қызметтерін табиғи жағдайларға (рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары) байланыстырып талдау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Нысандардың кеңістікте бір-біріне қатысты орнын анықтайды.Түсініктерін жазбаша эссе, ой-толғау түрінде көрсетеді.

Көптеген оқушылар: өздерінің жауаптарын нақтылау үшін өмірден мысалдар келтіреді; оқулықта берілген ақпараттарды қолданады.

Кейбір оқушылар: Глобус пен карталардың қолдану аясын талқылап, олардан негізгі нысандарды көрсетуді үйренеді. Меридиан, параллель ұғымдарын түсініп, глобустан таба білу дағдылары қалыптасады. Продолжить чтение «Альханова Айгуль Тулеутаевна»