Жаңа сабақтар

Оқушылар шығармашылығы

Байқау тақырыптары:

  • Адамзат тарихындағы пандемиялар
  • COVID-19 вирусы және сақтану жолдары
  • Вирустық аурудан сақтану маңыздылығы
  • Қашықтықтан оқытудың eрекшеліктері
  • Мен қашықтықтан қалай оқимын?
  • «Біз біргеміз» челленджін қолдау
Жаңа сабақтар

Маңғыстаулық мұғалім Жігер челлендж жасауда

Химия пәні бойынша әлемдік байқауда үздік деп танылған маңғыстаулық мұғалім Жігер челлендж жасауда

Химия пәні бойынша мұғалімдер арасындағы әлемдік байқауда үздік деп танылған маңғыстаулық Жігер Телеуханов қашықтан оқыту – ұстаздарға үлкен білім беру платформасын дайындауға мүмкіндік бергендігін айтты.

Жас маман ҚР БҒМ-нің Фейсбук әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринованың қатысуымен «Қашықтан оқыту – оқушылар мен ата-аналар үшін жаңа тәжірибе» тақырыбында өткен онлайн конференцияға қатысып, қашықтан білім беру жайлы өз пікірімен және тәжірибесімен бөлісті.

«Мектеп мұғалімдерімен бірігіп мектебіміздің оқушыларына видеосабақтар түсіріп жатырмыз. Одан басқа, қазір өте жақсы таралып жатқан челлендж арқылы үйдегі бар мүмкіншілікпен химиялық заттарды тексеріп көруді бастадық. Мысалы, үйде сабын, сусабын, кір жуғыш заттар жасауға болады. Бұның бәрі – химия болғанымен, 50%-ы -мектеп бағдарламасы», – дейді Жігер Телеуханов.

Маңғыстаулық мұғалімдер стабилизатор, ароматизатор, эмульгатор, бояғыштардың зиянын Instagram әлеуметтік желісінде хештегпен белгілеп, өзара челлендж жасап, бір-біріне жіберуде. Оны әр оқушы түсінгені бойынша орындап, өз ойымен дискриптер арқылы жасауға тысырады.

«Қазіргі жастардың көбі Instagram-ды қолданады. Хештег арқылы белгілі бір мұғалімді белгілеп, осындай әдістеме арқылы оқушыларды оқыту қызық болып жатыр. Оқушылар өз қолдарымен сезіп көрген нәрсесін жақсырақ түсінетін болғандықтан, бұл жерде жаңа мазмұнға келе жатырмыз. Яғни, бала баға үшін емес, өзі үшін оқу керек екенін түсінетін сәт туды»,дейді жас маман.

Конференция барысында химия пәнінің мұғалімі әріптестерін креативті болуға, сондай-ақ, әлеуметтік желілердің көмегімен баланы қызықтыратын әдістерді ойлап табуға шақырды.

Жаңалықтар

«Қашықтан оқыту – оқушылар мен ата-аналар үшін жаңа тәжірибе» Онлайн-брифинг

Қашықтан білім беру мәселелесі бірінші кезекте шағын жинақты мектептер үшін тиімді. Мұндай пікірді бүгін «Қашықтан оқыту – оқушылар мен ата-аналар үшін жаңа тәжірибе» тақырыбында өткен онлайн конференция барысында қоғам қайраткері Мұрат Әбенов айтты.

Онлайн жиналыс ҚР Білім және ғылым министрлігінің Фейсбук әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринованың, қоғам қайраткері Мұрат Әбеновтің, химия пәнінің мұғалімі Жігер Телеухановтың және ата-аналардың атынан сөйлеген Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызының, танымал тележүргізуші Гүлнәз Әлімгерейдің, блогер Алмас Тоқабаевтың, сондай-ақ, маңғыстаулық үш оқушының анасы Ақбөбек Жолбасарованың қатысуымен өтті.

Продолжить чтение ««Қашықтан оқыту – оқушылар мен ата-аналар үшін жаңа тәжірибе» Онлайн-брифинг»
Жаңа сабақтар

Кабакова Марина Ахметқызы

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы

«Арай бөбекжай бакша» МКҚК

Кабакова Марина Ахметқызы

Тәрбиеші жан мамандығы

Мен балабақшада тәрбиеші болып жұмыс жасағаныма еш өкінбеймін. Менің ұғымымда, алдымыздағы әрбір бала қайталанбас бір ғажайып әлем десек, сол зерттелмеген таза құпияға терең үңіліп, баланың басқаға ұқсамайтын ерекше қасиеттерін тану, оның жүрегіне, жан дүниесіне жол таба білу – біздердің, тәрбиешілердің бұлжытпас борышымыз. Бала тәрбиесі, оның ішінде балабақшадағы сәбилерді тәрбиелеу үлкен мәртебе.Бала тәрбиесінің негізі балабақшада қаланады.Баланы жеке тұлға етіп тәрбиелеу үшін,әрине тәрбиешінің жеке басының өзі соған сай болуы керек.Баланы тәрбиелеудің негізгі мақсатым-дені сау,ұлттық сана –сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік,мәдениетті, парасатты ,ар-ожданы мол, еңбекқор, бойында игі қасиеттер қалыптасқан патриот ұрпақ тәрбиелеу. Продолжить чтение «Кабакова Марина Ахметқызы»

Жаңа сабақтар

Абилгазина Лаура Адилхановна

Қостанай облысы, Арқалық қаласы , Родина ауылы

Родина жалпы орта білім беретін мектебі Родина жалпы орта білім беретін мектебі

Абилгазина Лаура Адилхановна

«Бастауыш сыныптарда оқытудың жаңа технологиясын

сабақта тиімді қолдану

Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Өйткені, тәуелсіз Қазақстанды дамыған бәсекеге қабілетті елу елдің қатарында, терезесін тең ететін – білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқу үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Соның ішінде мүмкіндігі шектеулі оқушылардың дамуына да жаңа технология элементтерін пайдалану өз әсерін тигізуде. Продолжить чтение «Абилгазина Лаура Адилхановна»

Жаңа сабақтар

Сулейменова Нургуль Апосовна

Қостанай облысы, Арқалық қаласы , Родина ауылы Родина жалпы орта білім беретін мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Сулейменова Нургуль Апосовна

Баяндама

Ата-ана мен мұғалім арасындағы байланыс бала болашағының кепілі.

Мектеп – табалдырығын аттап болашақ білім жолына қадам басқан әрбір кішкентай үшін Алтын ұя мектебі екінші үйі болары сөзсіз. Сонымен қатар бала сыныптағы жаңа ортамен танысып жаңа достар да табады. Осы тұста ұстаздың атқаратын ролі өте зор. Ол баланың жаңа ортаға тезірек бейімделіп, сол ортаның толыққанды бір мүшесі болу жолында бірден бір көмекші. Қазақта «Ұстазы мықтының ұстамы мықты» деген сөз бекерге айтылмаған. Зерек,қоршаған әлемді танып білуге құштар, әр нәрсеге ынтызар оқушы үшін мұғалімнің кеңпейілдігі мен қызығушылықтарын қанағаттандыра білуі бүгінгі білім жүйесінің басты мақсаты. Продолжить чтение «Сулейменова Нургуль Апосовна»