Жаңа сабақтар

Машева Алтынай Аскаровна

Ақтөбе облысыӘйтекеби ауданы. Талдысай селосы «Аққайың»МДҰ балабақшасының тәрбиешісі Машева Алтынай Аскаровна

Тақырыбы: Менің үйім

Мақсаты: Құрылыс материалдарынан үй құрастыра білуге жаттықтыру. Балаларды шығармашылыққа,еңбекқорлыққа баулу.

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Құрастыру

Көрнекілік: Құрастырылған үйшік, үйшік суреттері

Қажетті құралдар: Түрлі-түсті қағаз,желім,сулық.

Билигвалды компонент: үй-дом, шатыр-крыша Продолжить чтение «Машева Алтынай Аскаровна»

NIS

ЕЛОРДАЛЫҚ ОҚУШЫЛАР: БІЗ СІЗ ҮШІН ҮЙДЕ БОЛАМЫЗ

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ филиалы «Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектептің» 1 «І» сынып оқушылары әлемді жаулаған ауыр індетпен күресуші ақ халатты абзал жандарды қолдау мақсатында бейнероликтер түсіріп, өз қолдарымен сурет салды.

Мектеп табалдырығын биыл ғана аттаған балалар ақ параққа дәрігердің суретін салып, «Мың алғыс», «Covid 19 stop» деген жазулармен әрлеген.

  • Мың алғыс Сізге дәрігер! Біз үшін сіз ауруханада науқастармен қалдыңыз, ал Сіз үшін біз отбасымызбен үйде боламыз, — деді балалар бірауыздан.

Дүниенің төрт бұрышын түгел шарпыған дертке бейжай қарай алмаған бүлдіршіндер, барлық тұрғындарды үйде қалуға шақырады. Олар өздері тұратын тұрғын үйдің пәтеріне үндеу жазып қалдырған:

  • Біз пәтерлеріміздің есігіне «Үйде бол», «Қауіпсіздікте бол», «Мен үйдемін, сен де үйде бол» деп жазып, іліп қойдық. Бәлкім, ересектер мен өзге де балалар мұны оқып, үйде қалғанымыз дұрыс деген ойға келер, — дейді балалар.

Оқушылар бұл идеяларын әлеуметтік желіде бөлісіп, оқырмандар тарапынан қолдау тауып та үлгерді. Алдағы уақытта олар #үйдеқал науқанын жандандырып, дәрігерлерге арнап челлендж бастауды мақсат етіп отыр.

Қазіргі сәтте бірлігі ажырамаған, ынтымағы жарасқан еліміздің тыныштығы үшін жұқпалы індетпен күресуде алдыңғы шепте жүрген дәрігер қауымына қолдау ауадай қажет, мұны түсінген оқушыларымызды біз мақтан тұтамыз!

Сандуғаш Кожина,
«Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектеп» «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы филиалының баспасөз хатшысы

Жаңалықтар

«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ ЖӘНЕ КЕЛЕШЕГІ»

20.04.2020 жылы Ақтөбе қаласы Баишев университетінде ғылым онкүндігі шеңберінде қашықтан оқыту түрінде «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ ЖӘНЕ КЕЛЕШЕГІ» — адамзаттың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған V халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысын бастайды. Продолжить чтение ««ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ ЖӘНЕ КЕЛЕШЕГІ»»