Жаңа сабақтар

КОРОНАВИРУС

Covid-19 вирус туралы қазақша түсінікті етіп жазылған, балаларға арналған кітапша. Сабақ материалы ретінде қолдануға және ата-аналар мен оқушыларға таратуға болады.

Бұл кітапшаны Аксел Щэффлер мен Англияның жұқпалы ауру кафедрасының мамандары Nosy Crow баспасында әзірлеп шығарды.

Авторлары: Элизабет Жэннер,Кэйт Үилсон, және Ния Робертс
Көркемдеуші: Аксел Шэффлер

Кітапшаның қазақ тіліндегі аудармасы © Steppe and World баспасына тиесілі. Алматы 2020. Барлық құқығы қорғалған.
Ағылшын тілінен аударған – Назгүл Қожабек
© Қазақша нұсқасын құрастырған Р: Сайран Қадыр

Жаңалықтар

БҒМ қашықтан оқытуда әртүрлі жолдарды пайдалана отырып, дұрыс стратегия қабылдады – сарапшылар

«Біз карантиннен кейін бірнеше пәнді тек цифрлық форматта қалдыруымыз керек. Бұл — менің ұсынысым. Бүгінгі күні ҚР БҒМ-нің цифрлық білім беруге көшкенін көріп отырмыз», – деді Қазақстанның танымал IT сарапшылары мен отандық білім беру жүйесі өкілдерінің қатысуымен өткен онлайн-конференция барысында ҚР Президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі Бағдат Мусин. Продолжить чтение «БҒМ қашықтан оқытуда әртүрлі жолдарды пайдалана отырып, дұрыс стратегия қабылдады – сарапшылар»

NIS

ҒЫЛЫМИ БАЙҚАУДАҒЫ ЖЕҢІС

Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9 «А» сынып оқушысы Әсем Бақытқызы Бүкілресейлік В.Вернадский атындағы ғылыми зерттеулер байқауының лауреаты атанды. Әсемнің жұмысы қазылар алқасымен «Жаратылыстану» категориясында қаралып , «Эксперименталдық зерттеулер» номинациясында I орынды иеленді.

  • Бұл менің алғаш рет байқауға қатысуым. Мен үшін пайдалы тәжірибе болды. Химия-биология саласында білімімді тереңдетіп, келешекте де ғылыми жарыстарға қатысатын ойым бар,- деді зияткер оқушы.
    Мектепте төрт жылдан бері іске асырылып келе жатқан «Ғылымның есігін бірге ашайық» деген жоба арқылы оқушыларда Алматының ЖОО мен ҒЗИ ғалымдарымен бірігіп ғылыми- зерттеу жобаларымен айналысатын мүмкіндіктері бар. Әсем Бақытқызының ғылыми жетекшісі — Ж. Жиембаев атындағы Қазақстан өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институтының PhD докторы Әйгерім Қойгельдина.
Жаңа сабақтар

«Кемеңгерліктің 30 жылы»

Қазақ елінің өз тәуелсіздігін алғаннан бері,еліміздің алғашқы Президенті болған бірден-бір дара тұлға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет басқарғанына 30 жыл толып отыр. Елбасымыздың ерең еңбегі қазіргі заманауи Қазақстан бейнесінен білініп отыр.

Осы 30 жылдың ішінде көптеген жетістіктерге жетіп, қазақ елінің ішкі – сыртқы саясатын, экономикасын едәуір көтерді. Тіпті макроэкономикалық тұрақтылық орын алды, өнеркәсіп жанданып, қаржы – бюджет, салық жүйесі құрылды, жекешелендіру жүргізілді, зейнетақы жинақтау жүйесі дүниеге келді. 1995 жылы тамыз айында еліміздің Негізгі Заңын қабылдап, дін бостандығы сияқты азаматтық қоғамның құндылықтарын конституциялық нормаларға айналды.Осылайша Қазақстанның барлық дерлік салалары дамып,көрші мемлекеттермен терезесі тең мемлекетке айналды.

Қазақстанның биік лауазымына ие Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметінен өз еркімен бас тартуы оның кемеңгерлігін білдіреді. Нұрсұлтан Назарбаев өз мәлімдемесінде «Мемлекетіміздің аса маңызды тарихи сәттерінде халқыма үндеу жолдайтынымды білесіздер. Бүгін де баршаңызға үндеу жариялағалы отырмын. Бірақ бүгінгі үндеудің маңызы зор. Мен Қазақстан Республикасының Президенті ретіндегі өкілеттігімді тоқтату жөнінде шешім қабылдадым. Бұл — оңай шешім емес» деді.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев барлық халыққа өз алғысын білдіріп,әрдайым қолдау көрсететінін білдірді. Алғашқы Президентіміз басқарған 30 жыл — әрбір қазақстандықтың есінде мәңгі сақталмақ! Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев-Қазақстан үшін дара тұлға!

Фатима Қозыбақова, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті тарих және археология,этнология факултетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры,ғылыми жоба жетекшісі

Кенгесбай Аружан, Филология және әлем тілдері факультетінің студенті

Жаңалықтар

Пандемия жағдайындағы университеттің әлеуметтік миссиясы

COVID-19 пандемиясы жағдайында халыққа көмек көрсету мақсатында Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті қашықтан оқыту технологиялары жағдайында сабақтарға дайындық шеңберінде оқушыларға, сондай-ақ мектеп мұғалімдеріне әдістемелік қолдау және компьютерлік сауаттылықты арттыру ретінде тегін оқыту жүргізу әлеуметтік жобасын қолға алды.

Психологтардың пікірінше, мәжбүрлі оқшаулау балалардың психологиялық жағдайының нашарлауына, тәртіптің бұзылуына, жанжалдарға әкелуі мүмкін. Сондықтан, оқшаулану кезеңінде балалардың жаңа білім алуға үйреніп, өмірдің ұзақ мерзімді жоспарларын құруы маңызды.

Осы жоба аясында оқушылар әлеуметтік желі платформаларында және бейне-, аудиобайланыс үшін сәйкес келетін сервистерді пайдалана отырып, универсиеттің жоғары мектептерінің профессорларымен және оқытушыларымен кездесу жоспарлануда, онда балалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алады, сондай-ақ өмірге пайдалы дағдыларды дамыту бойынша тренингтерге қатыса алады.

Оқушылардың прогресін қадағалау және үнемі қолдау көрсету үшін танымал мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде топтық чаттар құрылады, онда үй тапсырмаларын талқылаудан басқа, балалар конкурстарға және басқа да онлайн-активтерге қатыса алады.

Сонымен қатар, университетте ғылыми-зерттеу тобы құрылды, ол қашықтықтан оқыту технологиялары жағдайында оқушылардың оқу процесін қабылдауын, бұл процесс оқу сапасына қаншалықты әсер ететінін, білім алушылардың өзін-өзі реттеу деңгейін және коммуникативтік мәдениетін анықтауды зерттейтін болады. ЖОО басшылығының айтуынша, қашықтан оқыту жүйесі мотивацияның жоғары деңгейін, өзін-өзі оқытудың дамыған дағдыларын және дербес жұмысты жоспарлауды, сондай-ақ университеттің ғалым-педагогтары білім алушыларға, мұғалімдерге ғана емес, ата-аналарға да психологиялық қолдау көрсетуді талап етеді.

ТарМПУ баспасөз қызметі