Жаңа сабақтар

Ақпараттық хат

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Республикалық шығармашылық байқауына қатысуға шақырамыз!

Ұйымдастырушы: «BILMNUR» баспа редакциясы
Мерзімі: 13 сәуір — 15 мамыр 2020 жыл аралығында өтеді.
Қатысушы жұмыстарын қабылдау: 13 сәуір 2020 жылдан басталады.
Байқауға қатысушылар: Байқауға мектепке дейінгі, жалпы орта және қосымша білім беру мекемелерінің білім алушылары қатыса алады. Продолжить чтение «Ақпараттық хат»

Жаңа сабақтар

Шынбергенова Кунимхан Кайырхановна

Ақтөбе обл.Әйтекеби ауданы. Талдысай селосы «Аққайың»МДҰ балабақшасының тәрбиешісі

Шынбергенова Кунимхан Кайырхановна

Білім беру саласы: Шығармашылық»

Бөлімдері : «Сурет» Сабақтың тақырыбы: «Әсем шарлар аспанда»

Мақсаты: Балаларға шар туралы түсінік беру, бояулар түстерімен таныстыру ойын арқылы түр-түсін ажырата білуге үйрету. Ақыл-ойларын, зейндерін, танымдық қабілеттерін арттыру. Қол шеберліктерін жетілдіру. Шардың әсемдік құралы екенін айта отырып, балаларды әдемілікті сүйе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: таңғажайып сәт , көрсету,түсіндіру, сұрақ-жауап, көңіл-күйді көтеру, мадақтау.

Сабақтың көрнекілігі: Шар суреттерінің үлгілері, (слайд) Продолжить чтение «Шынбергенова Кунимхан Кайырхановна»

Жаңа сабақтар

ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ ЕМТИХАНДАРЫ БИЫЛ ӨТКІЗІЛ МЕЙДІ

Қашықтан оқыту жағдайында бітірушілерді қорытынды аттестаттау пәндер бойынша жылдық бағалары негізінде жүргізіледі. ҚР Білім және ғылым министрлігі осындай шешім қабылдады. Аттестат пәндер бойынша жылдық бағалар негізінде беріледі. ҰБТ-ны өткізу мерзімдері өзгеріссіз қалады.

Қазақстанда енгізілген төтенше жағдай мен оқушылардың қашықтан оқыту түріне ауысуына байланысты Білім және ғылым министрлігі
9 (10) сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттау емтихандарын, ал 11 (12) сынып оқушылары үшін мемлекеттік қорытынды аттестаттау емтихандарын өткізбеу туралы шешім қабылдады.

«Біз сараптай келе осындай шешім қабылдадық. Тиісті өзгертулер Министрліктің бұйрықтарына енгізілді. Жекелеген емтихандар өткізілмейтін болады. Бұл оқу жетістіктерін қорытынды бағалаудың барынша әділдігін қамтамасыз етеді», – деп хабарлады Министрліктің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетсек, негізі 9 (10) сынып түлектерінің қорытынды аттестаттауы:

1) ана тілі бойынша жазбаша емтихан (оқыту тілі бойынша) – эссе түріндегі жазбаша жұмыс, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп оқушылары үшін мақала/әңгіме/эссе түріндегі жазбаша жұмыс;

2) математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан;

3) оқыту орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде жүргізілетін сыныптарда қазақ тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан және оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті пәнінен жазбаша емтихан;

4) таңдау пәні бойынша (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатикадан жазбаша емтихан ретінде өткізілетін.

11 (12) сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттау:

1) ана тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (оқыту тілі бойынша) эссе түрінде;

2) орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі бойынша тестілеу және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі бойынша тестілеу;

3) алгебра және талдау негіздері бойынша жазбаша емтихан;

4) Қазақстан тарихы бойынша ауызша;

5) таңдау пәні бойынша тестілеу (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/ француз/ неміс), информатикадан тестілеу түрінде жоспарланатын.

Айта кетерлігі, қазіргі уақытта Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу мерзімі өзгеріссіз қалып отыр. Түлектер Ұлттық тестілеу орталығының сайтында орналастырылған сынама тесттерін тегін пайдалана алады. Әр пән бойынша тестілеудің 70 бірегей нұсқасы ұсынылып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдан бері ҰБТ нәтижелері ЖОО түсуге және білім гранттарын иеленуге, ал қорытынды аттестаттау емтихандарының нәтижесі аттестат алу үшін қажет.

ҚР БҒМ баспасөз қызметі

Жаңа сабақтар

Әлімжан Гүлбану Темірханқызы

Әлімжан Гүлбану Темірханқызы

Ақтөбе облысы,Мұғалжар ауданы, Бұлақты ауылы

Бұлақты негізгі орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

«Ана-өмірдің шуағы»

Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу. Продолжить чтение «Әлімжан Гүлбану Темірханқызы»