NIS

ҚАШЫҚТЫҚТА ОҚЫТУ БАСТАУ АЛДЫ

ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНДЕ ЖАҢА ТОҚСАН ОНЛАЙН САБАҚПЕН БАСТАУ АЛДЫ

Еліміздің орта білім оқу саласында бүгін басталған жаңа тоқсанның ерекшелігі сабақтардың онлайн және қашықтық режимінде өтуі. Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектеп ұстаздары Microsoft Team платформада алғашқы сабақтарын өткізді. Оқу үрдісі қашықтықта өткенімен, онлайн сыныптар ашылып, балаларға тақырыптар, тапсырмалар,оқу құралдары сапалы түрде берілді.

Ата-аналар, оқушылар берген кері байланыстарында Зияткерлік мектепте қашықтық оқытудың жақсы ұйымдастырылғаны, ұстаздардың барынша онлайн мүмкіндіктерін пайдаланып, бағдарламаны жеткізгендері туралы өз пікірлерін білдіріп жатыр.

Продолжить чтение «ҚАШЫҚТЫҚТА ОҚЫТУ БАСТАУ АЛДЫ»

NIS

Оқушылар онлайн-мектеп партасында бас қосты

Бүгін еліміздің барлық мектептерінде оқытудың жаңа формасы – қашықтан оқыту жүйесі өз бастауын алды. Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектептің оқушылары ұстаздарымен және сыныптастарымен бірге әдеттегіден бөлек онлайн-мектеп партасында бас қосты. Балалар виртуалды режимде жүздесіп, оқу жылының жаңа белесі төртінші тоқсанның жалауын көтерді.

Халықаралық мектеп қашықтан оқытудың барлық қырларын зерттей келе, ең қолайлы нұсқасына тоқтады және бүгінгі күні ББМЖМС талаптары мен ХБ бастауыш және негізгі мектеп бағдарламаларының күтілетін нәтижелеріне сай келетін, сондай-ақ, орын алып отырған жағдайда балалардың оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ететін оқытуды құра білді. Продолжить чтение «Оқушылар онлайн-мектеп партасында бас қосты»