Жаңалықтар

Тіл саясатына нақты қандай реформа керек?

Бижомарт Қапалбек
Мемлекеттік тілді дамыту институтының
атқарушы директоры,
филология ғылымдарының кандидаты

Қазақ тілін реформалау керек деген ұсыныс айтылып қалды, жоғарғы жақтан, осы туралы ойыңызды білсек.

Реформа! Бұл белгілі бір нысанның қызмет ету, жұмсалу механизміне нормалық талаптар қою арқылы елеулі өзгерістер жасау дегенді білдіреді.

Тілдің, қазақ тілінің ішкі жүйесі әбден жетілген, сараланған, салаланған. Оның ішінде өзінің қатаң бұлжымас заңдары бар. Қазақ тілінің ережелері де орныққан. Тек тілдің өзінің қоғамдағы қызметін арттыру үшін, тілдің өзінің жұмсалу өрісін кеңейту үшін, мемлекеттік тіл ретінде өзіне тиесілі кеңістікте еркін тыныстауы үшін тілдің ішіне емес, тілдің қоғамдағы қызметін реттейтін тіл саясатына реформа жасау керек дегеніміз дұрыс болар.

Сондықтан да шығар тіл саласы бойынша соңғы қабылданған мемлекеттік бағдарлама «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» деп аталады. Бұған дейінгі мемлекеттік бағдарламалардың атауы «тілдерді дамыту мен қолдану» деп келетін. Ал енді Үкімет бекіткен осы соңғы мемлекеттік бағдарламаның атына затының сай келуі басқа мәселе. Продолжить чтение «Тіл саясатына нақты қандай реформа керек?»

NIS

КАРАНТИН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА КЕДЕРГІ ЕМЕС

Елімізде төтенше жағдай жарияланғалы мектеп оқушылары көктемгі каникулға жылдағыдан ертерек шығып, карантиндік режимде үй жағдайында оқшауланып отыр. Бұл ретте, әрине, баланың бос уақыты әдеттегіден екі есе артатыны жасырын емес. Сол себепті де баланың бос уақытын тиімді пайдалану әрі ұйымдастыру – осы күнгі педагогтар мен ата-ананың ең өзекті мәселесіне айналып отыр.

«Бос уақыт – шығармашылығымызды шыңдауға арналған мүмкіндік», — деп ұрандатқан Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектептің оқушылары үй жағдайында уақытты мазмұнды ұйымдастырудың құпиясымен бөлісті, — деп хабарлайды білім ордасының баспасөз қызметі.

Өнерлі оқушылар үй жағдайында патриоттық әуендерге мың бұрала би билеп, өнерлерін көрсетті. Олар билерін арнайы видеоға түсіріп, сүйікті ұстаздарымен бөліскен. Балалардың айтуынша, жалқаулану пен зерігу шығармашыл адамдарға тән әрекет емес. Шығармашылықты шыңдау үшін кез-келген жағдай мен орынға бейімделе білу керек.

  • Мектеп қабырғасында үйренген би қимылдарын балалардың есте сақтауы үшін қайталауы көңіл қуантады, бірақ олардың әлемді жайлаған пандемия кезінде халыққа қолдау көрсету мақсатында жасаған бұл әрекеттері таңғалдырды. Балалар патриоттық әуендерді, вирусқа қарсы шығарылған заманауи әндерді таңдап, бимен әрлеген, — дейді Халықаралық мектептің музыкалық-көркемдік жетекшісі Риза Рахимова.

Карантин уақытындағы бос кеңістікті толтыру, оқушылардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани әлемін байыту, таным көкжиегін кеңейту мақсатында кітап оқу, достарымен қарым-қатынас жасау, спортпен шұғылдану, тіл үйрену және т.б. шараларды жоспарлайтынымыз анық. Бұл тізімнен шығармашылықтың да ойып тұрып алар орны бар деп есептейміз. Мұны, Халықаралық мектептің оқушылары тағы бір мәрте дәлелдеді.

Сандуғаш КОЖИНА,
«Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектеп» «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы филиалының баспасөз хатшысы

Жаңалықтар

АРНАЙЫ САНАТТАҒЫ ОҚУШЫЛАР ТАПСЫРМАЛАРДЫ ҚАЗПОШТА АРҚЫЛЫ АЛАДЫ

ҚРБҒМ IV тоқсанда қашықтаноқытудың бірнешежолын ұсынып отыр. Атап айтсақ, радио және телеарналар арқылы өткізілетін сабақтар, білімберуинтернет-ресурстарынпайдалану, шағынжинақтымектептердегі дәстүрліоқытуформатыжәнетағыбірбағыт – «Қазпошта» арқылы.

Бүгін Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари мен «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов осы бағыттағы ынтымақтастық тетіктерін талқылады.

Еліміздегі кейбір елді-мекендерде мектеп те, Интернет те жоқ, сондықтан онда тұратын мектеп жасындағы балалар көрші ауылдарға көлікпен арнайы жеткізіліп отыратын. Енді пандемия кезеңінде оқу материалдарын мұғалімдерден оқушыларға, оқушылардан мұғалімдерге кері жіберу жұмыстарын ұйымдастыру қажет. Елімізде мұндай оқушылардың саны 20 мыңнан асады.

Аталған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында тараптар ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Осыған сәйкес оқушыларға арналған оқу материалдары «Қазпошта» АҚ пошта бөлімшелері арқылы жеткізілетін болады. Ата-аналарға пошта байланысы қызметі үшін төлем жасаудың қажеті жоқ.

Қашықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы оқуға мүмкіндігі жоқ оқушылар туралы деректерді облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармалары өкілдері ұсынады.

Айта кеткен жөн, шалғай елді-мекендерде өмір сүретін оқушыларға арналған оқу материалдары санитарлық қауіпсіздіктің барлық нормаларын сақтай отырып, жеткізілетін болады.

ҚРБҒМ баспасөз қызметі

NIS

Алматы қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бес оқушысы Назарбаев Университеттің студенті атанады

Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бірдей 5 оқушысы еліміздің беделді жоғары оқу орны — Назарбаев Университетіне шақыру алды. Болашақ түлектерге қуанышты жаңалық төртінші тоқсанның алдында келіп түсті. Олар — 12 сынып оқушылары Ілияс Кеңесхан, Арнұр Тазабеков, Сұлу Ынтымақ, Данабек Құрмет, Рукмини Байболова.

Продолжить чтение «Алматы қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бес оқушысы Назарбаев Университеттің студенті атанады»