Жаңа сабақтар

«Табиғаттың тылсым сыры»

Ғылыми жоба тақырыбы: «Табиғаттың тылсым сыры»

Жоба авторы: Түркістан қаласы Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясының

«3 А» — сынып оқушысы Жаппархан Қазына

Жетекшісі: Абдраева Айнұр

ПІКІР

Оқушының «Табиғаттың тылсым сыры» атты тақырыбындағы ғылыми жобасы табиғат туралы түсінік бере отырып, оның табиғи құбылыстары мен тылсым күштерінің маңыздылығы мен байланысын анықтаған, келешек ұрпаққа насихаттауды, үлгі етуді мақсат ете білген..

Зерттеу жұмысында оқушы табиғат құбылысының өзге де қажетті заттар іспетті адам үшін маңыздылығының бар екендігін анықтай білген.

Табиғат пен адам қатар ұғым, табиғатсыз адам , адамсыз табиғат өмір сүруі мүмкін еместігін айқындаған. Себебі адам өз керектісін, қажеттісін табиғаттан табиғи күйінде немесе өндіріп алады. Адам табиғаттың бір бөлшегі болып табылады. «Табиғатты қорғау, табиғатты сақтау болашақ жастардың қолында»-деп анық көрсеткен.

Жалпы алғанда ғылыми жоба өз дәрежесінде жасалынған деуге болады. Зерттеу жұмысының мазмұндылығы мен мәнділігін ескере отырып, жоғары дәрежеде бағалауға ұсынамын. Продолжить чтение ««Табиғаттың тылсым сыры»»

Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары жүргізілді

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының әскери қызметшілерімен әкімшілік және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша кездесу өтті. Аталған шара ҚР Қарулы Күштерінде әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайту бойынша «Армияда қылмысқа орын жоқ» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.

Жиынның басты мақсаты әскери қызметшілердің құқықтық білімін кеңейту, әскери ортада сыбайлас жемқорлықтың элементтерін жою, алдын алу шараларын күшейту болып табылады.

Алматы өңірлік гарнизоны Әскери полиция жасағының сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бөлімшесінің офицері әділет капитаны Рауан Саурық әскери институттың жеке құрамына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының негізгі талаптарын түсіндіріп, бейнежазбалар көрсете отырып, соңғы екі жылда орын алған сыбайлас жемқорлық деректерін жеткізді.

«Сыбайлас жемқорлықтың ешкімге абырой әпермейтіні айқын. Сондықтан әскери қызметшілерді қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылыққа жол бермеуге шақыру мақсатында кездесу өткіздік», — деді өз кезегінде әскери полиция жасағының өкілі әділет капитаны Р.Саурық. Шара соңында құқықбұзушылықтар орын алған жағдайда хабарласу үшін анықтама телефон нөмірі ұсынып, жадынама таратылды.

РЭжБӘИИ баспасөз қызметі

Жаңалықтар

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

БҮГІНГІ КҮННЕН БАСТАП ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШТІ

ҚР Үкіметінің қауіпсіздік шараларын күшейту, коронавирусты таратпау туралы қаулысына байланысты, сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрі тапсырмасы негізінде, Ректордың бұйрығына сәйкес 2020 жылдың наурыздың 16-нан бастап ТарМПУ қашықтықтан оқытуға көшті.

Университетте білім берудің барлық деңгейлері бойынша аудиториялық сабақтар қашықтық технологияларды қолдану арқылы ҚО және Moodle білім беру порталдарында жүзеге асырылады. Осы оқу бойынша мәліметтер білім беру порталдарында және университеттің ресми сайтында толық берілген. Сондай-ақ, бағалау журналын толтыру тәртібі оқытушы мен студент арасында қашықтықтан байланыс сақталған жағдайда өзгеріссіз қалады.

Бұрын жоспарланған барлық тәрбиелік іс-шаралардың өткізілуі тоқтатылып, отырыстар мен жиналыстарын өткізу шектелді. Оқытушылардың жұмыс тәртібі үйден онлайн сабақ өткізу мүмкіндігін бере отырып, еркін деп жарияланды. Құрылымдық бөлімшелердің жұмыс тәртібі сақталады.

ЖОО басшылығы айтуынша, бүгінгі таңда Интернет жүйелері толық режимде жұмыс істейді, сондықтан ЖОО-ның барлық электрондық ресурстарына қол жеткізу мүмкіндігі қамтамасыз етілген.

Әр түрлі себептерге байланысты үйлеріне кетпеген студенттерге университет тарапынан барлық жағдай жасалған, оның ішінде жатақханада тұру үшін. Ал оқу үдерісі бойынша тәлімгерлер университеттің CALL-орталығына 8 707 3204836 номеру бойынша хабарласа алады.

Айта кету керек, қалыптасқан жағдайға байланысты барлық шаралар университеттің академиялық саясатына сәйкес қабылданды.

ТарМПУ баспасөз қызметі

Жаңа сабақтар

Кенишбаева Карлыгаш Касымхановна

«Шоқан Улиханов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ « Еркетай» шағын орталықтың тәрбиешісі Кенишбаева Карлыгаш Касымхановна

Отбасы мен балабақша бірлестігі

Отбасы – адам баласы үшін ең жақын әлеуметтік орта. Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларды игереді. Сондықтан отбасылық өмір – жеке тұлғаның азамат болып өсуінің негізі.
Отбасы және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары – баланы әлеуметтендірудің маңызды екі мектебі. Мектепке дейінгі қызметкерлердің басты мақсаты – жеке тұлғаның қоғамдық өмірге қалыптастырып, баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Сондықтан оның іс-әрекеті отбасымен, балабақшамен тығыз байланысты. Бала тұлғасы, оның қызығушылығы, дамуы, тұлғалық әлеуетін ашу педагог пен отбасы арасындағы қатынас стратегиясының орталығы болып табылады. Ата-аналардың балаға деген қамқорлығы шексіз. Продолжить чтение «Кенишбаева Карлыгаш Касымхановна»

Жаңа сабақтар

Улданова Нүргүл Санатовна

«Б.Садырбайұлы атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ « Айгөлек » шағын орталықтың тәрбиешісі Улданова Нүргүл Санатовна

Балабақшада танымдық-шығармашылық ойындарды қолдану жолдары

Аңдатпа: Бұл мақалада балабақшада танымдық-шығармашылық ойындарды қолдану жолдары қарастырылады және ойын түрлеріне талдау жасалады.

Түйін сөз: [ойын], [ таным], [ шығармашылық.]

Балабақшадағы оқыту- тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту,сөздік қорларын молайту,ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген. Айналадағы әлемді ойын, еңбек,серуен, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде тәрбиешімен,ересектермен,құрдастарымен қарым-қатынас кезінде танып біледі. Осындай жетістіктерге жету үшін тәрбиеші алдында тұрған балаларды ертеңгі мектеп оқушысы деп қарап,баланың мінез-құлқын,сана-сезімінің жетілу дәрежесін таным үрдістерінің (түйсігі,қабылдауы,ес,ойлау,сөйлеу,зейінінің) дұрыс бағытта қалыптасып,дамуын қадағалап әрі дамытып отыру керек. Продолжить чтение «Улданова Нүргүл Санатовна»

Жаңа сабақтар

Мухамбетқалиева Гүлназ Қалиматқызы

Тақырыбы: «Қош келдің, Жаңа жыл!»

Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы біздер ертегі әлеміне келіп қалыппыз ғой, ендеше осы жерде Жаңа жыл мерекесін тойлайық.

Құрметті ата-аналар, қонақтар, « Ақниет» балабақшасының ұжымы мен кішкентай бүлдіршіндеріміз, сіздерді келе жаткан Жаңа жыл мерекесімен шын жүрегімізден құттықтаймыз! Жаңа жыл отбасыларыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке,қуаныш пен мереке алып келсін дейміз.

Ой, балалар, мында кім жүр? Продолжить чтение «Мухамбетқалиева Гүлназ Қалиматқызы»