Жаңалықтар

Алматы қаласы БҚКЖАА Humming Vue (Жапондық) екі жаңа жа санды өкпе вентиляциясы аппаратын алды

Алматыда Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы

жаңа 2 жасанды өкпе вентиляциясы аппаратын (ИВЛ) алды

Аппараттар Қазақстандағы COVID-19 ауруымен күресуге көмек аясында берілді

АЛМАТЫ, Қазақстан, 2020 ж. 31 наурыз – Бүгін «АЯЛА» қайырымдылық қоры «Өмір сыйлайық» жобасының аясында «Шеврон» компаниясының қаржылық қолдауымен Алматы қаласы Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына (БҚКЖАА) жалпы сомасы 71,8 млн теңгені құрайтын Humming Vue (Жапондық) екі жаңа жасанды өкпе вентиляциясы аппаратын Қазақстанда COVID-19 ауруымен күресу мақсатында тапсырды. Продолжить чтение «Алматы қаласы БҚКЖАА Humming Vue (Жапондық) екі жаңа жа санды өкпе вентиляциясы аппаратын алды»

Жаңа сабақтар

Слямова Эльвира Асхатқызы

Успех GOLD-8» ЖШС «Асыл бесік балабақша-бөбекжайының»

тәрбиешісі Слямова Эльвира Асхатқызы

Тақырыбы: «Епті, мықты, батылдар» спорттық сайысы

Сайыстың мақсаты: балаларды ұжымшылдыққа баулып, қимыл-әрекетке жаттықтыру;

Міндеті: Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру;

Түрі: эстафеталық ойын.

Өтілетін орны: Спорт алаңы.

Көрнекілігі: түрлі-түсті шарлар, кедергілер,кегли,сырғытпа ойыншық Продолжить чтение «Слямова Эльвира Асхатқызы»

NIS

НЗМ түлегі-әйгілі Лига плющаның екі университетіне шақырту алды

Халықаралық бакалавриат (IB) Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Аделина Елемесова плющ Лигасының екі бірдей университетіне оқуға түсті

Продолжить чтение «НЗМ түлегі-әйгілі Лига плющаның екі университетіне шақырту алды»
NIS

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ: АЛҒАШҚЫ БАЙҚАУ САБАҒЫ

Жақын күндері елімізде оқу жылының төртінші тоқсаны өз бастауын алады. 6 сәуірден бастап еліміздің барлық мектептері қашықтан оқытуға көшеді. Барша білім ордалары, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектеп оқытудың мұндай форматын алғаш рет жүзеге асырғалы отыр. Қазіргі уақытта мектептің барлық педагогикалық құрамы оқытудың осы форматына дайындық үстінде.

Қашықтан оқытудың барлық қырларын зерттей келе, Халықаралық мектептің оқу бөлімі ең қолайлы нұсқасына тоқтады. Бүгінгі күні ББМЖМС талаптары мен ХБ бастауыш және негізгі мектеп бағдарламаларының күтілетін нәтижелеріне сай келетін, сондай-ақ, орын алып отырған жағдайда балалардың оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ететін оқытуды әзірлеуде.

Продолжить чтение «ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ: АЛҒАШҚЫ БАЙҚАУ САБАҒЫ»
Жаңа сабақтар

МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫ ТӘРТІПТІК ЖАЗАҒА ТАРТЫЛДЫ

COVID-19 жұқтыру қаупін азайту бойынша шараларды күшейту аясында қабылданған ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес, 16 наурыздан бастап еліміздегі барлық педагогтер көктемгі демалыс уақытында қашықтық режимінде жұмыс істейді. Алайда, кейбір мектеп басшылары мұғалімдерді жұмысқа шығуға міндеттеген.

Мұндай жағдай, әсіресе, Түркістан және Алматы облыстарында бой алғаны анықталды. Ұстаздарды жұмысқа шақыртқан мектеп басшыларына тәртіптік жаза қолданылды.

Педагогтер әдістемелік және каникулдан кейінгі сабаққа дайындық жұмыстарын қашықтан атқаруы тиіс. Сондай-ақ, пандемия кезеңінде педагогтердің еңбек ақысы толық көлемде сақталады, яғни үйден жұмыс істеу ұстаздардың айлығына әсер етпейді.

БҒМ баспасөз қызметі

Жаңа сабақтар, Жаңалықтар

«Республикалық 45minut.kz» газеті – Ақпан/Наурыз айы 2020 ж | № 26-27 (242-243)

Жаңа сабақтар, Жаңалықтар

Қашықтықтан оқыту/Дистанционное обучение

ҚР БҒМ Вице-министрі: Шолпан Каринова: https://facebook.com/story.php?story_fbid=504061696931739&id=100019837397965

Құрметті ұстаздар, ата-аналар!
Бүгінгі күні коронавирустің таралуына қарсы күрес шараларын күшейту кезінде, 6 сәуірден бастап мектептер төртінші тоқсанды қашықтықтан оқыту форматында бастайды. Қазір балалар көктемгі демалыста. Мұғалімдер болса, балаларды жаңаша оқытуға дайындық үстінде. Оқушылардың демалысы кезінде мұғалімдер бұған дейін де өздерінің педагогикалық шеберлігін арттырумен айналысатын, әдістемелік қоржынын толықтырып, болашақ сабақтарына қажетті материал қарастыруда болатын.

Бүгінгі күні әдеттегі дайындыққа қоса мұғалімдер өз цифрлық құзіреттілігін күшейту бойынша жұмыс жасауы қажет. Қашықтық тәртіпте жұмыс жасауда мұғалімдердің жүйелік тәжірибесі жоқ екенін ескеретін болсақ, әрине, бұл оңай шаруа емес, және бұндай жұмыс бұрын талап етілмеген. Десек те, сабақ барысында мұғалімдер цифрлық білім беру ресурстарымен, электронды оқулықтармен, электронды журнал жүйелерімен бұған дейін де жұмыс жасайтын. Бұның өзі цифлық жүйеде жұмыс жасаудың қандай да бір тәжірибесі екені анық.

Қазіргі таңда мектеп әкімшілігі, әдістемелік бірлестік жетекшілері, ұстаздар өздері қашықтықтан оқытуға ауысу бағытында белсенді жұмыс атқаруда. Ең маңыздысы — осы мәселені дұрыс түсіну. Қашықтық сабақ – әдеттегідей қырық минут көлеміндегі сабақ емес. Қашықтық сабақтың әдіс-тәсілдері, қағидалары да басқа.
Осындай сын сәтте ұстаздарды күштеп жұмысқа тартып, онлайн-сабақтар жазуға мәжбүрлеп отыр деген орынсыз сұрақтар да туындамауы тиіс. Қазіргі жағдайда бұл мұғалімнің өзіне керек нәрсе, бұл мұғалім жұмысының жаңа шарты. Ең бастысы, оқушылар мұғалімнен қызықты, тартымды сабақ күтеді.

Құрметті ата-аналар, біріншіден, бұл мәселеге сіздер түсінікпен қарауларыңызды, балаға жаңа форматта оқу материалын игеруге көмек беріп, мұғалім мен оқушы арасындағы байланыстың орнауына ықпал етіп, қажетті нәтижеге жету үшін өз көмегіңізді беруді сұраймыз. Тек осылай, бірлесе жұмыс жасау арқылы біз оқу үрдісін дұрыс ұйымдастырып, балаларға қажетті білім мен құзіретін бере аламыз.
Кейбір мектептерде сапалы интернет мәселесі, мұғалімдер мен оқушыларда компьютердің болмауы, отбасында бірнеше бала болған жағдайда компьютерді пайдалану сұрақтары, дайын интернет-платформалардың жоқтығы түсінікті. Бұл сұрақтар, әрине, бар, олар жеке тұрғыда қарастырылады, оларды шешу жолдары анықталуда.

Білім және ғылым министрлігінде, аймақтық білім беру басқармаларында қашықтықтан оқыту жүйесін ұйымдастыру бойынша Жобалау офисі құрылып отыр. Пандемия кезеңінде оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша уақытша шаралар енгізген көршілес елдердің тәжірибесі, халықаралық тәжірибе зерделенді. Мектептер мен ұстаздар үшін тиісті ұсынымдар дайындалды. Ұстаздар үшін арнайы онлайн, теле-курстар, вебинарлар әзірленді.

Сонымен қоса, ұстаздар мен балаларға «Балапан» және «Ел-Арна» телеарналарында төртінші тоқсан басталсымен күнде 1-11 сынып оқушыларына аптасына бес күн сабақ өткізіледі. Қазір осы теле-сабақтардың арнайы түсірілімі жүргізілуде. Ол сабақтар мемлекеттік стандарт талаптарына, оқу бағдарламаларына сәйкес құрылған. Оқушылар үшін 2 мыңнан астам теле сабақ дайындалады. Бұған үлкен күш жұмсалуда. Нұр-Сұлтан қаласының, Назарбаев Зияткелік мектептерінің, республикалық, халықаралық және жеке мектептердің үздік ұстаздары еліміздің барлық балаларына сабақ береді.

Ұстаздарға тек қолдау қажет! Ұстаздар мен оқушыларға білім әлемінде жаңа асуларды меңгеру жолында табыс тілейміз!


Уважаемые педагоги, родители!
В условиях усиления мер борьбы с распространением коронавируса с 6 апреля школы начнут четвертую четверть в дистанционном формате. Сейчас каникулы и дети отдыхают. А учителя готовятся продолжать обучать детей теперь в новом формате. Впрочем, учителя на каникулах всегда работали над повышением своего педагогического мастерства, занимались пополнением методической копилки, подбирали материалы для будущих уроков. А сейчас наступило время, когда учителям привычную подготовку придется усилить и цифровыми компетенциями, перестроить работу в этом направлении. Да, это непросто, нелегко. Тем более у учителей школ нет системного опыта работы в дистанционном режиме. Этого от них и не требовалось. Но на уроках учителя работали с цифровыми образовательными ресурсами, с электронными учебниками, с системами электронных журналов. Пожалуй, это весь перечень того, чем в обычное время учителя пользовались. Надо признать, что это тоже определенный опыт.
Сейчас администрации школ, руководители методических объединений, сами педагоги ведут активную работу по подготовке к переходу на «дистанционку». Важно, чтобы было правильное понимание этого вопроса. Дистанционный урок- это не тот же школьный урок в сорок минут. Здесь другие подходы, другие принципы.
В столь непростое время не должно быть кривотолков и относительно того, что кто-то заставляет педагогов записывать онлайн уроки и другое. В создавшихся условиях это нужно и необходимо самому учителю, это новые условия его работы. Самое главное, ждут от него интересных уроков ученики.
В первую очередь, просим с пониманием отнестись родителей, помочь своему ребенку осваивать учебный материал в новых условиях, помочь учителю наладить необходимый контакт с учеником, вместе достигать нужных результатов. Только так мы сможем в это трудное время преодолеть сложности и организовать правильно учебный процесс, дать детям необходимые знания и компетенции.
Мы понимаем, что есть проблемы отсутствия качественного интернета у определенной части школ, отсутствия в домашних условиях компьютеров у некоторых детей и педагогов, есть случаи, когда в семье несколько детей, отсутствия готовых интернет -платформ. Все эти вопросы будут решаться индивидуально, видение по их решению уточняются.
Создан Проектный офис при Министерстве образования и науки, при региональных управлениях образования по организации дистанционного обучения. Изучен международный опыт, опыт соседних стран, в которых также ведется работа по временным мерам организации учебного процесса в период пандемии. Подготовлены рекомендации для школ, для педагогов. Разработаны специальные онлайн, теле-курсы, вебинары.
Кроме того, в помощь детям и педагогам на телевизионных каналах «Балапан» и «Ел-Арна» с начала четвертой четверти ежедневно пять дней в неделю будут транслироваться уроки для учащихся 1-11 классов. Сейчас каждый день идут специальные съемки этих теле-уроков. Более 2 тысяч теле -уроков будут подготовлены для детей. Они разработаны в полном соответствии ГОСО и учебных программ. Для их подготовки прикладываются немало усилий. Лучшие педагоги школ г. Нур-Султан, Назарбаев Интеллектуальных школ, республиканских, международных, частных школ будут вести уроки для детей всей страны. Нужна только поддержка педагогам!
Хочется пожелать удачи нашим дорогим детям и педагогам в постижении новых азов в мире знаний!
С уважением: Вице-министра образования и науки РК Каринова Шолпан Танатовна.

Жаңа сабақтар

Ильясова Гулзат

Қызылорда облысы, Қазалы қаласы

«Ақерке» бөбекжай-балабақшасының

тәбиешісі Ильясова Гулзат

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сурет

Тақырыбы: «Көлік»

Мақсаты: Көліктер жайлы түсініктерін кеңейту. Айналаны қоршаған ортадан көргендерін алған әсерлерін бейнелеу. Іс – әрекетінде бере білуге жаттықтыру. Тік төртбұрыш, дөңгелек пішіндерден тұратын заттық сурет дағдыларын қалыптастыру. Ұқыптылыққа әдеміліккке үйрету.

Белингвалдық компоненттері: Машина — көлік

Әдіс-тәілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, әңгімелесу, бағалау, қорытынды.

Көрнекілктер: ақ қағаз, түрлі түсті бояулар, қылқалам, су, қол сүрткіш

Пән аралық байланыс: коммуникация, әлеумет, таным, музыка.

Сөздік жұмыс: көлік, жүк көлігі, автобус, поезд. Продолжить чтение «Ильясова Гулзат»

Жаңа сабақтар

Менің сүйікті туындым

Аты жөні Жетекшісі Область

Қала, ауыл

Байқау номинациясы
1 Серикжан Диляра Дәуренқызы

Динара

ШҚО Семей қаласы

«Beby care» балабақшасы

Менің сүйікті туындым
2 Дәуренқызы

 

Аружан

Дәуренқызы

Динара

ШҚО

Абай ауданы Сарыжал ауылы

Менің сүйікті туындым
3 Марат Нурислам Дәуренқызы

Динара

ШҚО Семей қаласы

«Бөбек» балабақшасы

Менің сүйікті туындым
Жаңа сабақтар

Оқушылар шығармашылығы

Аты жөні Жетекшісі Область

Қала, ауыл

Байқау номинациясы
1 Сериккан Амирхан Курлубаев Бекзат

Ерланович

ШҚО Кокпекті ауданы Кокпекті ауылы «Шуақты Шұғыла» Балабақшасы Наурыз жыл басы
2 Рамазан Дарья Курлубаев Бекзат

Ерланович

ШҚО Кокпекті ауданы Кокпекті ауылы «Шуақты Шұғыла» Балабақшасы Менің сүйікті туындым
3 Қажет Дарья Курлубаев Бекзат

Ерланович

ШҚО Кокпекті ауданы Кокпекті ауылы «Шуақты Шұғыла» Балабақшасы Наурыз жыл басы
Жаңа сабақтар, Жаңалықтар

ҚР БҒМ ұсынатын білім ресурстары. Образовательные ресурсы, рекомендуемые МОН РК

Каникул уақытында және карантин жағдайында Сізге төменде келтірілген білім беру ресурстары қажет болады

В период каникул и в условиях карантина Вам пригодятся нижеприведенные образовательные ресурсы

Продолжить чтение «ҚР БҒМ ұсынатын білім ресурстары. Образовательные ресурсы, рекомендуемые МОН РК»

Жаңа сабақтар

ТарМПУ шеберлері коронавирустың алдын алу мақсатында тегін маска тігуде

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде, еліміздегі коронавирустық инфекцияның шығуына байланысты, қайырымдылық көмек және қала тұрғындарына қолдау көрсету акциясы ұйымдастырылды.

Белгілі болғандай, көптеген елдер медициналық маскалар мен қажетті өнімдерді өз аумағынан тыс жерлерге шығаруға тыйым салды, бұл олардың тапшылығына алып келді. Осыған орай, сондай-ақ КВИ таралуының алдын алу және болдырмау мақсатында, ТарМПУ оқу шеберлері қолда бар мүмкіндіктерді ұтымды пайдалана отырып, арнайы медициналық маскаларды тегін тігетінін ерекше атап өтті.

«Біздің мақсатымыз — маскаларды барынша көп тігу, оларды қажет ететін адамдарға тегін тарату. Қазіргі таңда бір бөлігі университет қызметкерлеріне таратылды. Бұдан әрі қала тұрғындарын, әсіресе қарт адамдарды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз», — деді ректор Ержан Әмірбекұлы.

Жоғары оқу орны басшысының айтуынша, қазір жеке қауіпсіздік шараларын, әсіресе қоғамдық көлікте, адамдар көп жиналатын жерлерде сақтау маңызды. Сондай-ақ, университет қызметкерлері мен волонтерлері тұрғындарды жауапкершілік танытуға, масканы міндетті түрде пайдалануға және коронавирустық инфекция кезінде барлық сақтық шараларын сақтауға шақырады.

ТарМПУ баспасөз қызметі

Жаңа сабақтар

Омарова Вера Юрьевна

Қарағанды облысы №11 ОМ КММ Шұнқыркөл ауылы

шағын орталығы «Балбөбек» Тәрбиеші

Омарова Вера Юрьевна

Ұйымдастырылатын оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

№ 5 «Балбөбек» ІІ-кішкентайлар тобы

Білім беру саласы: Таным

Күні, айы, жылы: 15.03.2020ж

Бөлімдері: Қағазбен құрастыру

Тықырыбы: Қошақан

Мақсаты: үй жануарлары жайында білімдерін толықтыру, қошақанды жолақ қағаздармен жасауға, ұқыпты жұмыс істей білуге үйрету.

Көрнекілік құралдар: үлестірмелі суреттер, ойыншық қошақан, әр балаға жолақ қағаздарды орайтын қарындаштар, жолақ қағаздар т.б.

Сөздік жұмыс: бұйра жүнді қошақан, орау, ширату т.б. Продолжить чтение «Омарова Вера Юрьевна»