Жаңа сабақтар

СЫНАҚ КІТАПШАЛАРЫ АЛЫНЫП ТАСТАЛДЫ

Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған қағаз сынақ кітапшалары алынып тасталды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен студенттердің, магистранттар мен докторанттардың сынақ кітапшаларын алып тастау бойынша бұйрық әзірленді. Бұл оқу үрдісін жеңілдетіп, бюрократияны айтарлықтай төмендетеді.

Бүгінгі таңда еліміздің жоғары оқу орындарының ақпараттық жүйесінде, кейін транскриптте белгіленетін, студенттердің, магистранттар мен докторанттардың оқу жетістіктерінің тарихи деректері жүргізіліп жатады. Транскрипт студенттің сұранысы бойынша оқудың кез келген кезеңінде беріледі.

Бұл жаңалық 604 345 студент, 35 690 магистрант және 6 363 докторантқа қатысты. Айта кеткен жөн, бір сынақ кітапшасының құны орташа есеппен 380 теңгені құрайды. Жалпы, цифрландыру заманында барлық білім беру жүйесі біртіндеп онлайн-форматқа көшуде.

ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

Жаңа сабақтар

«ӘКЕШІМ, АСҚАР ТАУЫМ»

Мектепте оқып жүрген кезімде, қазақ тілі пәнінен Аймаханбетова Фатима апайымыз жыл сайын, жаңа оқу жылдың басында «Менің жанұям», «Жазғы демалысым» атты шығарма жазуға тапсырма беретін. Берілген шығарманы сыныптастарым қиналып жазатын болса, мен мектептен келе сала, шығармамды әкеме айтып, өзім көшеге ойнауға кететінмін.

Даладан ойнап-ойнап келемін де, әкемнің жазып берген шығармасын көшіріп алып, ертесіне мектепке барып өзім жазғандай етіп, апайға және сыныптастарыма оқып беріп, 5 деген баға алып кететінмін. Продолжить чтение ««ӘКЕШІМ, АСҚАР ТАУЫМ»»

Жаңа сабақтар

Есболова Илмира Жолдасовна

Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, № 9 «Ақбота» бөбекжайының
2-санатты тәрбиешісі Есболова Илмира Жолдасовна

  • Тақырыбы: Көктем келді.
  • Тақырыбы: «Жарқыра, сиқырлы шырша»
  • Тақырыбы: «Балабақша тәрбиешісінің ПОРТФОЛИОСЫ»
  • Тақырыбы: Жануарлар әлемі, қоянға арналған сый.
  • Тақырыбы: Мектепке дейінгі балалардың тілін ертегілер арқылы дамыту.

Сілтеме: https://drive.google.com/drive/folders/1ZYdHkq1ghP4ynXesA29HJbvIQRiNy_9k?usp=sharing

Жаңа сабақтар

Нурмаханова Аққыз Ильгерибасовна

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қаражота ауылы Б.Момышұлы атындағы

орта мектеп КММ. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Нурмаханова Аққыз Ильгерибасовна

Қысқа мерзімді жоспар

Мектеп: Еңбекшіқазақ ауданы

Б.Момышұлы орта мектеп КММ

Мұғалім аты-жөні Нурмаханова Аққыз

Ильгерибасовна

Сабақтың тақырыбы: Шынықсаң шымыр боласың
Сынып: 5-сынып
Күні: Қатысқан оқушы саны: Қатыспағаны:
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары Т/А 3.Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну,негізгі және қосымша ақпаратты анықтау.

Ж.2.Жанрлық ерекшеліктеріне сай рәсімделуі мен құрылымын сақтап,хат,жарнама,хабарлама құрастырып жазу.

ӘТН.4.Жұрнақ арқылы жасалған туынды және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану. Продолжить чтение «Нурмаханова Аққыз Ильгерибасовна»