Жаңа сабақтар

«Ұстаздар өздеріне тиесілі жалақыны дұрыс алула ры керек»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тамыз конференциясында берген тапсырмасы аясында алдағы төрт жыл ішінде педагогтардың жалақысы екі есеге артады. Осылайша 2020 жылғы қаңтардан бастап педагогтың жалақысы 25%-ға артып отыр. Ал, қабылданған «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес сынып жетекшілігі, дәптерлерді және жазбаша жұмыстарды тексергені үшін қосымша ақылар мөлшерлерін екі есе арттыру қарастырылған.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің сөзіне қарағанда, кейбір мұғалімдер бухгалтерия тарапынан жалақы асырылып не болмаса кем беріледі деп жатады. «Осы орайда, педагогтардың жалақысын есептеу мәселесі өзекті болып отыр. Бұл ретте облыстық білім басқармалары мен аудандық білім бөлімдерінің басшыларына сәйкесінше тапсырмалар берілді. Ұстаздар өздеріне тиесілі жалақыны дұрыс алулары керек»,- деді А. Аймағамбетов «Қазақстан» ұлттық телеарнасына берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылғы 31 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Педагог мәртебесі туралы» Заңға қол қойған болатын. Ендігі кезекте 2020 жылдан бастап заңды іске асыру кезеңіне көшу басталды. Жалпы заңнамалық құжат 21 баптан тұрады.

Жаңа сабақтар

«Директорлар өз жалақыларын 2 есе арттыру мүмкіндігіне ие»

«Педагог мәртебесі туралы» Заң 21 баптан тұрады және жарты миллионнан астам педагогтың мүдделерін қамтамасыз етеді. Заң нормалары мектепке дейінгі, орта, кәсіптік және техникалық білім беру, қосымша білім беру, мамандандырылған, арнайы білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің педагогтарына қатысты.

Солтүстік Қазақстан және орталық Қазақстанда директорлар мен олардың орынбасарларының тапшылығы мәселесі туындап отыр. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым Министрі Асхат Аймағамбетов журналистерге берген сұхбатында айтты. «Директорлар үшін жай ғана мұғалім болып істеген ыңғайлы. Директорлардың жауапкершілігі жоғары және қағазбастылық көп, балалармен жұмыс істеу деңгейі де өзгеше. Бар мәселе – ынталандыруда, яғни директорлардың айлығы мұғалімдердің айлығынан төмен. Осы орайда жалақыны 2 есеге арттыру директорлар мен олардың орынбасарларына да қатысты болмақ. Ендігі кезекте директорлар өз шеберліктеріне байланысты санаттарға бөлініп, өз жалақыларын 2 есеге, яғни 100 пайызға арттыру мүмкіндігіне ие. Директорларды да қолдайтын боламыз»,- деді ведомство басшысы А. Аймағамбетов.