Жаңа сабақтар

Әскери қызметшілерге коронавирустен сақтану шаралары түсіндірілді

Қытайдың Ухуань қаласынан кенеттен шығып, бүкіл әлемге тарала бастаған коронавируске қарсы сақтық шаралары Қазақстанда да күшейтілуде. Осыған орай, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының әскери қызметшілеріне қауіпті індеттің таралу жолы, оның симптомдары мен одан сақтану шаралары түсіндірілді.
«Тыныс алу жолдарының инфекциясын тудыру арқылы адамнан адамға жылдам берілетін бұл жұқпалы вирус – жаңа коронавирус індетінің қоздырғышы болып табылады. Қазіргі таңда тарап жатқан вирус инфекциясы әлі толық зерттеліп біткен жоқ, түрлі сынақтар жүргізіліп жатыр, әзірше оған қарсы дәрі де, вакцина да жоқ», — деді Алматы қалалық №15 емханасының эпидемиолог дәрігері Жадыра Райханова.
Дәрігердің айтуынша, бұл респираторлық инфекция ауамен таралады, тыныс алу жолдары арқылы, сондай-ақ түшкіргенде, жөтелгенде, осы сырқатты жұқтырған адамды ұстағанда жұғады.
Медицина маманының айтуынша бірқатар ережелерді ұстану арқылы адам вирустық инфекцияның жұғуынан сақтана алады. Айтап айтқанда қолды жиі сабындап жуу, медициналық маска тағып, оны 2 сағат сайын ауыстырып отыру, адам көп жиналған жерлерге бармау, жуылмаған жеміс-жидектерді, шикі сүт өнімдерін, шала піскен ет тағамдарын жемеу.
«Кәсіби медицина маманын шақырып, кездесу өткізу арқылы әскери институттың жеке құрамына қауіпті індеттің белгілері, таралуы туралы толық ақпарат бердік. Аталған індетке қарсы сақтық шараларымен таныстырдық. Әр адам өз иммунитетін көтеріп, жеке бастың гигиенасын сақтау арқылы кез келген аурудың алдын алады», — әскери институттың медицина қызметінің бастығы майор Ғалым Ташимов.
Шара соңында әскери қызметшілер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

РЭжБӘИИ баспасөз қызметі

Жаңа сабақтар

Сарсенгалиева Алия Галиуллиевна

БҚО, Бәйтерек ауданы, Достық ауылы
«Достық» ЖОББМ. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Сарсенгалиева Алия Галиуллиевна

  • The theme of the lesson: «Music»
  • Lesson title: Means of communication
  • Сабақтың тақырыбы:Watching TV. Films.
  • Тақырыбы: Жаңартылған білім беру мазмұны аясында ағылшын тілін оқытудың ерекшеліктері

Материал сілтемесі: https://drive.google.com/drive/folders/1mAp7ifWPG4gBCPqArr7e56XpOooBW1Ib?usp=sharing

Жаңа сабақтар

ФОРУМ БАҒДАРЛАМАСЫ

Құрметті Ұстаздар! «ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМГЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» Республикалық ғылыми практикалық форумға хош келдіңіздер!

Ұйымдастырушы: Республикалық 45minut.kz газеті мен Республикалық «Білім жолы Нұрлы жол» журналы редакциясының құрылтайшысы Қаламгер ТЕН ЖШС.

Ақпараттық қолдау: «Матрица» қоғамдық, ақпараттық порталы

Білім мекемелерінде үш тілді оқыту жүйесі, бірыңғай мектеп формасы, 12 жылдық білім беру стандарттары тақырыптарын БАҚ беттерінде ұстаз, ата-ана арасында түсіндіріп, пікірлесу қазіргі заман талабы қажет ететін маңыздылығы бар. «Ашықтық қағидаты» шеңберінде білім беру саласының барлық қызметкерлері үнемі құзыреттіліктері мен білімдерін жетілдіріп отырулары заманауи қажеттілік.

Республикалық ұстаздар форумы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында өткізілетін іс-шара болып өтеді. Форум жұмысында баяндама оқып, іс тәжірибесімен бөлісу үшін Алматы қаласынан және өңірлерден 100-ден астам ұстаздар тікелей қатысуда. 300-ден астам ұстаздар форум жұмысына белсенділік танытып, қашықтан қатысуда.

Бұл форумның ерекшелігі, ұстаздар бастамасымен әлеуметтік желі арқылы ұйымдастырылып, барлық ұйымдастырылу жұмыстарын ұстаздардың көмегімен жүзеге асуында. Көпшілік болып белсене атсалысу нәтижесінде Форум топтамасының бірінші жинағы баспадан шықты. Топтаманың электронды нұсқасы редакция сайтында жарияланды. Топтаманың екінші жинағы 10 ақпан күні баспадан шығады. Продолжить чтение «ФОРУМ БАҒДАРЛАМАСЫ»

Жаңа сабақтар

2021 жылдан бастап жоғары оқу орындары жеке үлгіде гі диплом бере бастайды

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттерімен кездесті. Кездесу барысында білім және ғылым министрі педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттерін мектептерге жұмыс істеуге шақырды.

Білім және ғылым министрлігінің басшысы 2021 жылдан бастап жоғары оқу орындарының мемлекеттік үлгідегі емес, жеке үлгідегі (әскери және арнайы оқу орындарын қоспағанда) диплом беруі туралы норма күшіне енетінін айтты. Бұл жоғары оқу орындары арасындағы бәсекелестікті арттырып, ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасына қатысты жауапкершіліктің өсуін қамтамасыз етпек.

А. Аймағамбетовтің айтуынша, енді жұмыс берушілер дипломға емес, түлектің құзыреттеріне көбірек көңіл бөледі. Жұмысқа орналастыру кезінде жоғары оқу орнының беделі мен имиджі басты рөл атқаратын болады. «Студенттер мен олардың ата-аналарын ЖОО таңдауда мұқият болуға шақырамыз. Сонымен қатар, келесі аспектілерге назар аударуды ұсыну қажет: — әлемнің үздік жоғары оқу орындары рейтингісінде ЖОО-ның позициясы — QS және «Атамекен» ҰКП рейтингісінде білім беру бағдарламалары; — ЖОО мәртебесі мен академиялық беделі; — ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасы», — деді Асхат Аймағамбетов.

Білім беру қызметтерін бағалауға әсер ететін әрі еңбек нарығы ұсынып отырған негізгі факторларға — ЖОО түлектерінің жұмысқа орналасу пайызы және олардың еңбек нарығында сұранысқа ие болуы, ЖОО-ның аккредиттеуден өтуі, білім беру бағдарламаларының өзектілігі және тағы басқалары.

Заңнамаға сәйкес студенттерге қысқы және жазғы каникул кезінде бір ЖОО-дан екіншісіне ауысу мүмкіндігі берілгендігін айта кеткен жөн.

Бүгінгі таңда ҚР Білім және ғылым министрлігі еліміздің жоғары оқу орындарында білім беру саласындағы заңнаманың сақталуына тексеру жұмыстарын жүргізуде. Заңнама талаптарының бұзылуы және сапасыз білім беру қызметтерін ұсыну фактілері анықталған жағдайда жоғары оқу орындарын лицензиядан айыру немесе тоқтата тұру бойынша шаралар қабылданады.

ҚР БҒМ баспасөз қызметі