Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде биология аптасының өтуіне байланысты 7 сыныптар арасында биология пәні мұғалімдерінің ұйымдастырумен Алматыдағы Қазақ Мемлекеттік Әл- Фараби атындағы ұлттық университетінің биология мұражайына экскурсия сабағы өткізілді. Сабақта ұлттық университетінің биология мұражайы директорының орынбасары, биология ғылымының кандидаты Қылышбай Сәтімбекұлы Мұсабеков бірегей мұражай туралы әңгімеледі. Әңгіме барысында оқушыларға ҚазҰУ-дың биологиялық мұражайының тарихынан бастап қәзіргі кезге дейінгі дамуы туралы әңгімелеп берді. Продолжить чтение «Мұражайдағы биология сабағы»