Жаңа сабақтар

Редакция БАҚ — Бұқаралық ақпарат құралы

Құрметті Ұстаздар! Редакция тарапынан ұйымдастырылған форум, семинар тақырыптарына қызығушылық білдіріп, тіркелген, қатысатын, ақпарат тарататын барлық ұстаздарға алғыс білдіреміз.

Редакция жұмысында іс-шараларға тікелей қатысу, қашықтан қатысу туралы көптеген сұрақтар болады. Сондықтан, нақты жауап жазуды жөн көрдім. Және өткен жылдарда өткізілген шаралардың сілтемесін салдым. Ол жерде кеңірек жазылған ақпаратпен және ұстаздар пікірлерімен таныс боласыздар.

Ең бірінші және маңызды жағдай: Редакция білім министрлігі, білім басқармасы, білім мекемесі емес. Сондықтан, Ұстаздардың кәсіби жұмысын бағалау, сараптау жұмысына баға бере алмайды. Ұстаздың кәсіби жұмысын бағалайтын әріптестері және білім бөлімдері.

Екіншіден: Редакция БАҚ — Бұқаралық ақпарат құралы. Яғни, ұстаздың тәжірибесін, жетістігін көпшілікке жариялаушы, таратушы ақпарат құралы. Ақпарат тарату Интернет сайт, әлеуметтік желі, Газет, Журнал, т.б белгілі жүйелер арқылы жасалады.

Редакция ұйымдастырған іс шараларға қатысудың бірнеше форматы нақтыланды және тәжірибеде жүзеге асырылуда. Ұстаздарға сапалы қызмет жасалуы үшін, білім мекемесінде қызмет ететін ұстаздар тарапынан «Тілшілер» тағайындалып, қызмет атқаруда.

Тікелей қатысу: Іс шараларға тікелей қатысу және ақпараттармен танысу, білу, таратылым жасау.
Қашықтан қатысу: Іс шаралардың ақпараттарымен танысу, білу, таратылым жасау. Қашықтан қатысу үшін әлеуметтік желі және электронды почта құралдары пайдаланылады.
Баяндама оқу, іс тәжірибемен бөлісу: Іс шара кезінде қатысушылар алдында тәжірибесімен бөлісу.
Ақпарат тарату: Редакция ақпараттарын Ұстаздар арасында белсенді таратушы, түсіндіруші. Ақпарат тарату жұмысын үйренген ұстаздар «Редакция Тілшісі» болуға мүмкіндік алады.

Марапаттау және қорытынды құжаттар:

  • Іс шараға Интернет форма арқылы тіркелген ұстаздардың барлығына «Қатысушы сертификаты» беріледі. Электронды почтаға жіберіледі.
  • Тіркелмегендерге Қатысушы сертификаты берілмейді.
  • Іс шараның топтама жинағына жарияланған барлық қатысушыларға топтама жинақ, алғыс хат, топтама дипломы беріледі.
  • Іс шарада баяндама оқып, тәжірибесімен бөліскен ұстаздарға «Баяндама дипломы» беріледі.
  • Ақпарат тарату қызметіне қатысып, белсенді болып, үздік нәтиже көрсеткен ұстаздарға «Төсбелгі» беріледі.

Қосымша ақпараттар:
https://45minut.biz/?p=116771 — Ұстаздар пікірлері.

https://45minut.biz/?p=116751 — Түркістан сапары немесе Редактордың семинар туралы пікірі

https://45minut.biz/?p=117470 — Семинар қалай өткізіледі немесе Қостанай облысы, Таран ауданында өткізілген семинар туралы Редактор пікірі

Ақпарат тарату туралы: https://45minut.biz/?p=132822

Ақпарат тарату қалай есептеледі: https://45minut.biz/?p=132833

Маңызды ескерту: Келдім, қатыстым, ештеңе алмадым деген реніш болмау үшін Форум күні «сағ 9.00 регистрация» — деген ескі форматтағы тіркелу болмайды. Қатысушы сертификаттары барлық тіркелгендерге электронды почтаға жіберіледі.

Ұсыныс, пікірлерге ашықпыз. Барлығымызға сәттілік.