Жаңа сабақтар

Еліміздің 30-дан астам жоғары оқу орны стипендия көлемін 25%-ға арттырды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жастар жылының жабылу салтанатында 2020 жылдың қаңтарынан бастап жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің стипендиясы 25 пайызға көтерілетінін мәлімдеді. ҚР Білім және ғылым министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау бойынша шаралар қабылдады.

Бүгінгі таңда еліміздің 30-дан астам жоғары оқу орны студенттердің стипендиясын 25%-ға жоғарылатты. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан колледж студенттеріне стипендия төлене бастады. Осылайша 179 мың ЖОО студенті мен 136 мың колледж студенті стипендиясының көлемі артады.

Айта кеткен жөн, бакалавриат студенттерінің стипендиясы 20 949 теңгеден 26 186 теңгеге дейін, интернатура – 37 945 теңгеден 47 431 теңгеге дейін, магистратура – 53 530 теңгеден 66 913 теңгеге дейін, докторантура – 81 998 теңгеден 102 498 теңгеге дейін өсті. Колледж студенттерінің стипендиясы 16 759 теңгеден 20 948 теңгеге артты.

ҚР БҒМ баспасөз қызметі

Жаңа сабақтар

Сот Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университе тті лицензиясынан айырды

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2019 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының сақталуына екі рет тексеру жүргізілген болатын. Алайда ЖОО ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі комитеттің ұйғарымын орындамаған.

Осыған байланысты Комитет университетті білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензиядан айыру үшін сотқа жүгінді. 2020 жылдың 9 қаңтарында Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік соты комитеттің нұсқамасын қанағаттандырып, жоғары оқу орнын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдады (шешім әлі заңды күшіне енген жоқ).

Осыған байланысты Министрлік оқуды жалғастыру үшін студенттерді басқа жоғары оқу орындарына ауыстыру жөнінде шаралар қабылдайтын болады. Осы мақсатта жұмыс тобы құрылды. Аудару заңнамаға сәйкес демалыс уақытында жүзеге асырылады.

ҚР «Білім туралы» Заңының 42 бабы 2 т. сәйкес білім беру ұйымы білім беру қызметімен айналысуға лицензиясынан айырылған немесе таратылған жағдайда оның құрылтайшысы (құрылтайшылары) білім алушыларды оқуын жалғастыру үшін басқа білім беру ұйымдарына ауыстыруға шаралар қолданады.

2020 жылдың 1 ақпанына дейін ҚР БҒМ-мен қабылданған шешім бойынша қосымша хабарланатын болады.

Студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасына назар аударуларыңызды сұраймыз.

Жоспардан тыс тексеру қорытындысы бойынша Университеттің білім беру қызметінде өрескел бұзушылықтар анықталған болатын. Атап айтқанда, талапкерлерді шығармашылық емтихандарсыз, 086-У нысанындағы медициналық анықтамасыз, ҰБТ сертификатының түпнұсқасынсыз және бейінді пәндерді есепке алмай қабылдау фактілері анықталған. Сондай-ақ, сабақ кестесін сақтамау фактілері анықталды.

ҚР БҒМ баспасөз қызметі

NIS

МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАР АЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

«Интеллектуал – 2050» халықаралық қоры Болгар ғылым академиясының «Математика және информатика» институтымен әріптестігі шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектепте математика пәні мұғалімдеріне арналған «О конструктах в международных исследованиях постижениях по математике PISA и TIMSS и Европейской референтной рамке о ключевых компетенции» тақырыбындағы халықаралық семинар мен шеберлік сабағын өткізді – деп хабарлайды «Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектеп» «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы филиалының баспасөз хатшысы Сандуғаш Кожина. Продолжить чтение «МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАР АЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ»

Жаңа сабақтар

Абдулла Наргиза Сатыбалдықызы

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Созақ ауылы

Науаи атындағы ЖОББ мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі

Абдулла Наргиза Сатыбалдықызы

Lesson plan

Unit of a long term plan School: Nauayi Secondary school
Date: 08.11.2019 Teacher name: Nargiza Abdulla
CLASS: 7 Number present: absent:
Lesson title Expressing interest
Learning objectives(s) that this lesson is contributing to (link to the Subject programmes) 7.S5 keep interaction with peers to negotiate, agree and organise priorities and plans for completing classroom tasks

7.L5 recognise the opinion of the speakers in supported extended talk on a range of general and curricular topics

7.C6 organise and present information clearly to others Продолжить чтение «Абдулла Наргиза Сатыбалдықызы»

Жаңа сабақтар

Маликова Шынар Есимханкызы

Түркістан облысы, Арыс қаласы «№ 8 В.Комаров атындағы ЖОББМ» КММ

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Маликова Шынар Есимханкызы

Unit of a long term plan:

Unit 5 Our Health. Lesson plan 49

School: №8 by V.M. Кomarova
Date: 9 January 2020 Teacher’s name: Malikova Shynar
CLASS: 6 “A” Number present: absent:
Lesson title Activities in and out of school
Learning objectives(s) 6.C9 use imagination to express thoughts, ideas, experiences and feelings

6.L1 understand a sequence of supported classroom instructions

6.S1 provide basic information about themselves and others at sentence level on an increasing range of general topics

6.S6 communicate meaning clearly at sentence level during, pair, group and whole class exchanges Продолжить чтение «Маликова Шынар Есимханкызы»