Раиса Қадырқызы — Steppe World & Publishing баспасының негізін қалаушы. Моңғолияда туып, көп жыл Таяу Шығыс, Ұлыбритания, Германия мен Нидерландта тұрған. Каирдағы Америка университетінде саясаттану және гуманитарлық бағыттар, Лондон университетінде шығыстану, Ерасмус университетінде қаржылық менеджмент саласы бойынша білім алған.

2016 жылы баспа ісіне ден қойып, Джулия Дональдсонның «Ақын қоян» және «Груффало», Эрик Карлдың «Қомағай жұлдызқұрт», «Анна Франктің күнделігі» кітаптарын қазақ тіліне аударған. Қазір Джоан Роулингтің Гарри Поттер кітабын баспаға дайындап жатыр.
Steppe World & Publishing баспасы көбіне балалар әдебиетімен жұмыс істейді. Баспада «елу пайыз — балалар әдебиеті, қырық пайыз — ересектерге арналған көркем әдебиет, он пайыз — мотивациялық кітаптар» деген ережені басшылыққа аламыз. Болашақта ұжымымыз кеңейсе, кітаптарға бөлінген үлестің пайыздық көрсеткіштері де өзгеретін шығар. Бірақ балалар әдебиетін сол 40-50 пайыздық деңгейден түсірмейміз. Балалар әдебиеті — баспа жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып қалады. Өйткені біздің басты мақсатымыз — қазақ тілінде сөйлейтін ұрпақ қалыптастыру.
Мақаланың толық нұсқасы: https://the-steppe.com/lyudi/garri-potterdi-aza-sha-s-yletken-k-sipker сайтынан оқып, танысуға ұсынамыз !